Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлік тауарларын отандық тауар өндірушілерден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 17 мамырдағы
№ 423 қаулысымен 
бекітілген    

Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік
тауарлардың тізбесі

р/с

Атауы

1

Ұн (барлық түрлері)

2

Нан, нан-тоқаш өнімдері

3

Макарон өнімдері

4

Жармалар (қарақұмық, сұлы, майда, арпа, күріш)

5

Кондитерлік өнімдер

6

Ішетін сүт, кілегей

7

Сары май және өсімдік майлары

8

Ашыған сүт өнімдері

9

Ет (жас, консервіленген), ет өнімдері

10

Шұжық өнімдері

11

Тауық жұмыртқасы

12

Тұз, оның ішінде йодталған ас тұзы

13

Алкогольсіз сусындар; шырындар; ыдысқа құйылған ауыз суы