Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 229 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
      «Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында «Астана - Қарағанды» деген сөздерден кейін «1142 - 1216 км» деген сездермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3-1, 3-2, 3-3-жолдармен толықтырылсын:
«

3-1

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1096-1142 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3-2

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1038 - 1096 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3-3

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 997 - 1038 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

».

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов