"Сот үкімі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерісімен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 17 Нормативтік қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерісімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақта:
      бірінші абзац «бірінші» деген сөзден кейін «және апелляциялық» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «ҚІЖК-нің 411-бабы бірінші бөлігінің 4)-6) тармақтарында қарастырылған шешімдерді қабылдаған кезде, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің (қаулысының) күшін жою туралы қаулы шығарады, содан кейін ҚІЖК-нің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып, жаңа үкім шығарады.»;
      2) 3-тармақтың сегізінші сөйлеміндегі «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 11-тармақтың екінші абзацындағы «372», «375-379» деген сандар «375-378» деген сандармен ауыстырылсын;
      4) 49-тармақтың бірінші абзацы «34-баптың 1-бөлігінде» деген сөздерден кейін «34-1-бабында,» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
      «51-1. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша үкімді ҚІЖК-нің 60-тарауында белгіленген тәртіпте төрағалық етуші шығарады. Бұл ретте, үкімнің мазмұны ҚІЖК-нің 571-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.».
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев