«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
РҚАО-ның ескертпесі!
1-бөлімге өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметенің 2010.07.13 № 711 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Бағдарламаның «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
атауы
Әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
негіздеме инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
(бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19
наурыздағы № 958 Жарлығы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрлігі
Бағдарламаның Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу
мақсаты және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың
шикізаттық емес секторларында өңірлік
кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін
қамтамасыз ету
Бағдарламаның 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
міндеттері 2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету
4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту
Іске асыру 2010 - 2020 жылдар
мерзімі
Нысаналы Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру
индикаторлары мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол
жеткізілетін болады:
жыл сайын кредиттерді жалпы сомасы кемінде
400 млрд. теңгеге арзандату;
2015 жылға:
ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің
үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;
жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың
үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту;
шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші
өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде
43 %-ына ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде
1,5 есеге ұлғайту
Қаржыландыру 2010 жылға арналған республикалық бюджетте
көздері мен көлемі 30 млрд. теңге көзделген. Республикалық
бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге
арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру
кезінде нақтыланады
2. Кіріспе
РҚАО-ның ескертпесі!
2-бөлімге өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметенің 2010.07.13 № 711, 2010.08.03 № 783 Қаулыларымен (жариялануға жатпайды).
Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
Бағдарлама шеңберінде ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған кредиттер субсидияланбайды;
уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.
Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі - кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар субсидиялауға жатпайды.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттік ресурстарының құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстарды берудің қолжетімділігі мен жеделдігін ұлғайту мақсатында банктердің ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен қаржы агенті арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:
Мемлекеттік комиссия - «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;
өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК);
уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші - іске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімі айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны жергілікті жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
қаржы агенті - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырды:
пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде банктерге қаржы қаражатын аудару;
Бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру;
борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарына берілетін материалдар бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу;
кредиторлар комитеті - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын комиссия;
өтінім беруші - Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі кәсіпкер;
қатысушы - Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Банктің, ӨҮК-тің немесе Мемлекеттік комиссияның оң шешімі бар кәсіпкер;
борышкер - кредит(тер) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсіпкер.
РҚАО-ның ескерпесі!
12-ші бөлікке өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 Қаулысымен (өзгерту енгізілмеген).
Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.
Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.
Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.
Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:
қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.
Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсіпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.
Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.
Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:
темен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);
кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады);
алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);
үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс).
Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Sprind агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.
Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы
индикаторлары мен нәтижелері 4.1 Бағдарламаның мақсаты
Ескерту. 4-1-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
4.2 Нысаналы индикаторлары
Нысаналы индекаторлар:
жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді арзандату;
2015 жылға:
ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;
экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;
шикізат емес экспорт көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.
2020 жылға дейін индикаторлардың сандық көрсеткіштері кейіннен Бағдарламаға толықтырулар енгізіле отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша айқындалады.
4.3 Міндеттері
РҚАО-ның ескертпесі!
4.3-бөлімге өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметенің 2010.07.13 № 711, 2010.08.03 № 783 Қаулыларымен (жариялануға жатпайды).
Ескерту. 4-3-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4) Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.
Қойылған міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.
Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:
өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;
өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны;
өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің өсуі;
мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгі келісімдер жасалады.
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.
Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес).
Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген секторлары шеңберінде әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, өздерінің басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында жарияланады.
Сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін, 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер субсидиялауға жатады.
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.
Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
2010 жылы пайыздық ставканы субсидиялау банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:
өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12 %-ға дейін төмендететін, оның 7 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.
Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі
1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.
2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.
3. Өтінім беруші банктің оң шешімімен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.
4. ӨҮК жобаны Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалар тізбесін субсидиялау шарттарымен бірге тиісті банктерге, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.
6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші олар бойынша қабылданған шешімдермен қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба, Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.
7. Кредиттеу бойынша банктердің және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана кепілдік беріледі.
Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс.
Кәсіпкерлерге кепілдік тегін беріледі.
Кепілдік берілетін кредиттің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды.
Өтінім беруші жобаны іске асыруда қаражатының қатысуын жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.
2010 жылы кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:
өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды.
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі
1. Өтініш беруші банкке өтініш береді.
2. Банк жобаның кешенді сараптамасын жүргізеді және өтініш беруші ұсынған кепілдік мүлікті бағалау туралы қорытындының негізінде өтініш берушінің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қаржыландыру туралы не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда банк сұралған қарыз сомасына сүйене отырып, кепілдіктің қажетті мөлшерінің есептеу көрсете отырып, өтініш берушіге хат береді.
3. Өтініш беруші қажетті кепілдік мөлшерінің есебі бар банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.
5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші (мақұлдаған/қайтарылған) Уәкілетті органға өтініш берушілер бойынша ӨҮК хаттамасын жібереді.
7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне және тиісті банктерге ӨҮК хаттамасын жібереді, сондай-ақ өтініш берушіні жобасы ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
8. Уәкілетті орган (мақұлдаған/қайтарылған) өтініш берушілер бойынша ӨҮК-нің хаттамасын қарауды жүзеге асырады және ӨҮК шешімін келіседі. Келісу нәтижесін тиісті хатпен жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушіге жібереді, көшірмесінде қаржы агенті мен банкті көрсетеді.
9. Банк жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден ӨҮК-нің хаттамасын алғаннан кейін кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды қаржы агентіне жібереді.
10. Қаржы агенті кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған және Уәкілетті органнан ӨҮК шешімін келісу туралы хатты алған жағдайда қаржы агенті банкке кепілдік алдындағы хатты жібереді.
11. Банк және өтініш беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенті және өтініш беруші кепілдік шартына қол қояды.
12. Қаржы агенті өтініш берушінің жобасы бойынша кепілдік бергеннен кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне ақы төлейді.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылымды салу мен қайта жаңартуға бағытталуы мүмкін: жолдар, кәріз, газдандыру, су таратқыш, бу құбыры, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.
Қаражат бөлу салуға немесе қайта жаңартуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі
Жеткіліксіз өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қолдау мынадай тәртіппен көрсетілетін болады:
1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі ӨҮК-ге енгізіледі.
3. ӨҮК өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды немесе қайта жаңартуды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
4. ӨҮК шешімі Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті органмен келісіледі және жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге орындауға жіберіледі.
5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе қайта жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету
Ескерту. Кіші бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Кадрлар даярлау, жастар саясаты мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
Ескерту. Кіші бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.
Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:
борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;
борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;
қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚТЖЖ) сәйкес).
Сауда жүйелерін салуға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған, мыналарды қамтыған қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы, қолданыстағы кредиттері бар кәсіпкерлер:
кемінде 2 жыл мерзімге тауарлар жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілермен шарттар жасасу;
қазақстандық өндірушілердің тауарларын сату - тауар ассортименті кемінде 30%;
қазақстандық тауарлардың тауар айналымы - есепті жылдың алдындағы жылғы жалпы тауар айналымының кемінде 60%;
азық-түлік, оның ішінде азық-түлік себетіне кіретін тауарлармен бөлшек сауданы жүзеге асыру;
сауда объектісінің аумағында қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлерге жалпы ауданның кемінде 60% сауда алаңын беру;
өндірушілер аффилиирлеген қазақстандық өндірушілердің тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілер немесе кәсіпкерлер алдында тауарларға ақы төлеуді жүзеге асыру - қабылданған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей;
сауда сөрелерінде қазақстандық тауарларды орналастыру бойынша ең пайдалы жағдай жасау;
қазақстандық өндірушілер үшін кіру бонустарын жою;
сауда желілері есебінен сауда желілері жүргізетін қазақстандық өндірушілердің жарнамалық акцияларын жүзеге асыру;
негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен сауда кәсіпорындары арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу.
Банктердің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау үшін сауда желілерін іріктеу өлшемдері;
қызметтің негізгі түрі бойынша жұмыспен қамтылған, штаттық саны кемінде 100 адамнан тұратын бөлшек сауданы жүзеге асыру;
дүкендердің жалпы жиынтық ауданы - кемінде 2 000 шаршы м;
акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) Қазақстан Республикасының резидентіне (резиденттеріне) немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке кәсіпкерлерге тиесілі заңды тұлғаның меншік құқығында болуы;
кәсіпорынның саладағы жұмыс кезеңі - кемінде 2 жыл;
2 және одан көп сауда объектісінің болуы.
7. Бағдарлама шеңберінде қазақстандық өндірушілерді қолдаудың жоғарыда көрсетілген шарттарының сақталу мониторингін Қаржы агенті жүзеге асыратын болады.
Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:
минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;
кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер.
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Борышкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 және 2011 жылдарда бере алады.
Пайыздық ставканы субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды.
Егер борышкердің кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.
Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды;
субсидиялау қызметтің негізгі түрімен байланысты емес коммерциялық жылжымайтын мүлікті алуға бағытталған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде 7 %-ды борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл ретте банк:
өтінім беруші бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Пайыздық ставканы субсидиялау бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекке қолданылады.
Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналымдық қаражатын толықтыруға және/немесе кредитті қайта қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сауда желілерін алуға және оның жұмыс істеуіне бағытталған, айналым қаражатын толықтыру үшін алынған кредиттер/кредиттердің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды (егер осы шарттарда өзгеше көздемесе).
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 10 %-ға дейін төмендететін, оның 5 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аударған күнге белгілеген бағам бойынша теңгемен төленеді.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзарту Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкасын субсидиялау үшін мақұлданған борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.
Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке дейін қалыптасқан, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін.
Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын ұсыну шарттары
Кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары жеке негізде Бағдарлама өлшемдеріне, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін, өңірлер үшін олардың қызметінің жүйе құраушы сипатын негізге ала отырып, кәсіпорындарды іріктеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Екінші бағытты іске асыру тетігі
1. Уәкілетті орган мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (бұдан әрі - ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екінші бағыты шеңбердегі өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалады.
