Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру ережесінде:
5-тармақтың екінші абзацындағы «жеті жүз» және «елу» деген сөздер «алты жүз» және «қырық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов