«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасы;
2) Су басқан, дебиті аз, сарқылған, өте тұтқыр көмірсутек шикізаты кен орнын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1528 қаулысымен
бекітілген
Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасы
Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу тәртібі
1. Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, осы бөлімінің 2-кіші бөлімінде айқындалған өлшемдерге сәйкес келетін келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға өтініш береді.
2. Аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш осындай күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанынан кеш емес мерзімде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде аудитті міндетті жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілген жағдайда, онда алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есептілігінің түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
3) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның өтініш берген күннің алдындағы тоқсан күнтізбелік күн бұрынғы жағдай бойынша, ағымдағы қаржы жылындағы қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған алдыңғы күнтізбелік жылдағы бюджеттің атқарылуы туралы есептемесі;
5) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;
6) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған, өтініш берген күннің алдындағы тоқсан күнтізбелік күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
7) алдыңғы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша салықтық есептілік (корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша, ағымдағы және алдыңғы күнтізбелік жылда келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша үстеме пайдаға салынатын салық (бұдан әрі – ҮПС) бойынша декларациялар);
8) КТС бойынша аванстық төлемдердің есебі (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдердің төлеушісі болса) және ағымдағы есептік жылға жоспарланған КТС мөлшерінің есептемесі;
9) КТС бойынша салықтық міндеттемелердің есебі, сондай-ақ осы кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутек шикізатының болжамды бағасына, және көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарлы көлеміне осы есептерді егжей-тегжейлі беркітумен бірге ағымдағы салық кезеңіндегі келісім-шарт бойынша сатылымдардың таза кірісінің, рентабельділігінің есептемесі;
10) келісімшарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есебі үшін пайдаланылған көмірсутек шикізатына болжамды бағаны негіздеу;
11) құзыретті органмен келісілген көмірсутек шикізатын өндірудің келісімшарт бойынша жоспарланатын көлемі.
3. Алда тұрған күнтізбелік жылда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысанда ағымдағы күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегінен асырмай, бірақ ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей беріледі, оған осы Қағиданың 2) тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам куәландырған алда тұрған күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;
2) компанияның КТС бойынша салықтық міндеттемелерінің есебі, сондай-ақ осы есептік кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутек шикізатының болжамды бағасына және келісімшарт бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарланатын көлеміне осы есептерді егжей-тегжейлі беркітумен бірге алда тұрған күнтізбелік жылға арналған келісімшарт бойынша сатылымдардың таза кірісінің, рентабельділігінің есептемесі.
3) Бұл ретте осы Қағиданың 2-тармағының 3), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер ағымдағы күнтізбелік жылдың өткен тоғыз айы үшін беріледі.
4. Уәкілетті орган толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады немесе оны қарамай-ақ қайтарады.
Қажет болса, уәкілетті орган өтініш берушіден өтініште қамтылған басқа да құжаттар мен есептерді, негіздеуші мәліметтерді сұрата алады.
5. Уәкілетті орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде өтініштің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін мына мәселелер бойынша төменде келтірілген мемлекеттік органдарға қарауға жібереді:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне – салық есептемесінің берілгендерін бекіту үшін және пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы жеке нақты мөлшерлеме бойынша ұсыныстар енгізу бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне – өтініш беруші, елдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарында расталған параметрлерге сәйкес рентабельділік деңгейін есептеу үшін пайдаланылатын тиісті күнтізбелік жылдағы мұнайдың болжамды бағасы бойынша;
3) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша заңнамалық тәртіппен бекітілген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және/немесе жобалық шешімдер мен міндеттемелерді ескере отырып, көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарланатын көлемі мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар көлемінің негізділігі мәселелері бойынша;
4) өзге мемлекеттік органдарға – уәкілетті орган қойған мәселелер бойынша.
Тиісті мемлекеттік органдардың қорытындылары уәкілетті органнан өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмесін алған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде уәкілетті органға берілуге тиіс. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтініш беруші ұсынған деректердің негізінде келісімшарт бойынша рентабельділіктің есебін жүргізеді және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың жеке ставкасының нақты мөлшері бойынша ұсыныстар дайындайды.
