Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
15-тармақтың екінші абзацындағы «тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін» деген сөздер «отыз тәуліктен, ал Кеден одағы елдерінің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімдерге ұзартылуы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен дипломатиялық арналар арқылы шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарын қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов