Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 244 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы «10890» деген сандар «13613» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов