Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 187 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1509 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін, әуе көлігімен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін, әуе көлігімен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
      «15. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов