Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 252 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталсын.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 252 қаулысына      
қосымша       

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни
істер комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 252 қаулысымен     
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
      реттік нөмірі 42-жолдың 2-бағанында «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790
қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті» деген кіші бөлімде:
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген кіші бөлімде:
      тақырыбы мынадай мазмұнда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті»;
      реттік нөмірі 416-9-жолдың 2-бағанында «Республикалық» деген сөз «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 416-26-жолмен толықтырылсын:
«416-26     «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени       Шығыс Қазақстан
            қорық-мұражайы» республикалық           облысы Катон-
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны         Қарағай ауданы ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті».
      4. «Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацында «, Діни істер комитеті» деген сөздер алынып тасталсын;
      14-тармақта сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші және бір жүзінші абзацтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірлері 7 және 37-жолдар алынып тасталсын.
      5. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
      тақырыбы мен 1 және 9-тармақтарындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзацта:
      «және ақпарат», «ақпарат,» және «мұрағат ісі мен құжаттама,» деген сөздер алынып тасталсын;
      «ұлтаралық келісім» деген сөздер «этносаралық және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитеті, Тіл комитеті, Діни істер комитеті.»;
      8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.»;
      9-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      13-тармақта:
      «ақпарат» деген сөз «азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «, мұрағат ісі мен құжат жасау» деген сөздер алынып тасталсын;
      14-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;»;
      2) тармақшадағы «ақпарат,» және «мұрағат ісі мен құжат жасау» деген сөздер алынып тасталсын;
      5) және 7) тармақшалар алынып тасталсын;
      8) тармақша «тіл саясаты» деген сөздерден кейін «, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл» деген сөздермен толықтырылсын;
      22), 23), 37), 41), 42), 43), 44), 46), 47), 49) және 50) тармақшалар алынып тасталсын;
      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «51) мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын талдау;»;
      53) тармақшадағы «азаматтық бейбітшілік пен» және «қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге» деген сөздер алынып тасталсын, «ұлтаралық келісімге» деген сөздер «этносаралық және конфессияаралық келісімге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      54) және 55) тармақшалар алынып тасталсын;
      15-тармақта:
      2) тармақшадағы «, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын;
      3), 5), 6), 7) және 8) тармақшалар алынып тасталсын;
      14) тармақшадағы «, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету» деген сөздер «қамтамасыз ету, оның халықаралық беделін нығайту» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 44) және 45) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54) 55) және 56) тармақшалармен толықтырылсын:
      «46) діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы саясатты іске асыру;
      47) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың қызметін зерделеу және талдау,
      48) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстарды орнату және қолдау;
      49) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
      50) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;
      51) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;
      52) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;
      53) Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарау;
      54) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      55) мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, өзге де заңды және жеке тұлғалардың діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      56) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелерін ресми түсіндіру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.»;
      18-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;»;
      22-тармақта:
      1) тармақшада:
      «ақпарат,» деген сөз алынып тасталсын;
      «, мұрағат ісі мен құжат жасау» деген сөздер «азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы.» деген жол алынып тасталсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):
      тақырыбындағы және 1-тармағындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын.
      7. «Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 30-құжат;):
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Ережеге сәйкес дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етсін.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне діни бірлестіктердің құрылтай және басқа да құжаттарын дінтану сараптамасына жолдасын.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.».
      8. «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      10-тармақтың 8) тармақшасындағы «Әділет» деген сөз «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын.
      9. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 11-жолдағы «Республикалық» деген сөз «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-2-жолмен толықтырылсын:
      «25-2. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалык мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімнің тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 5-1-жол алынып тасталсын.
      10. «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 221-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      2 және 6-тармақтардағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын.
      11. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      «Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі.».
      12. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 316-құжат):
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесінде:
      тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
      «Театрлар» бөлімінің реттік нөмірі 7-жолында «Республикалық» деген сөз «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Тарихи-мәдени қорықтар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-2-жолмен толықтырылсын:
      «30-2. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
      13. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығы жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      реттік нөмірлері 26, 27, 31, 32 және 33-жолдардың 3-бағанындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.19 N 733 Қаулысымен.