Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 374 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде:
      5-тармақта:
      1) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы құрылымдарында және шаруа (фермер) қожалықтарында ұсталатындарды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түрі) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері).»;
      6-тармақтың үшінші абзацындағы «чипты терінің астына енгізу жолымен» деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтағы «литерлік» деген сөз «сандық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      18-тармақтың 3) тармақшасындағы және 21-тармақтың бірінші абзацындағы «немесе таңба салуды» деген сөздер алып тасталсын;
      20-тармақтағы «, таңба салу» деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
      Ауыл шаруашылығы жануарларының литерлік кодтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды
      1 - ірі қара мал
      2 - қой мен ешкі
      3 - шошқа
      4 - жылқы
      5 — түйе»;
      көрсетілген Ереженің 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 30 сәуірдегі
№ 374 қаулысына     
қосымша        

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру ережесіне 
2-қосымша       

Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жапсырмалардың
нысандары

(Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

      Ірі жануарларға арналған жапсырмалардың бет жағында штрих код болуы тиіс. Штрих кодпен жануардың жеке нөмірі кодталған.
      Таңбаның мөлшері: кәрі мал үшін - биіктігі 8 см, ені 5 см; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см, ені 3 см. Ыстықпен таңбалау үшін ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм жалпақ тегіс темірден таңба дайындалады. Суықпен таңбалаған кезде стандартты өлшемдегі сан пайдаланылады.