Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 354 Қаулысы

Жаңартылған

       «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 354 қаулысымен  
бекітілген    

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш»
бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және
(немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2010 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.

2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне 2009 — 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш»
бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе)
сатып алуға 2010 жылға кредит беру тәртібі

      2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2010 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
      3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің 2-тармағы орындалғаннан кейін «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысының 35-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 8968499000 (сегіз миллиард тоғыз жүз алпыс сегіз миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) береді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.05 № 1156 Қаулысымен.
      4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) қарыз алушыларға кредиттер «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 5 (бес) жыл 6 (алты) ай мерзімге сыйақының нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі.
      5. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі өзге де шарттар кредиттік шартта белгіленеді.