«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 — 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығын орындау және атыс спорты түрлерінен ұлттық құрама командаларға спорт резервін сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
2) спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 519-12-жолмен толықтырылсын:
«519-12. «Атыс спорты түрлерінен Оңтүстік Қазақстан
олимпиадалық даярлау орталығы» облысы Шымкент қаласы»;
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-8-жолмен толықтырылсын:
«15-8. «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 92-2-жолмен толықтырылсын:
«92-2. «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов