Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 Қаулысы

Жаңартылған

      Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына    
1-қосымша       

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің
құрамы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 705, 2012.01.13 N 41, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы         төраға

Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы           бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төрағаның орынбасары

Келімбетов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы           орынбасары, төрағаның орынбасары

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Марат Әпсеметұлы          және сауда вице-министрі, хатшы

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Бақыт Тұрлыханұлы         Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Дауылбаев               - Қазақстан Республикасының Бас
Асхат Қайзоллаұлы         прокуроры (келісім бойынша)

Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы         халықты әлеуметтік қорғау министрі

Айтжанова               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы       интеграция істері министрі

Исекешев                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы           және жаңа технологиялар министрі

Әбдірахымов             - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Ғабидолла Рахметоллаұлы   қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасы

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы          монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы       - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
                          және сауда министрі

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы        шаруашылығы министрі

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы       министрі

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы        ғылым министрі

Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы

Ертілесова              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Жәннат Жұрғалиқызы        штаттан тыс кеңесшісі

Пизиков                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Сергей Валерьевич         штаттан тыс кеңесшісі, USADI Прагма
                          корпорациясының Қазақстан бойынша жобасының
                          директоры (келісім бойынша)

Бобров                  - "Нұр Отан" халықтық демократиялық
Владимир Яковлевич        партиясының хатшысы (келісім бойынша)

Шөкеев                  - «Самұрық-Қазына» үлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы          акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)

Бейсенғалиев            - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Берік Тұрсынбекұлы        акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы

Аханов                  - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы         кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Баталов                 - «Қазақстан кәсіпкерлері форумы»
Райымбек Әнуарұлы         қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
                          кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Жандосов                - Қазақстан экономистері қауымдастығы
Ораз Әлиұлы               Қамқоршылық кеңесінің төрағасы (келісім
                          бойынша)

Мырзахметов             - «Атамекен» Одағы Қазақстан ұлттық
Абылай Исабекұлы          экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                          бірлестігінің Басқарма төрағасы -
                          Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
                          палатасының президенті (келісім
                          бойынша)

Қожасбай                - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы         палатасы президумының төрағасы
                          (келісім бойынша)

Құрбанбаева             - «Қазақстан кәсіпкерлері форумы»
Гүлнар Төретайқызы        қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі
                          кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Мәндиев                 - Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер
Ержан Оразбекұлы          кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Мерғалиев               - Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер
Серік Ролланұлы           кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Бауыржан Кеңесбекұлы      палатасы Үйлестіру кеңесінің мүшесі
                          (келісім бойынша)

Смағұлов                - Қазақстан Ұн тарту одағы Құрылтай кеңесінің
Нұрлан Еркебұланұлы       төрағасы (келісім бойынша)

Құлыбаев                - "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және
Тимур Асқарұлы            энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы"
                          заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы
                          (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысымен   
бекітілген     

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес қызметінің мақсаты жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 № 711 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      4. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-ахуалды жақсарту:
      - лицензиялау-рұқсат беру жүйесін жетілдіру және оңтайландыру, е-лицензиалауды енгізу;
      - шағын және орта кәсіпкерлікті тексерулерді қысқарту және реттеу мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру, тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу;
      - шағын және орта кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қабылдау;
      - «Doing Business» (бизнесті жүргізу жеңілдігі) Дүниежүзілік Банкінің есебінде ұсынылған көрсеткіштерді жақсарту;
      2) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру;
      3) кәсіпкерлікті дамытуға және оларды ресурстық қамтамасыз етуге байланысты республикалық және жергілікті бағдарламаларды үйлестіру;
      4) кәсіпкерлікті қорғау және кәсіпкерлік саласындағы қылмыстық, әкімшілік заңнаманы жетілдіру;
      5) кәсіпкерлік саласындағы экономикалық саясат мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдармен, республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті бейіндегі мамандарын, отандық және шетелдік сарапшыларды тартуға, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіру үшін жұмыс топтарын (штабтар) ұйымдастыруға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасарларының бірі орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      8. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес отырысының күн тәртібін жасайды;
      2) Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      10. Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады.
      11. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
      12. Кеңестің отырысын төраға өз бастамасы бойынша, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы бойынша не Кеңес мүшесінің бастамасы бойынша Кеңеске қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.
      13. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      14. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
      15. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
      16. Кеңестің отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. «Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысы.
      2. «Дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 539 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1123 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 322-құжат).