Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,
Әділбек Рыскелдіұлы төрағаның орынбасары,
Елемесов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Омархан Көптілеуұлы Әскери-техникалық саясат департаменті
бастығының міндетін уақытша атқарушы, хатшы,
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Жанар Сейдахметқызы және сауда министрі,
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы
Қырғызбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Болат Исатайұлы комитеті төрағасының орынбасары - Шекара
қызметінің директоры (келісім бойынша),
Мұхамедияров - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы»
Марат Елжасұлы акционерлік қоғамының президенті (келісім
бойынша);
мына:
«Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы сауда министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
төрағаның орынбасары»;
көрсетілген құрамнан Ахметов Серік Нығметұлы, Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Ыбыраев Азамат Болатұлы, Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы, Ноғаев Аюхан Төлеутайұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
3-тармақ 2) тармақшадағы «әзірлеу» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) пайдаланылмайтын қару-жарақты өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу»;
7-тармақтағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қорғаныс министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов