Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 13 мамырдағы
№ 409 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі
кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1199, 2012.02.01 № 182 Қаулыларымен.

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындау (іске асыру) үшін жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1. Қаржы секторының қызметін жетілдіру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар (2010 - 2012 жылдар)

1.1

Қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша),
АӨҚОА (келісім бойынша), Қаржымині

2010 жыл

Талап етілмейді

1.2

Қаржы ұйымдарына қатысты қаржылық левередж коэффициенттерін, сыртқы міндеттемелердің қаржы ұйымдарының жиынтық міндеттемелеріне шекті арақатынасын, берілген кредиттердің депозиттерге арақатынасын белгілеу

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етілмейді

1.2-1

Зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерінің сапасын қолдау мақсатында салымшылар үшін зейнетақы активтерін басқару тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жетілдіру

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша), Еңбекмині

2010 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

1.3

Жекелеген сақтандыру шарты және (немесе) сыныбы бойынша меншікті ұстаудың сараланған лимиттерін енгізу, резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарына берілген қайта сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі бойынша лимиттерді қайта қарау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы  ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді

1.4

Мына:
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мемлекеттік кепілдікпен немесе кепілгерлікпен жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тарту тетігін жетілдіру; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында шығарылған бағалы қағаздар бойынша эмитенттің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының шығындарын өтеу тетіктерін енгізу;
мемлекеттің (даму институттарының) кепілдігі тетігін енгізу жолымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін жақсарту бөлігінде заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ЭДСМ, ИЖТМ, Қаржымині, Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша)

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді

1.5

Исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде мыналар арқылы:
исламдық сақтандыруды енгізу;
исламдық банктер және құралдар үшін салықтық режимді жетілдіру;
исламдық депозиттерге кепілдік беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді

1.6

Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөнінде кеңес құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді

1.7

Жеке тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері бойынша ең жоғары кепілдік берілген өтеу мөлшерін белгілеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰБ (келісім бойынша), «КДКҚ» АҚ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.8

Қазақстанда мамандандырылған салалық банктерді құруға тыйым салуды енгізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.9

Қаржы ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2010 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

1.10

Қаржы институтының жүйелілігін немесе жүйе құрушылығын айқындау әдістемесін әзірлеу

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.11

Қаржы ұйымдарының күмәнды операцияларды жасауына қатысты алдын алу шараларының мониторингі, анықтау мен қабылдау жөнінде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган, құқық қорғау органдары және өздерінің құзыреті шегінде қаржылық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимылды және үйлестіруді күшейту

Бірлескен бұйрық

ҚМК, ҰҚК (келісім бойынша), ЭСЖҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.12

Кредиттік бюро қызметін, оның ішінде кредиттік тарихтардың бірыңғай деректер базасын құру;
кредиттік бюро меншігінің құрылымы мәселелерін қарастыру;
кредиттік бюролардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар қабылдау; кредиттік бюроға ұсынылатын ақпарат тізбесін кеңейту арқылы жетілдіру және оның шынайылығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша)

2010 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

1.13

Қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету және қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты жария ету жөніндегі шараларды, оның ішінде қаржы институттарында стресс-тестілеу нәтижелері, жүйелік күйзелістер туындаған жағдайда іс-шаралардың жоспарлы кешені, инвестициялау стратегиясы және портфельдің құрылымы (зейнетақы қорларына қатысты) туралы ақпаратты тарату жөніндегі шараларды қабылдау арқылы жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010 - 2011 жылдар

Талап етілмейді

1.14

Макропруденциалдық реттеу жүйесін ұйымдастырудың және мемлекеттік органдардың оны іске асыру барысындағы өзара іс-қимылының рәсімдері мен тәртібін енгізу

ҚҚА Басқармасының қаулысы және ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етілмейді

1.15

Трансшекаралық қаржы ағындарының мониторингіне жататын жүйелік маңызы бар қаржылық және қаржылық емес компаниялардың тізбесін айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жыл

Талап етілмейді

1.16

Базель II жаңа
ұсынымдарын
зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.17

«Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың және даму институттарының бағалы қағаздарын шығару және Қазақстан қор биржасында орналастыру

Бағалы қағаздарды орналастыру, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.18

Даму институттары мен екінші деңгейдегі банктер, лизингтік және сақтандыру компаниялары, ҚҚҚ-ға кіретін венчурлік және инвестициялық қорлар арасында қаржы ұйымдары қызметтерінің прейскуранты туралы, отандық та, шетелдік те инвестицияларды тарта отырып, ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚҚҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.19

Жоғары оқу орындарының оқытушыларын, студенттерін, қаржы ұйымдарының жұмыс істейтін бухгалтерлерін, ҰБ, ҚҚА қызметкерлерін ХҚЕС бойынша оқыту және олардың біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

ҰБ бюджеті шеңберінде

1.20


ХҚЕС-ті қолдану мәселелері бойынша қаржы ұйымдарының мамандарына әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсету


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2011 жылдар


Талап етілмейді

1.21


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жаңа резервтік орталығын құруға байланысты қажетті іс-шаралар өткізу


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2014 жылдар


Талап етілмейді

1.22


Қазақстандық және шетелдік қаржы институттарын қатыстыра отырып, «ҚБЕО» РМК сервистік бюросының SWIFT-ін одан әрі дамыту жөнінде, сондай-ақ SWIFT жүйесін Қазақстанның төлем жүйелерімен ықпалдастырудың ықтимал жолдарын зерделеу және енгізу жөнінде жұмыс жүргізу


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2011 жылдар


Талап етілмейді

1.23


Қолданыстағы төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымын жетілдіру және жаңғырту, сондай-ақ олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2011 жылдар


Талап етілмейді

1.24

Сақтандыру қызметтерінің тұтынушыларын және халықты сақтандыру ұйымдары ұсынатын қызметтер мен сақтандыру өнімдері туралы, сондай-ақ олардың қаржылық жай-күйі туралы хабардар ету

ҰБ-ға ақпарат

ҚҚҚ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.25

Ықпалдастық бірлестіктерге қатысушы елдердің ақша-кредит және валюта саясаты саласындағы заңнамасы туралы жүйелі түрде ақпарат алмасуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.26

Өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.27


Қазақстандық теңге бағамының күрт ауытқуын жеңілдету мақсатында өзгермелі айырбас бағамының басқарылатын режим саясатын жалғастыру


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2011 жылдар


Талап етілмейді

1.28


Ішкі нарықта МБҚ шығарудың жыл сайынғы болжамдық жоспарын әзірлеу және жариялау


Қаржыминінің, «ҚҚБ» АҚ-ның веб-сайттарында жариялау


Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)


Жыл сайын 1 қаңтарға дейін


Талап етілмейді

1.29


Микроқаржылық ұйымдардың кәсіби қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін көмекші қызметтер мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҚМҚҰҚ (келісім бойынша), ЭДСМ


2010-2011 жылдар


Талап етілмейді

1.30


Экономикалық конъюнктураның жай-күйін және күтілетін өзгерістерді және экономиканың нақты секторының қаржы жағдайын бағалаудың барабарлығын арттыру мақсатында кәсіпорындарды (салалық және аумақтық бөліністе) іріктеудің көрнекілігін арттыру


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2011 жылдар


Талап етілмейді

1.31


Ақша-кредит саясатын ағымдағы жүзеге асыру үшін тікелей бағдарлар ретінде қорытындылайтын индикаторларды әзірлеу


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2011 жылдар


Талап етілмейді

1.32


ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің жалпы төлем-есеп айырысу жүйесін құру жөніндегі іс-шараларға қатысу


Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат


ҰБ (келісім бойынша)


2010-2014 жылдар


Талап етілмейді

2. Қаржы секторын дағдарыстан кейін ретке келтіру (2011 - 2014 жылдар)

2.1

Инвестициялық банкингтің қызметі және операцияларын реттеуді күшейту

Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.2

Зиянды және қауіпті өндіріс түрлерінде жұмыс берушілердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

Еңбекмині, ЭДСМ, ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.3

Банкроттық, оның ішінде кепілдік берілген рәсімдер кезінде кредиторлардың басымдығын айқындау мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

2.4

Жеке тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

Қаржымині, Әділетмині, ЭДСМ, ҰБ (келісім бойынша)

2013 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.5

Мемлекеттік сектордың активтері мен міндеттемелерін басқару стратегиясын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

ЭДСМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

2.6

Халықтың жинақ ақшасын тарту үшін қосымша құралдарды енгізу және дамыту

 Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

2011 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.7

Меншік иесі (бенефициар) туралы, сондай-ақ шетелде орналасқан (тіркелген) активтерге ауыртпалықтың болуы туралы ақпараттың айқындылығын қамтамасыз ету

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.8

Қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынылатын ақпараттың аясын кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қаржымині

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.9

Қаржы ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптарды жоғарылату

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.10

Банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігін бағалауды оның ішінде мыналар арқылы:
қаржы ұйымдарының баланстан тыс міндеттемелеріне байланысты тәуекелдерді шектеу;
оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалармен өзара іс-әрекетке қатысты қаржы ұйымдарын реттеуді жетілдіру;
динамикалық провизияларды және резервтерді қалыптастыру арқылы жетілдіру

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.11

Банктердің өтімділігін жоғалту тәуекелін реттеуді, оның ішінде қосымша сандық нормативтерді белгілеу арқылы жетілдіру

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.12

Бөлшек төлемдік қызмет көрсету нарығының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.13

Ертерек ден қою шараларының жүйесін, оның ішінде қаржы ұйымдарының сыртқы міндеттемелерінің жиынтық міндеттемелеріне шекті арақатынасының, берілген кредиттердің депозиттерге арақатынасының мониторингі шеңберінде жетілдіру және стресс-тестинг рәсімдерін оңтайландыру

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.14

Күрделі қаржы құралдарын реттеуді жетілдіру, оның ішінде мыналар арқылы:
шығаруға рұқсат етілген туынды қаржы құралдарының тізімін белгілеу;
туынды қаржы құралдарының айналысына және ақпараттың жария болуына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу;
капиталдандыру және қорландыруға қатысты шектеулердің мақсаттары үшін құрылымдық өнімдерді пайдалануға тікелей тыйым салуды белгілеу;
ұйымдаспаған нарықтарда айналыста жүретін қаржы құралдары бойынша шектеулерді белгілеу;
алыпсатарлық сипаты бар туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша қаржы ұйымдарының тәуекелдерін барынша азайту

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша), ЭДСМ

2012 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.15

Исламдық қаржы құралдарын реттеуді жетілдіру

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.16

Банктік конгломераттарды реттеуді және қадағалауды мыналар арқылы жетілдіру:
топты пруденциалдық реттеу;

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

басқа елдердің қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды дамыту

Меморандумдар жасасу


ҚҚА (келісім бойынша)

тұрақты түрде

2.17

Қаржы ұйымдарының капиталына шетелдің қатысуын шектеуді енгізу туралы мәселені қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.18

Қаржы нарығындағы дауларды реттеудің балама институты - қаржы омбудсменін құрудың орындылығын қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.19

Қаржылық қызмет көрсету стандарттарын және қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қызметтерді алу процесінде туындайтын шағым-талаптарын қарау тәртібіне қойылатын талаптарды енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.20

Инвесторлардың алдында бағалы қағаздар эмитенттерінің және лицензиаттардың қызметі және қаржылық жай-күйі туралы, оның ішінде акционерлік қоғам жасайтын мәмілелер туралы ақпаратты жария ету бойынша талаптарды енгізу

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.21

Акционерлік қоғамды корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде:
тәуелсіз директорларды сайлау тәртібіне қойылатын талаптарды арттыру;
қаржы ұйымдарына тәуелсіз директорларды номинациялау құқығын уәкілетті органға беру;
қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің және ірі акционерлерінің жауапкершілігін және оларға қойылатын талаптарды арттыру, оның ішінде мінсіз іскерлік беделді айқындау өлшемдерін жетілдіру;
"аффилиирленген тұлғалар" санатын кеңейту;
қаржы ұйымдары басшыларын бонустық жүйесін реттеуде жетілдіру жөніндегі шараларды енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына өткізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.22

Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында қатысушы банктердің күнтізбелік жарналарды төлеу жүйесін жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), «ҚДКҚ» АҚ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.23

Жинақтаушы сақтандыруды қоса алғанда, сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру жүйесіне тартылған сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) аясын кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша), Еңбекмині

2011 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.24

Өмірді жинақтаушы сақтандыруға, оның ішінде зейнетақы аннуитеттерін, жұмыс берушінің жауапкершілігімен байланысты аннуитеттерді мемлекеттік кепілдік беру жүйесін енгізу мәселесін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша), ЭДСМ, Қаржымині, Еңбекмині

2011 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.25

Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) болдырмау рәсімдерін жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚМК, ЭСЖҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.26

Қаржы ұйымы, оның клиенттері мен акционерлері арасында мүдделер қақтығысы болған жағдайда туындауы мүмкін проблемалық мәселелерді реттеуге бағытталған қаржы ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби этикасының үлгі кодексін әзірлеу және қаржы ұйымдарында енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.27

Аудиторлық ұйымдардың халықаралық аудит стандарттарын сақтауын және аудиторлардың біліктілігін арттыруын бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині

2011 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.28

Қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын аудиторлық компанияларға қойылатын талаптарды қатаңдату

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.29

Мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымын оңтайландыру, қаржы нарығындағы кірістілік ауытқымасын құру мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.30

Манипуляциялық мәмілелерге, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы инсайдерлік ақпаратты пайдалану мен таратуды бақылауды күшейту

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2013 жылдар

Талап етілмейді

2.31

Қаржы ұйымдарында басшылық лауазымды иелену және олардың капиталына қатысу құқығынан өмір бойынша айыру практикасын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.32

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйіне және беделіне айтарлықтай нұқсан келтіруге алып келген қызметті жүзеге асыруына шек қою не тыйым салуды енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰБ (келісім бойынша), ЭСЖҚА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.33

Эмитенттердің «қара тізімін» қалыптастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.34

Қаржы құралдарының әділ құнын айқындау әдістемесін жетілдіру, сондай-ақ институционалдық инвесторлардың портфельдеріндегі жекелеген қаржы құралдарының құнсыздану жүйелерін бір ізге түсіру

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 - 2012 жылдар

Талап етілмейді

2.35

Қымбат металдармен белсенді биржалық саудаға бөгет болатын кедергілерді жою

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), ЭДСМ, Қаржымині, ИЖТМ

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

2.36

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеуді жетілдіру (RBS,  Solvensy II жүйесін енгізу)

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011-2012 жылдар

Талап етілмейді

3. Қаржы секторын реттеудің жаңа халықаралық тәсілдеріне өту
(2012 - 2014 жылдар)

3.1

Қаржы ұйымдарының инвестициялық портфелінің құрылымына және сапасына контрциклдық қағидатты енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

3.2

Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық портфельдерін иммунизациялау әдістерін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

3.3

Бағалау қызметінің халықаралық стандарттарын енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы

Әділетмині

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

3.4

Кәсіби бағалаушылардың жауапкершілігін қатаңдату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

Әділетмині

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

3.5

Нарықтық қағидаттарды және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының мүмкіндіктерін барынша кеңінен пайдалана отырып әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша)

2012 - 2014 жылдар

Талап етілмейді

3.6

Жинақтаушы зейнетақы қорларының шоттарын енгізу есебінен ақша-кредит статистикасын институционалдық қамтуды кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2014 жыл

Талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ВАК          - Заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық
               комиссия
ҚМК          - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық
               мониторинг комитеті
ҰБ           - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЭДСМ         - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
               министрлігі
Қаржымині    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині   - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ИЖТМ         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
               технологиялар министрлігі
Еңбекмині    - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
               қорғау министрлігі
ҰҚК          - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП           - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЭСЖКА        - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
               сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
               полициясы)
«ҚДКҚ» АҚ    - «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»
               акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
               акционерлік қоғамы
«ҚҚБ» АҚ     - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы
ҚҚҚ          - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды
               тұлғалар бірлестігі
ҚМҚҰҚ        - «Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы»
               заңды тұлғалар бірлестігі
ХҚЕС         - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
МБҚ          - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
               мемлекеттік бағалы қағаздары.