2. Борышкер берешегі аз банкке (егер борышкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса ол олардың біреуіне өз таңдауы бойынша өтінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса беріледі:
Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі, қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттері мен өзге де берешектері бойынша ақпарат;
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді (мұндайлар болған жағдайда) төлеу бойынша мерзімін ұзартуға өтініш;
кәсіпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру бойынша үш жылға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар).
3. Борышкерден сауықтыруға өтініш алған банк үш күн ішінде бұл туралы ҚҚҚ мен қаржы агентін хабардар етеді.
4. ҚҚҚ кредиттер бойынша кәсіпорынның 100 % берешегі бар
кредиторлар комитетін құрады. Кредиторлар комитеті борышкердің
қаржы-экономикалық жағдайына және оның Бағдарлама өлшемдеріне
сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Бұл ретте кредиторлар комитеті борышкермен ақпаратты толық ашу туралы келісім жасасады.
Егер борышкердің тек бір банкте немесе бір кредиторда ғана берешегі болған жағдайда кредиторлар комитеті құрылмайды және ақпаратты толық ашу келісіміне тиісті банк қол қояды.
Борышкердің тілегі бойынша кредиторлар комитетіне тиісті салалық қауымдастықтың өкілі кіре алады.
5. Кредиторлар комитеті борышкер ұсынған барлық құжаттарды қарап болғаннан кейін қабылданған шешімді тиісті хаттама үлгісінде рәсімдейді.
6. ҚҚҚ (Кредиторлар комитеті) борышкер бойынша хаттама мен материалдарды қаржы агентіне жібереді.
7. Қаржы агенті борышкер туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным әзірлейді және барлық материалды уәкілетті органға жібереді.
8. Уәкілетті орган Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын Жоспарларды Кредиторлар комитетімен келісіп, өз ұсыныстарымен бірге Мемлекеттік комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.
9. Мемлекеттік комиссияның жанындағы арнайы жұмыс тобы Бағдарламаның шарттарына сәйкес, кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары бойынша ұсынымдар әзірлейді және материалдарды Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.
10. Мемлекеттік комиссия борышкердің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды:
банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) төлеу бойынша мерзімін ұзарту;
Жоспар шеңберінде басқа да шаралар бойынша.
11. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жағдайда борышкер әрбір кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады: кредиттер бойынша пайыздық ставка 12 % деңгейде тіркеледі, оның 7 %-ын борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді.
12. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.
Үшінші бағыт:
Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Кредиттік міндеттемелер мөлшерінің ұлттық валютаның ауытқуына тәуелділігін және тиісінше валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін азайту үшін қолда бар ұлттық және/немесе шетелдік валютадағы кредиттер бойынша проценттік ставканың бір бөлігін субсидиялау түрінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлерге Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы «үмітсіз» немесе «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, тиісті қаржы жылында ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер қатыса алады:
тау-кен өнеркәсібі;
минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.
2010 жылы банктердің, Бағдарламаға қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды кәсіпкер төлейді, ал 8 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ банк:
өтініш беруші бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;
өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді қоспағанда қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Одан әрі жылына бір рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиімді пайыздық ставкасы нарықтық шекті ставкадан аса алмайды.
Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан бастап банктің сыйақы ставкасының 70 %-ын құрайтын болады.
Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және /немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12 %-ға дейін төмендететін, оның 5 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 7 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.
Үшінші бағытты іске асыру тетігі
Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Кәсіпкер тиісті қаржы жылындағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде валюталық пайдасы барына растайтын ақпарат пен құжаттарды қоса бере отырып, банктің сыйақы ставкасын субсидиялауға үшін жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға өтініш берген кәсіпкерлердің тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.
3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес кәсіпкер банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды және шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.
4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған шешімдерді бар қоса бере отырып уәкілетті органға жіберіледі. Жоба Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.
5. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша, банк, кәсіпкер және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен экспорттаушы бойынша сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін банкке төлейді.
6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Төртінші бағыт:
Кәсіпкердің әлеуетін күшейту:
Ескерту. Кіші бөлім толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Төртінші бағыт өндірістерді жаңғырту және бизнесті басқарудың қазіргі заманғы моделдерін енгізу мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету:
ісін жаңа бастаған кәсіпкерліктерді қолдау (старт-ап жобалары);
жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау;
шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;
шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату жолымен өндірістерді жаңғырту және кеңейту (бұдан әрі - «Іскерлік байланыстар» жобасы);
еңбек нарығы талап ететін мамандықтар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау болып табылады.
Экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнестің әлеуетті және жұмыс істейтін кәсіпкерлері Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
Еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды және «жастар практикасын» ұйымдастыруды қоспағанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы осы бағыт бойынша Бағдарламаның Операторы (бұдан әрі - Оператор) болып табылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) Оператордың стандартталған қызметтер пакетін ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:
кәсіпкерлерді және халықты кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне («Бизнес кеңесші» жобасы) қысқа мерзімді оқыту;
кәсіпкерге қажетті құжаттардың стандартын пакетін ұсыну;
ақпараттық-талдамалық қолдау және кәсіпкерлердің кәсіпорындардың бірыңғай базасына геоақпараттық жүйе арқылы еркін қол жеткізуін ұйымдастыру;
экономиканың басым салаларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін беру.
«Бизнес кеңесші» жобасын Оператор іске асыратын болады және ол меншікті бизнес құру, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңды негіздері, қаржы және салық салу бойынша оқытуды қамтиды.
Қысқа мерзімді оқу үдерісінде кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқу материалдары, құрылтай құжаттарын, үлгі бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді, кредит алуға арналған құжаттарды, сондай-ақ сала бойынша маркетингтік зерттеулердің есептерін қамтитын құжаттардың стандартты пакеті берілетін болады.
Құжаттардың стандартты пакеттері кәсіпкерлерге «Бизнес кеңесші» жобасы шеңберінде оқу барысында да және кәсіпкерлердің сұрауы бойынша жеке негізде де қағаз және электронды тасығыштарда берілетін болады.
Инновациялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы қолдау көрсетеді.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшада көзделген экономиканың басым секторларында қызметін жоспарлаған және жүзеге асыратын әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге басым түрде қолдау көрсетілетін болады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) тетігі
1) Оператор жергілікті атқарушы органдарды, әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді ұсынылатын қызметтердің тізбесі туралы хабар етеді.
2) Өтінім беруші Операторға қажетті қызметтер алу үшін қағаз және/немесе электронды түрде өтінім береді.
3) Оператор оқу курстарының мазмұнын және қатысушылардың құрамын және/немесе қажетті құжаттардың стандартты пакетін қалыптастырады және Өтінім берушіге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
4) Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде оқу өткізу үшін қажетті үй-жайлар береді, сондай-ақ кәсіпкерлердің және халықтың тұрғылықты жері бойынша сұраулары бойынша қажетті құжаттардың стандартты пакетін беруде жәрдемдеседі.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау оның тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді ұсынуды қамтиды:
бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және есептілікті құру;
статистикалық есептілікті құру;
кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша консультация беру;
заң консультациясы;
маркетинг мәселелері бойынша консультация беру;
ақпараттық технология саласында қызмет көрсету.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары.
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілетін болады. Қызметтерді қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлер үшін мамандандырылған қызметтер тегін көрсетілетін болады.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі
1. Өтінім беруші мамандандырылған сервистік қызмет көрсету өтінімімен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш жасайды.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін берілген өтінімдерді ескере отырып, қызметтер тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сервистік компанияны айқындайды.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Сервистік компаниямен мамандандырылған сервистік қызметтер көрсету шартын жасайды.
4. Сервистік компания Өтініш берушімен мамандандырылған сервистік қызмет көрсету шартын жасайды.
5. Шартта бекітілген қызмет құнына сәйкес Сервистік компания Өтінім берушіге қызметтер көрсетеді. Бұл ретте кәсіпкер алатын белгілі бір қызмет саны шарттың қолданысы мерзімі ішінде шектеулі. Кәсіпкер алған әр қызмет құжатпен расталуы тиіс. Айыппұлды, өсімпұлды және өзгелерді қоса алғанда, толық және сапалы қызмет көрсету жауапкершілігі Сервистік компанияға жүктеледі. Сервистік компанияның қызметтеріне ақы төлеу тиісті сапамен кәсіпкер қызметтерді толық көлемде алғаны расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мамандандырылған қызметтерді алатын кәсіпкерлердің базасын қалыптастырады және Операторға тізімін береді.
7. Опертор көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізуге, кәсіпорындарды тиімді басқарудың дағдыларын дамытуға және «Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Назарбаев Университеті» АҚ) бизнес-мектебі базасында шетелдік оқыту орталықтарын тарта отырып, тактикалық және стратегиялық бизнес-міндеттерді шешуге бағытталған.
Оқу процесі бизнесті құрудың жаңа моделін зерделеуге, бизнесті жүргізуде туындайтын мәселелерді дербес шешу дағдыларын қалыптастыру мақсатында нақты бизнес-ахуалдарды моделдеуге негізделеді.
Оқыту бағдарламасы бизнесті жүргізудің қазақстандық практикасына бейімделген, Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары толтырған талдау анкетасы негізінде әзірленетін, бизнес-кейстерді қамтитын болады. Бизнес-курстар бағдарламасын Оператордан және тәуелсіз сарапшылардан тұратын «Назарбаев Университеті» АҚ жанындағы Сараптама кеңесі бекітетін болады.
Оқу аяқталған соң жергілікті жерлерде кәсіпкерлер бизнес-жоспарлар әзірлейді. Одан әрі кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша тағылымдамаға қатысу үшін бизнес-жоспарларын бере алады.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Бағдарламаның қатысушысы бола алады.
Бағдарламаға қатысушылар оқуға барып-келуін және тұратын орнын дербес төлейді.
Қатысушылардың оқу шығыстарын төлеу республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту тетігі
1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларға конкурстық іріктеудің басталғаны туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
2. Өтінім беруші жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге немесе уәкілетті органға белгіленген нысанда оқуға арналған өтінім береді. Уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жиынтық өтінімдер қалыптастырады және оларды ӨҮК қарауына шығарады.
3. ӨҮК кандидатураларды талқылау нәтижелері бойынша іріктеу өткізеді және Өтінім берушінің Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Уәкілетті органға ӨҮК мақұлдаған жиынтық өтінімді келісуге жібереді.
5. Уәкілетті орган Жұмыс тобының қарауына жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден және тікелей Өтінім берушіден түскен жиынтық өтінімдерді енгізеді.
6. Жұмыс тобы Өтінім берушілердің Бағдарламаға қатысуын тиісті Хаттамамен мақұлдайды.
7. Уәкілетті орган «Назарбаев Университеті» АҚ-ға мақұлданған Бағдарлама қатысушыларының тізбесін жібереді.
Оператор «Назарбаев Университеті» АҚ-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорындарды дамыту жөніндегі қызметіне кейіннен мониторинг жүргізеді.
«Іскерлік байланыстар» жобасы (бұдан әрі - Жоба) халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен өндірістерді жаңғыртуға қолдау көрсетуге бағытталған.
Жоба екі кезеңнен тұратын болады:
Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады.
Осы кезеңде бизнес жүргізудің осы заманғы әдістерін, маркетингті үйретуге, бизнес-серіктестіктермен және т.б. іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған бизнес-тренингтер өткізіледі. Оқу процесінде Жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаға қатысушылар алынған консультацияларға сәйкес бизнес-жоспарларын дербес пысықтайды және кейіннен Жобаның екінші кезеңінде конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Екінші кезең Жобаға қатысушылар үшін шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, оның ішінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату үшін көздейді және мыналарды қамтиды:
ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдама;
мына мәселелер бойынша іскерлік байланыстар орнату:
технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзара жеткізу;
франшиз сатып алу;
халықаралық және шетелдік ұйымдардан гранттар алу;
бірлескен кәсіпорындар құру.
Жобаны Қазақстан аумағында іске асыруды Оператор сүйемелдейтін болады. Қазақстанның кәсіпкерлік секторының қажеттілігін және қабылдаушы елдің салаларының даму деңгейін ескере отырып, Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға халықаралық және шетелдік ұйымдар (Еуропада - Еуропалық Одақ ұйымы, Америка Құрама Штаттарында - ЮСАИД, Кореяда - КОІСА, Японияда - ЛСА, Германияда - Германия халықаралық ынтымақтастық орталығы) жәрдемдесетін болады.
Халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық және шетелдік ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберіне негізделеді.
Кәсіпкерлерді даярлау және оларды одан әрі шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу өңірдің қажеттілігіне сол немесе басқа да мамандықтар бойынша, сондай-ақ өңірдің даму басымдықтарына сәйкес болуы қажет.
Жоба шеңберінде «Жергілікті жеткізуші» құрамдауышы іске асырылады, оның шеңберінде ірі инвесторларға (ұлттық компаниялар, мұнай өндіру және кен металлургия кешені және басқа да жүйе құраушы кәсіпорындар) өз тапсырыстарын жергілікті жеткізушілер арасында орналастыру бойынша ынтымақтастықтық тетігі ұсынылады. Ірі инвесторлар сатып алынатын тауарлар (жұмыстар мен қызметтер), осы тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) сапасына қойылатын талаптар бойынша ақпарат береді.
«Аға Сеньорлар» құрамдауышын іске асыру Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және жабдықты тікелей енгізу жөнінде, сондай-ақ Жобаның бірінші кезеңінде бизнес-тренинг өткізу үдерісінде де консультациялар беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар, зейнетке шыққан, жоғары білікті шетел маманын тартуға бағдарланған.
Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесіп Қазақстан аумағында «Аға Сеньорлар» құрамдауышына ұйымдық сүйемелдеуді жүргізетін болады.
«Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Жобаның қатысушысы бола алады.
Жобаның іс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты халықаралық және шетелдік ұйымдардың байланысты және байланысты емес гранттарының, сондай-ақ Жобаға қатысушылардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-тренинг бойынша шығыстарын төлеу, сондай-ақ «Аға Сеньорлар» құрамдауышы бойынша шетел сарапшыларын тарту республикалық бюджет қаражаты және байланысты және байланысты емес гранттар есебінен жүзеге асырылады.
Екінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Жобаға қатысушылардың шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамасын қаржыландыру республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады, оның ішінде көлік шығыстарын, тұруды қамтиды.
Жобаға қатысушылардың шетелдегі тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша қызметтер байланысты және байланысты гранттардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Жобаға қатысушылар Қазақстан аумағында тұру, оқу орнына баратын және қайтатын жолын өздері төлейді.
«Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру тетігі
«Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезеңін іске асыру тетігі
1. Өтінім беруші жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне белгіленген нысанда қатысуға өтінім береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі өтінімдерді қарайды және экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің өтінімдеріне іріктеу жүргізеді және Операторға іріктеуден өткен қатысушылар тізімін жібереді.
3. Оператор жиынтық өтінім қалыптастырады, оны салалар (кіші салалар) бойынша топтайды және тиісті салалар бойынша бизнес-тренингтер және кейіннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды халықаралық және шетелдік ұйымдарға қарауға жібереді.
4. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесіп, Оператор ұсынған салалар тізбесінен қабылдайтын елдің мамандануына байланысты салаларды (кіші салаларды) іріктейді және Бағдарламаға қатысушыларға іріктеу жүргізеді.
5. Оператор салаларды халықаралық және шетелдік ұйымдар бойынша бөлуді және Жобаға қатысушыларының мақұлданған тізімін Уәкілетті органға келісуге енгізеді.
6. Уәкілетті орган халықаралық және шетелдік ұйымдармен және Оператормен бірлесіп, Жобаға қатысушылар үшін оқу бағдарламасын әзірлейді және бизнес-тренингтер ұйымдастырады, оның шеңберінде Жобаға қатысушылар өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
7. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Уәкілетті органмен және Оператормен бірлесіп, саланың (кіші саланың) іріктелген тізбесіне сәйкес бизнес-тренингтер өткізу үшін осы салаларда (кіші салаларда) тиісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтік компанияларды, бизнес-жаттықтырушыларды және сарапшыларды тартады.
8. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаға қатысуды жалғастырғысы келетін Жобаға қатысушылар Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін өз бизнес-жоспарларын тікелей кәсіпорында пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларын халықаралық және шетелдік ұйымдарға және Операторға ұсынады.
Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін «Назарбаев Университеті» АҚ-ның бизнес-мектебі базасында Бағдарлама шеңберінде оқудан өткен кәсіпкерлер де өтінім бере алады.
«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңін іске асыру тетігі
1. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесіп, Жобаның бірінші кезеңінде әзірленіп, ұсынылған үздік бизнес-жоспарларға іріктеу жүргізеді және Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін қатысушылардың тізбесін Уәкілетті органға енгізеді.
2. Уәкілетті орган Жұмыс тобының қарауына қатысушылардың тізбесін енгізеді.
3. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесіп, топтық бағдарламалардың күнтізбесін жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін серіктес-кәсіпорындар іздестіруді жүзеге асырады және Бағдарламаға қатысушыларды тағылымдамаға жібереді.
4. Қатысушылар тағылымдама нәтижелері бойынша алынған білім, тәжірибе және технологияны есепке ала отырып егжей-тегжейлі Даму жоспарын дайындайды.
5. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесіп Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың Даму жоспарларының іске асырылуына мониторингі жүргізеді.
«Жергілікті жеткізуші» құрамдауышының шеңберінде Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ) бірлесіп, кәсіпкерлерге әлеуетті тапсырыс берушілер сапалы сипаттамасын көрсете отырып, талап етілетін номенклатура және талап етілетін тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) көлемі, оның ішінде өңірде қызметін жүзеге асыратын ірі инвесторлардың шетелдік жеткізушілердің тауарларымен (жұмыстарымен және қызметтерімен) ұқсас тауарлар туралы, оның ішінде Оператордың және «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның веб-порталдарында орналастыра отырып, ақпарат береді.
«Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жобаға қатысушылардың әлеуетті тапсырыс берушілермен іскерлік байланыстар орнатуына ықпал етеді.
2011 жылдан бастап Бағдарламалардың жобаларын және Өңірлерді индустрияландыру картасын іске асыру үшін:
еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және қайта даярлау;
кіші және орта бизнес үшін кадрлардың біліктілігін арттыру;
жастар практикасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар көзделген.
Кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын базаларында, сондай-ақ оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады.
еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша Кадрларды даярлау жағдайлары
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау шарттары Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау кәсіпорындардың өтінімдері негізінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қажеттілігіне көңіл бөле отырып даярлау Жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың контингенті жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптарын бітірушілер арасынан қалыптастырылады.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру тетігі
1. Кәсіпорындар жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге мамандықтарды және орын санын көрсете отырып, кадрлар даярлауға өтінім береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі кәсіпорындардың өтінімдері негізінде кадрлар даярлау жоспарын әзірлеп, ӨҮК қарауға және бекітуге ұсынады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі Мамандар даярлаудың бекітілген жоспарын білім саласындағы жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі - Білім басқармасы) жібереді.
4. Мамандар даярлаудың бекітілген жоспары негізінде Білім басқармасы базасында даярлау жүзеге асырылатын оқу орындарының тізбесін белгілейді, бұл оқу орындарымен екі жақты шарттар жасап, оларға кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
5. Оқу орындары алынған мемлекеттік тапсырысқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырылатын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес қабылдауды жүзеге асырады.
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі, кәсіпорындар және базаларында даярлау жүзеге асырылатын оқу орындары арасында кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кадрлар даярлау туралы үш жақты шарттар жасалады.
7. Оқу орындары кадрлар даярлау жөніндегі оқу жоспарларын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және тапсырыс беруші кәсіпорындармен келіседі.
8. Оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізгеннен кейін он күн мерзімде Білім басқармасына оқуға қабылдау және ұйымдастыру жөніндегі есепті белгіленген нысандарда ұсынады.
9. Оқу орындары есептер бергеннен кейін Білім басқармасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - БҒМ) және Уәкілетті органға оқуға қабылдау және ұйымдастыру жөніндегі қорытынды есепті белгіленген нысандарда ұсынады.
10. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кадрлар даярлауды іске асыру мен бітірушілерді жұмысқа орналастырудың тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізіп, Уәкілетті орган мен БҒМ-ға ақпарат береді.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау шарттары
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау кәсіпорындардың өтінімдері негізінде шағын және орта бизнес қажеттілігіне көңіл бөле отырып, кадрларды қайта даярлау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың контингенті кәсіпорындар қайта даярлауға жіберетін қызметкерлердің арасынан, сондай-ақ жұмыстан босаған қызметкерлердің, жұмыссыздардың, оралмандардың және жұмыспен қамту органы жіберетін мақсатты топқа жатқызылған басқа да адамдардың арасынан қалыптастырылады.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау тетігі
1. Кәсіпорындар мен өңірлік деңгейдегі халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - Жұмыспен қамту органы) мамандықтар тізбесі мен орын санын көрсете отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге мамандарды қайта даярлауға өтінім береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпорындардың өтінімдері негізінде Кадрларды қайта даярлау жоспарын әзірлеп, Жұмыспен қамту органымен келіседі және ӨҮК-ге қарауға және бекітуге ұсынады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Кадрларды қайта даярлаудың бекітілген жоспарын Білім басқармасына және Жұмыспен қамту органына жібереді.
4. Кадрларды қайта даярлаудың бекітілген жоспары негізінде Білім басқармасы базасында кадрларды қайта даярлау жүзеге асыратын оқу орындарының тізбесін анықтайды, осы оқу орындарымен екі жақты шарттар жасап, оларға кадрларды қайта даярлауға мемлекеттік тапсырыс орналастырады.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, кадрларды қайта даярлауға өтінім берген кәсіпорындар немесе Жұмыспен қамту органы, базасында қайта даярлау жүзеге асырылатын оқу орындары арасында кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кадрларды қайта даярлау туралы үш жақты шарттар жасалады.
6. Оқу орындары Кадрларды қайта даярлау жоспарына сәйкес жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушінің және/немесе Жұмыспен қамту органының жолдамалары негізінде оқу топтарын құрады.
7. Оқу орындары Кадрларды қайта даярлау жөніндегі оқу жоспарларын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісімен және тапсырыс беруші кәсіпорындармен келіседі.
8. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, Білім басқармасы және Жұмыспен қамту органы ай сайын тиісті мемлекеттік органдарға мамандарды қайта даярлаудың іске асырылу барысы туралы есепті оларды жұмысқа орналастыру туралы ақпаратпен бірге береді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін іске асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері қатыса алады.
Мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тетігі
1. Кәсіпорындар жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге біліктілік арттыру тақырыптарын және орын санын белгілей отырып, өтінімдер береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі ұсынылған өтінімдер негізінде Кадрлардың біліктілігін арттыру жоспарын келіседі және ӨҮК-ге қарауға және бекітуге ұсынады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Кадрлардың біліктілігін арттырудың бекітілген жоспарын Білім басқармасына жібереді.
4. Кадрлардың біліктілігін арттырудың бекітілген жоспары негізінде Білім басқармасы базасында біліктілікті арттыру жүзеге асырылатын оқу орындарының тізбесін анықтайды, осы оқу орындарымен екі жақты шарттар жасасып, кадрлардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты орналастырады.
5. Оқу орындары біліктілікті арттыру жөніндегі оқу жоспарларын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және тапсырыс беруші кәсіпорындармен келіседі.
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, Білім басқармасы БҒМ-ға және Уәкілетті органға кадрлардың біліктілігін арттыру туралы есеп береді (ай сайын).
7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кадрлардың біліктілігін арттыруды іске асырудың тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізеді және ақпаратты Уәкілетті органға және БҒМ-ға ұсынады.
«Жастар практикасын» ұйымдастыру
«Жастар практикасын» ұйымдастыру шарттары
Түлек Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорынға жастар практикасына жіберілуі мүмкін.
«Жастар практикасын» ұйымдастыру тетігі
1. Түлек белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркеледі.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпорындардың уақытша жұмыс күшіне қажеттілігін анықтайды және оны Жұмыспен қамту органына жібереді.
3. Жұмыспен қамту органы Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ұсынған қажеттілікке сәйкес талап етілетін біліктілігі бар түлектерді ұсынылған жұмыс орындарына жібереді.
4. Жұмыспен қамту органы және жастар практикасына жіберілетін түлек жастар практикасынан өту туралы екі жақты шарт жасасады.
5. Жастар практикасының қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама қолданады.
Осылайша, осы бағыт шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына сервистік қолдау көрсету, кәсіпорындардың топ-менеджментін оқыту, шетелдік тағылымдама ұйымдастыру, кадрларды еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау арқылы кешенді мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсетіледі.
Осы бағыттың іс-шараларын іске асыру елдегі шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа жүйелі деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бойынша міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны
іске асыру мониторингі
Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер арасында 2 келісім (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда:
бағдарламаға қатысушылар арасында өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады;
пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктердің кредиттері бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;
банктердің кредиттері бойынша субсидиялау мен кепілдендірудің үлгі шарттары, құжаттарды, есептілікті тапсыру нысандары мақұлданады;
қаржы агентінің функциялары айқындалады.
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, ҚҚҚ, Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер, қаржы агенті арасында келісім жасалады, онда:
кредиттер бойынша өзара іс-қимыл тәртібі мен проценттік ставканы субсидиялау тетігі айқындалады;
банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мен тәртібі айқындалады;
қаржы агентінің функциялары айқындалады.
Қаржы агентінің қызметіне ақы төлеуді уәкілетті орган жүргізеді.
Бағдарламаның барлық бағыттарында банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қаржы агенті банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестіруші өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, кадрлар даярлау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді.
4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын тарту;
жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.
Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:
бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;
үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %-ға дейін ұлғайту.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
1-кезең - 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл пилоттық жыл болып табылады.
2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
2010 - 2014 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
2-кезең - 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.
2015 - 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері
РҚАО-ның ескертпесі!
6-бөлімге өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметенің 2010.07.13 № 711 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы 30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;
3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге. Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
7. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 7-бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қосымша 1
Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым
секторларының тізбесі
ЭКТЖЖ коды |
Атауы |
Аграроөнеркәсіп кешені |
|
01 |
Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру |
02 |
Орман шаруашылығы және ағаш дайындау |
03 |
Балық шаруашылығы және аквадақылдары |
10 |
Тамақ өнімдерін өндіру |
11.06 |
Ашытқы өндіру |
11.07 |
Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі |
|
09 |
Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер |
Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру |
|
13 |
Тоқыма өнімдерін өндіру |
14 |
Киім өндіру |
15 |
Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндіру |
16 |
Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
18 |
Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру |
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру |
21 |
Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру |
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру |
31 |
Жиһаз өндіру |
Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру |
|
23 |
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру |
Металлургия, металл өңдеу, машинажасау өнеркәсібі |
|
24 |
Металлургия өнеркәсібі |
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру |
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру |
27 |
Электр жабдықтарын өндіру |
28 |
Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру |
29 |
Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру |
30 |
Басқа да көлік құралдарын өндіру |
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
Өнеркәсіптің басқа да секторлары |
|
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндіру |
35 |
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу |
36 |
Суды жинау, өңдеу және бөлу |
37 |
Кәріз жүйесі |
38 |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату |
39 |
Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер |
Көлік және жинақтау |
|
49 |
Құрылық көлігі және құбырмен тасымалдау |
50 |
Су көлігі |
51 |
Әуе көлігі |
52 |
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі |
Туризм |
|
55 |
Тұруды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету |
Ақпарат және байланыс |
|
61 |
Байланыс |
62 |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
|
71 |
Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
72 |
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
75 |
Ветеринариялық қызмет |
Білім беру |
|
85 |
Білім беру |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
|
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
87 |
Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну |
88 |
Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету |
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
|
91 |
Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі |
93.1 |
Спорт саласындағы қызмет |
Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну |
|
95 |
Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу |
2-қосымша
Бағдарламаның өлшемдері
Ескерту. Бағдарлама 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1111 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. 2-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда, Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпорындар мына өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде:
1) кәсіпорын кредитінің нысаналы мақсаты Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларына сәйкес болуы тиіс (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі - ЭҚЖЖ);
2) кәсіпорынның кредиті жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс;
3) банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және ішінара кепілдік беру мына кредиттер бойынша:
мемлекеттік даму институттары берген;
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге қаржы институттары берген;
акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды;
4) Бағдарламаның талаптарына сәйкес жобаны іске асыруда өз қаражатымен қатысу;
5) сыйақы ставкасын субсидиялау кезінде кредит(тер) бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит(тер) қаражаты кредит(тер) құнын 30 %-дан аспайтын;
6) сыйақы ставкасын кепілдендіру кезінде кредит(тер) бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит(тер) қаражаты кредит(тер) құнын 20 %-дан аспайтын;
7) өндіріс инфрақұрылымын дамыту шеңберінде қолдау кезінде жоба(лар) іске асыру Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларындағы өндіріс (индустриялдық) инфрақұрылымды жасауға бағытталуы қажет.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде:
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген және минералды шикізатты қайта өңдеуді іске асыратын металлургия өнеркәсібі субъектілерінен басқа, өндіретін өнімінің 10 %-ынан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген және минералды шикізатты қайта өңдеуді іске асыратын Бағдарламаға келесі кәсіпкерлер, минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсіптері Бағдарламаның қатысушысы бола алмайды.