Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 214 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 626-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасында:
      1-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов