Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 456 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Спорт командаларын даярлау орталығы - «Ұшқын - Искра» спорт клубы».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов