Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 350 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 302-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:
      53-тармақта «бала» деген сөз «жаңа туған баланы (балаларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      90-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «ҚАЖ қызметкерлеріне кәсіби даярлығының деңгейіне және мамандығы бойынша дербес жұмыс өтіліне карай Министр айқындайтын тәртіппен сыныптық біліктілік беріледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов