Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:
8-тармақтың екінші абзацындағы «47» деген сандар «32/1» деген сандармен ауыстырылсын;
14-тармақта:
1) тармақшадағы «әлеуметтік саясатты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 95) тармақшамен толықтырылсын:
«95) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.»;
15-тармақта:
5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел мемлекетінің тасымалдаушыларының жүріп өтуіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы аумағынан шетел мемлекетінің тасымалдаушыларының шығуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7), 8), 41) тармақшалар алынып тасталсын;
62) тармақшада:
«жүзу құқығына» деген сөздер «жүзу құқығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құқығына рұқсаттар беру» деген сөздер «туралы шешім қабылдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«86) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде, жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, талап етілетін сапаның сақталуын қамтамасыз ету;»;
93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«93) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсаттық жүйе талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;»;
95) тармақша алынып тасталсын;
96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«96) көліктік бақылау посттарында, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалар шекарасы шегіндегі немесе басқа елді мекендер пункттеріндегі автомобиль жолдарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылауды жүзеге асыру;»;
100) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 159) тармақшамен толықтырылсын:
«159) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
3-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов