«Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бекітілсін.
2. «2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 31-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген 2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
«
8-1. |
Мұхамеджан Қаратаевтың 100 жылдығы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МАМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі |
2010 жыл |
».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 179 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың
туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.19 N 733 Қаулысымен.
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған кітаптар басып шығару |
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі |
2010 жыл бойы |
017 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы |
2999,36 |
2 |
Мұхамеджан Қаратаев туралы деректі фильм жасау және оны телеарналарда көрсету |
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі |
2010 жыл бойы |
025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы |
1600,0 |
3 |
Салтанатты жиналыс және Қазақстанның өнер шеберлерінің концертін өткізу |
Алматы қаласының әкімі |
2010 жылғы тамыз |
Жергілікті бюджет |
1500,0 |
4 |
«Еске алу кеші» атты концерт ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
2010 жылғы қазан |
011 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы |
3347,414 |
5 |
«Академик Мұхамеджан Қаратаев және XX ғасыр әдебиеттану ғылымы» атты ғылыми-теориялық конференция дайындау және өткізу |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
2010 жылғы желтоқсан |
Бюджеттен тыс қаражат |
350,0 |
ЖИЫНЫ: |
Республикалық бюджет |
7946,774 |
|||
Жергілікті бюджет |
1500,0 |
||||
Бюджеттен тыс қаражат |
350,0 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 179 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий
Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және
өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.19 N 733 Қаулысымен.
Р/с |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
«Географиялық қоғам бөлімшесінің жазбаларындағы Г.Н. Потаниннің мақалалары» тақырыбына көрме (ретро-шолу) өткізу |
Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
2010 жылғы шілде |
Жергілікті бюджет |
40,0 |
2 |
Павлодар қаласында Г.Н. Потаниннің барельефін дайындау және оны Тарихи өлкетану мұражайы ғимаратының алдына орнату |
Павлодар облысының әкімі |
2010 жылғы қыркүйек |
Жергілікті бюджет |
3500,0 |
3 |
«Г.Н. Потанин және Ш. Уәлиханов: өмірдей ұзақ саяхат» тақырыбына көрме өткізу |
Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
2010 жылғы қыркүйек |
Жергілікті бюджет |
30,0 |
4 |
Г.Н. Потаниннің туғанына 175 жыл толуына арналған салтанатты кеш және көрме өткізу |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
2010 жылғы қыркүйек |
011 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» республикаық бюджеттік бағдарламасы |
2605,2 |
5 |
«Г.Н. Потанин. Қордың құжаттық коллекциясы» көрмесін ұйымдастыру және өткізу |
Павлодар облысының әкімі |
2010 жылғы қазан |
Жергілікті бюджет |
300,0 |
6 |
Г.Н. Потаниннің 175 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыру және өткізу. Конференцияның қорытындылары бойынша материалдар жинағын басып шығару |
Павлодар облысының әкімі |
2010 жылғы қазан-қараша |
Жергілікті бюджет |
1050,0 |
7 |
Г.Н. Потаниннің таңдамалы шығармалары жинағын басып шығару |
Павлодар облысының әкімі |
2010 жылғы қараша |
Жергілікті бюджет |
1000,0 |
ЖИЫНЫ: |
Республикалық бюджет |
2605,2 |
|||
Жергілікті бюджет |
5920,0 |