Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамдарына мыналар енгізілсін:
Арал теңізі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы бойынша:
Нұртаев - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
Рзақұл Сәденұлы
Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша:
Ромашов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Юрий Төлегенұлы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің
төрағасы, төраға;
Рақымбеков - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
Төлеутай Сатайұлы
Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары, Ертіс өзені және Қ. Сәтпаев атындағы канал бойынша:
Қанатбаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Мәулен Серікұлы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті
Зайсан-Ертіс, облысаралық балық
шаруашылығы, бассейндік инспекциясының
бастығы;
Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша:
Дәукенов - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары
Болат Асылұлы
көрсетілген құрамдардан Сүлейменов Асхат Зайниддинұлы, Сәрсемалиев Ғилман Әміржанұлы, Дүйсебаев Асылбек Жексенбайұлы, Қабдығали Мират Қабдығалиұлы, Исмұратов Мереке Отарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов