Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 280 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
      19-тармақтың 4) тармақшасында «және» деген сөзден кейін «оны бекітуге ұсынуы» деген сөздермен толықтырылсын, «бекітуі» деген сөз алынып тасталсын;
      22-тармақтың 7) тармақшасында «барлық өлшемдердің сипаттамасы» деген сөздер «өлшемдер» деген сөзбен ауыстырылсын;
      45-тармақта «тиіс, конкурстық» деген сөздер «тиіс. Конкурстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      96-тармақта «(қосалқы мердігердің)» деген сөздер алынып тасталсын;
      102-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «102-1. Қазақстандық мазмұнның болуын қарастыру кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын қазақстандық мазмұнның әрбір пайызы үшін нөл бүтін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.
      Тауарда қазақстандық мазмұнның болуы CT-KZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
      Тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға шартты түрде азайтады.
      Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушінің қазақстандық мазмұны жалпы еңбекақы төлеу қорынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу құнының және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген жалпы сомадан тікелей де, қосалқы мердігер шарттарын жасасу арқылы да тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық мазмұнның үлесі (үлестері) құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.»;
      115-тармақта «мемлекеттік сараптамадан» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген ведомстволық сараптамадан» деген сөздермен толықтырылсын;
      117-тармақ алынып тасталсын;
      149-тармақтың бірінші абзацында «оның» деген сөзден кейін «осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген» деген сөздермен толықтырылсын;
      162-тармақта «талап» деген сөзден кейін «баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып aлу қорытындысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «205. Электрондық мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесіне сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер беру арқылы жүзеге асырылады.»;
      206 және 207-тармақтар алынып тасталсын;
      324-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу осы Ережеде көзделген дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне не Заңда және осы Ережеде көзделген өзге де тәсілдерге де сәйкес жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 327-1-тармақпен толықтырылсын:
      «327-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін міндетті шарттар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.»;
      Ережеге 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Ережеге 3-қосымшада:
      26-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      27-тармақтың үшінші абзацында «әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне» деген сөздер «әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
      «49-1. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.»;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымша мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры»*

Р/с

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлік № және берілген күні көрсетілсін)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау уақытындағы жалақысы

1





2





3





Жалпы еңбекақы төлеу қоры





ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы





      *толтырмауға болады;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымша мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры»*

Р/с

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлік № және берілген күні көрсетілсін)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау уақытындағы жалақысы

1





2





3





Жалпы еңбекақы төлеу қоры





ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы





      * толтырмауға болады;
      Ережеге 4-қосымша мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
      «53-1. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.»;
      Ережеге 5-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Отандық жұмыстарды берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт алдын ала ақы төлеу және жұмыстарды жүзеге асырғаны үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.»;
      47-тармақта «Ұсталған сома» деген сөздер «Ақшалай өтемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      48-тармақтың бірінші абзацында:
      «жақсы сапада және» деген сөздер алынып тасталсын;
      «материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын» деген сөздер «материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін куәландыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      61-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Бұл жағдайда Тапсырыс беруші кемінде бір жұмыс күні бұрын Мердігерді жұмыстардың басталған күнін және орнын көрсете отырып, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етуге міндетті.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 2 сәуірдегі  
№ 280 қаулысына    
1-қосымша       

Мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру ережесіне 
2-қосымша       

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары

Жалпы мәліметтер

Тапсырыс берушінің БСН

Тапсырыс берушінің СТН

Мемлекеттік мекемелер үшін

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)

Қаржы жылы

ММ коды

Қор

1

2

3

4

5

5

7








Мемлекеттік сатып алу жоспары

Жоспар тармағының түрі

Мемлекеттік мекемелер үшін

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды (ЭҚТӨЖ сәйкес)

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшелік

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

8









Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы (мемлекеттік тілде)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы (орыс тілінде)

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (суреттелуі) (мемлекеттік тілде)

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (суреттелуі)(орыс тілінде)

Сатып алу тәсілі

Сатып алу мәнінің түрі

Өлшем бірлігі (БӨЖС сәйкес)

Саны, көлемі

9

10

11

12

13

14

15

16

























Бір бірлігі үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге

Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге

Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)

Тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімі

Тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны (ӘАОС сәйкес елді мекеннің коды)

Аванстық төлем мөлшері, %

17

18

19

20

21

22

23

24