6. Уәкілетті орган осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың барлық қорытындыларын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, ал кен орындарын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қоса отырып, өтініш енгізеді.
Комиссия он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде мемлекеттік органдардың өтініштері мен қорытындыларын қарауға және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу немесе келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасының мөлшері туралы (келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсыныс әзірленген жағдайда) рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы ұсыныс жасауға тиісті.
7. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы комиссияның ұсынысы әзірленген жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде осы қағиданың 12-тармағына сәйкес белгіленетін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын қоса отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың тізбесіне қосу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
8. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі күнтізбелік жылға белгіленеді. Егер пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі көрсетілген жыл ішінде белгіленген жағдайда, осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелген және төленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық осы Қағидаға сәйкес белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.
9. Уәкілетті орган комиссия әзірлеген ұсыныстарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бас тарту себептерін көрсетіп, он жұмыс күнінің ішінде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткізеді.
10. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тартуға мыналар негіз болады:
КТС бойынша ұсынылған салықтық міндеттемелер есебінің, сондай-ақ тиісті күнтізбелік жылға арналған келісімшарт бойынша таза кіріс, сатылымдар рентабельділігі есебінің салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес келмеуі;
жер қойнауын пайдаланушының тиісті күнтізбелік жылда өтініш берушінің рентабельділік деңгейін есептеу үшін пайдаланатын көмірсутек шикізатына деген негізсіз болжамды бағаны қолдануы;
келісімшарт бойынша мәлімделген өндіру көлемінің тиісті күнтізбелік жылға арналған жоспарланатын өндіру көлеміне сәйкес келмеуі;
егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдағы деректермен, немесе егер өтініш алда тұрған күнтізбелік жылға берілсе, енгізілетін түзетулерді ескере отырып, көрсетілген кезеңдегі бюджеттің негізінде есептелген жыл бойынша болжамды деректерден алғанда, ағымдағы күнтізбелік жылдағы деректермен салыстыра отырып, көмірсутек шикізатының бір тоннасына есептегенде, өндіріс шығындарының, өткізу шығындарының және жалпы әкімшілік шығындарының едәуір (10 %-дан астам) және/немесе негізсіз өсуі;
кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабелділіктің нақты немесе жоспарлы деңгейі өткен күнтізбелік жылдың немесе аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша 0 %-дан жоғары болса.
Жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тартылған себептерді жойған жағдайда ол осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қайтадан өтініш бере алады.
2. Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу критерийлері
11. Егер алда тұрған күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша келісімшарт рентабельділігінің жоспарланып отырған деңгейі жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта белгіленген тәртіппен дербес жүргізген есептер бойынша тең немесе 0 %-дан аз болса, көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт рентабельділігі төмен санатқа жатады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жоспарланып отырған рентабельділік деңгейінің есептемесі, тиісті кезеңге арналған көмірсутек шикізат бағаларын қоса алғанда, күнтізбелік жылда жер қойнауын пайдаланушының болжамды деректерінің негізінде, және құзыретті орган растаған өндіру көлемінің негізінде жүргізіледі.
Келісімшарт бойынша жоспарланып отырған рентабельділік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
ТТк
СРк = ------- х 100,
ЖЖТк
формуладағы:
СТк – келісімшарт бойынша сатылымдардың рентабельділігі, пайызбен;
ТТк – осы тармаққа және жер қойнауын пайдаланушының бөлек салық есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген және Салық кодексінің 310-бабының талаптарына сәйкес бекітілген және салық органына ұсынылған келісімшарт бойынша таза табыс (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушының әдістемесі);
ЖЖТк – Салық кодексінің 310-бабының талаптарына сәйкес бекітілген жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс;
Салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша таза табыстың мөлшерін жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша айқындайды:
ТТк = СТк – КТСк,
формуладағы:
КТСк – жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы;
СТк – Салық кодексінің 133-бабында көзделген кіріс пен шығыс сомасына азайтылған, жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген келісімшарт бойынша салық салынатын табыс.
Салық салынатын табысты айқындау кезінде қосымша салық міндеттемелерінің, не өсуі табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарлар, жұмыстар) арналған көтерумен байланысты шығыстардың сомаларын ұлғайту есебінен шегерілетін шегерімдер сомаларын есептемегенде, салық кезеңіндегі шегерімдер сомасы алдыңғы салық кезеңіндегі шегерімдер сомасынан аспауға тиісті. Аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылда көмірсутек шикізат өндірудің жоспарланып отырған көлемі алдыңғы жылдың деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда шегерімдер сомасы өндіру көлеміндегі айырмашылыққа қарай түзетілуге тиісті.
12. Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған келісімшарт үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкалары келісімшарт бойынша рентабельділік деңгейі 0% деңгейге қол жеткізу мақсатында, мұнайдың бір баррелі үшін әлемдік баға шкаласы бойынша 1 АҚШ доллары өлшемімен белгіленеді.
Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық мөлшерлемесі тиісті салық кезеңінде қолданылатын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жалпы белгіленген мөлшерлемесінің 5 %-ы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған келісімшарт үшін белгіленетін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық мөлшерлемесі, осы Қағидаға сәйкес тиісті салық кезеңінде қолданылатын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жалпы белгіленген ставкаларынен аспауға тиісті.
Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған келісімшарт үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкалары тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген жыл ішінде белгіленсе, онда күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық, өткен салық кезеңдерінде нақты қалыптасқан бағалар тұрғысынан алғанда, осы тарауға сәйкес белгіленген ставкалар бойынша қайта есептеледі.
Жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінің 334-бабында белгіленген тәртіпте айқындалатын баға негізінде, осы тармаққа сәйкес белгіленген ставкаларды дербес қолданады.
13. Салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіруге арналған осы салық ставкалары қолданылған күнтізбелік жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде, осы тармаққа сәйкес белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге жалпы белгіленген салық ставкаларын қолдана отырып, осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын қолдана отырып, нақты деректердің негізінде өткен жылғы рентабельділік көрсеткіштерінің есебін жүргізеді.
Егер келісімшарт бойынша нақты рентабельділік деңгейі 0% мәннен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша салықтық міндеттемелерді мына формула бойынша есептелетін ставка бойынша қайта есептеуді жүргізеді:
ЖЖТк - Шк
СТк = --------- х 100,
СБк
формуладағы:
СТк – келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасы (ПҚАС ставкасы), пайызбен;
ЖЖТк – келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген жылдық жиынтық табыс;
Шк – ПҚАС-ты есептемегенде, келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген шегерімдер;
СБк – келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген ПҚАС-тың салықтық базасы.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚАС ставкаларының мөлшері үтірден кейін үлкенге қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі, және осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бастапқы мәндердің шеңберінен аспауға тиісті.
Жер қойнауын пайдаланушы ПҚАС ставкасының алынған мәнін күнтізбелік жылында төлеуге жататын ПҚАС сомасын есептеу үшін қолданылады. Егер осы тармаққа сәйкес күнтізбелік жылы ішінде есептелген ПҚАС сомасы осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес күнтізбелік жылы ішінде есептелген ПҚАС сомасынан асып кетсе, тиісті артылған сома пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық сомасы күнтізбелік жылының 4-тоқсанының салықтық міндеттемелері болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер өзгерген жағдайда осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттемелерді салықтық есептеу жүргізіледі.
Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу тәртібі
1. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі
14. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы уәкілетті органға өтінішті сонымен бір мезгілде мына талаптарды орындай отырып бере алады:
1) кен орны осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген критерийлердің біріне сәйкес келеді;
2) кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің көлемі жылына 3 (үш) миллион тоннадан аспайды;
3) өткен күнтізбелік жылдың немесе аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша рентабелділіктің нақты немесе жоспарланған деңгейі кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша 25 %-ға тең немесе одан төмен.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабелділіктің есебі кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша көрсеткіштер негізінде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес жүргізіледі.
15. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініші осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиісті:
1) Кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қол жеткізілген технологиялық көрсеткіштерінің бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы есеп;
2) қорлар мен тау-кен бөлінуі жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасының көшірмесі;
3) өтініш берілген күннің алдындағы соңғы тоқсанның аяқталған күнгі жағдай бойынша келісімшарттық (лиценизиялық) міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
4) осы Қағиданың 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.
16. Уәкілетті орган өтініш берушінің осы Қағиданың талаптарын бұза отырып немесе толық емес және дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, оны қабылдаудан бас тартады немесе қарамай қайтарады.
Қажет болған кезде уәкілетті орган өтініш берушіден өтініште қамтылған басқа да құжаттар мен есептеулерді, негіздеуші мәліметтерді сұрата алады.
17. Өтініш түскеннен кейін уәкілетті орган кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының критерийлеріне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және өтініш берушінің бекітілген жобалық шешімдерді сақтауы туралы қорытынды дайындау үшін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініштің көшірмесі мен оған қоса берілетін құжаттарды 5 тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне қарауға жібереді.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі өтінішті алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға өз қорытындысын береді.
18. Мемлекеттік органдардың қорытындыларын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган комиссияның қарауына қорытындымен қоса өтініш енгізеді.
19. Комиссия он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті қарайды және кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу немесе жатқызудан бас тарту туралы ұсынысты әзірлейді.
20. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындары санатына жатқызу туралы шешім шығарылған жағдайда уәкілетті орган он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және келісуге жібереді, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиісті:
тау-кендік бөлуге сәйкес кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы және координаттары;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және лицензияның (бар болса) берілген күні және тіркеу нөмірі;
осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін бір немесе бірнеше өлшем;
Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі қабылданған, күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық, қосымша декларациялар беру жолымен, Салық кодексінің 334-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын, өткен салық кезеңдерінде нақты қалыптасқан бағалар тұрғысынан Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған күнтізбелік жылдың бірінші салық кезеңінен бастап өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ставкалар бойынша қайта есептеледі.
Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың әртүрлі ставкалары белгіленген осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген бірнеше критерийлерге сәйкес келген жағдайда, көрсетілген салықты есептеу мен төлеу мақсаттары үшін мәні мейлінше аз ставка қолданылады.
21. Пайдалы қазбаларды өндіруге осы Қағиданың 20-тармағының екінші бөлігіне сәйкес салық ставкаларын қолданған салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіруге осы ставкалар қолданылған күнтізбелік жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кеш емес мерзімде өткен жыл үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша нақты деректемелер негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз, сарқылған кен орындарын игеретін көмірсутек шикізатының кен орындарын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) пайдалану үшін белгілеген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын қолдана отырып, нақты рентабельділік есебін шығарады.
Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелетін нақты рентабельдік деңгейі 20% мәннен асып кеткен, бірақ 25% мәннен аспаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз, сарқылған кен орындарын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгілеген салық ставкаларын Қазақстан Республикасының Салық кодексі тиісті жылға белгілеген ПҚАС-тың 5 %-ға өсірілген базалық ставкалары бойынша салықтық міндеттемелерін қайта есептеуді жүргізеді.
Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелген нақты рентабельділік деңгейі 25% мәннен асып кеткен жағдайда жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салықтық міндеттемелерді мына формула бойынша есептелетін ставка бойынша қайта есептеуді жүргізеді:
ЖЖТб х (0,75-К) - Шб х (1-К)
СТб = -------------------------------- х 100,
СБб х (1-К)
мұнда:
СТб – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша ПҚАС ставкасы, пайызбен;
ЖЖТб – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген жылдық жиынтық табыс;
Шб – ПҚАС-ты қоспағанда, кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген шегерімдер;
СБб – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген ПҚАС-тың салықтық базасы;
К – салық заңнамасымен тиісті салық кезеңіне белгіленген пайыздағы ставканы 100-ге бөлу арқылы ондық бөлшекке ауыстырылған корпоративтік табыс салығы ставкасының мәні.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚАС ставкаларының мөлшері үтірден кейін үлкенге қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі және осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бастапқы мәндердің шеңберінен аспауға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы ПҚАС ставкасының алынған мәнін күнтізбелік жылда төлеуге жататын ПҚАС сомасын есептеу үшін қолданады. Егер осы тармаққа сәйкес өткен күнтізбелік жылы есептелген ПҚАС сомасы өткен күнтізбелік жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгілеген ставка бойынша есептелген ПҚАС сомасынан асып кеткен жағдайда, тиісті артылған сома пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық өткен сомасы күнтізбелік жылдың 4-тоқсанының салықтық міндеттемелері болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағиданың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер өзгерген жағдайда осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттемелерді салықтық есептеу жүргізіледі.
22. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындары санатына жатқызудан бас тарту туралы шешімді комиссия әзірлеген ұсыныстарды ескере отырып, уәкілетті орган қабылдайды және он жұмыс күнінің ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып, жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткізеді.
23. Мыналар кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызудан бас тартудың негіздері болады:
КТС бойынша салықтық міндеттемелердің тапсырылған есебінің, сондай-ақ таза табыс есебінің, келісімшарттар бойынша тиісті күнтізбелік жылға сату рентабелділігінің заңнамаға, соның ішінде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес келмеуі;
өтініш беруші рентабелділік деңгейін есептеу үшін пайдаланған тиісті күнтізбелік жылға жер қойнауын пайдаланушының көмірсутек шикізатына негізделмеген болжамды бағаны қолданғаны;
өндірудің мәлімделген көлемдерінің өндірудің жоспарланған көлемдеріне сәйкес келмеуі;
кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабелділіктің нақты немесе жоспарлы деңгейі өткен күнтізбелік жылдың немесе аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша 25 %-дан жоғары болса.
Кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген, мәлімделген критерийлердің бірде-біреуіне сәйкес келмеуі;
мәлімделген критерийлерге (критерийге) өтініш берушінің бекітілген жобалық шешімдерді (құжаттарды) бұзуы салдарынан қол жеткізілген.
24. Заңнамада белгіленген тәртіппен жобалық шешімдерге (құжаттарға) сәйкес кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға арналған шараларды қабылдаудың нәтижесінде кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін жүргізілген, өтініште көрсетілген кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) параметрлерін өзгерту бұрын қабылданған шешімді қайта қарауға негіз болмайды.
Өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе игерілу критерийлеріне қарай сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген кен орны бойынша бастапқы бекітілген қорларды және мұнайдың орташа тәуліктік дебитін ұлғайтқан жағдайда, егер критерийді өзгерту жер қойнауын пайдаланушы қабылдаған кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға бағытталған шаралармен байланысты болмаса, мұндай ұлғайтудың нәтижесінде кен орны көрсетілген критерийге сәйкес келмесе, комиссия бұрын қабылданған шешімді қайта қарайды.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жыл сайын өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе игерілу критерийлеріне қарай сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген кен орындары (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қазылып алынатын қорлар туралы деректерді береді.
Осы тарауда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органға өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе игеру критерийлеріне қарай сарқылған кен орындарының тізбесінде көрсетілген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін критерийін (критерийлерін) өзгерту бойынша өтініш бере алады.
2. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу критерийлері
25. Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі), кен орнында (кен орындарының бір тобында, кен орнының бір бөлігінде) игеру барысында бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес сарқылу, су басу, мөлшердің азаю көрсеткіштерінің біріне қол жеткізілген не кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) мұнайдың өте тұтқырлығымен сипатталған жағдайда, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызылуы мүмкін, олар мынадай мәндерге сәйкес келеді:
1) көмірсутек шикізаты кен орнының (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орнының, кен орнының бір бөлігінің) сарқылуы белгіленген тәртіппен бекітілген қазылып алынатын қордың 80 және одан да көп пайызын құрайды.
Кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) сарқылу дәрежесі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Сд – бекітілген қазып алынатын қордың пайыздарында көрсетілген мұнай қорының сарқылу дәрежесі;
Qж – тұтастай тоннамен алынған кен орнындағы (кен орнының бір бөлігіндегі) жинақталған мұнай өнімі;
Qқ – мұнайдың бекітілген қазылып алынатын қоры тоннамен;
2) көмірсутек шикізаты кен орнының (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орнының, кен орнының бір бөлігінің) өнімін су алуы тоқсан және одан да көп пайыз құрайды.
Кен орнын (кен орнының бір бөлігін) су алуы мынадай формула бойынша есептеледі:
формуладағы:
Ом – кен орнын (кен орнының бір бөлігін) су алу пайызы;
Qв – өтініш берген күннің алдындағы кемінде бір жыл бұрынғы кезеңде өндірілген су көлемі;
Qж – өтініш берген күннің алдындағы кемінде тізбектілік бір жыл бұрынғы кезеңде өндірілген сұйық көлемі;
3) кен орны (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орны, кен орнының бір бөлігі) мұнайының қойнауқат жағдайындағы өте тұтқырлығы 200 мПа х секундты және одан да көп уақытты құрайды;
4) кен орны (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орны, кен орнының бір бөлігі) ұңғымаларының орташа шығымы тәулігіне кемінде үш тоннаны құрайды.
Кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша бір ұңғыма мұнайының орташа тәуліктік шығымы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
qн – кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша бір ұңғыма мұнайының орташа тәуліктік шығымы;
Qн – кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша өтініш берген күннің алдындағы кемінде тізбектілік бір жыл бұрынғы кезеңде мұнай өндірудің орташа тәуліктік көлемі;
N – кен орны (кен орнының бір бөлігі) ұңғымаларының тиісті кезеңдегі қолданыстағы өндіруші қорының орташа мөлшері.
Көмірсутек шикізаты кен орнын
игеруді көздейтін жер қойнауын
пайдалануға арналған келісімшартты
рентабельділігі төмен санатқа,
сондай-ақ көмірсутек шикізаты кен
орнын (кен орындарының бір тобын,
кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр,
су басқан, дебиті аз немесе сарқылған
кен орындарының санатына жатқызу
қағидасына қосымша
Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы
ӨТІНІШ
1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды не жеке тұлғаның) толық
атауы: _____________________________________________________________.
2. Тұратын жері (пошталық мекенжайы):________________________.
3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ___________________________.
4. Шеңберінде көмірсутек шикізатын өндіру жүзеге асырылатын
және кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін)
рентабельділігі төмен өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе
сарқылған кен орындарының санатына жатқызу тәртібін қолдану күтілетін
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт:
4.1. Келісімшарттың толық атауы, келісімшарттың тараптары,
келісімшарт жасалған күн:___________________________________________;
4.2. Құзыретті органда келісімшартты тіркеу күні мен нөмірі:__;
4.3. Келісімшарттың (кен орнының, кен орындарының бір тобының,
кен орнының бір бөлігінің) атауы:___________________________________;
4.4. Келісімшарттық аумақтың (кен орнының, кен орындарының бір
тобының, кен орнының бір бөлігінің) орналасуы ______________________;
4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі_______________________;
5. Арыз беруге негіздеме (таңдаған жолдарға «Х» белгісі қойылсын):
рентабельділігі төмен
өте тұтқыр
су басқан
дебиті аз
сарқылған
6. Байланыстырушы тұлға (аты-жөні, лауазымы, телефоны):
____________________________________________________________________.
Қосымшалар:
_______________________
_______________________
_______________________
Басшының аты-жөні, лауазымы _________________________________________
МО
Өтініш берілген күн: 20__ ж. «___» _______________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1528 қаулысымен
бекітілген
Су басқан, дебиті аз, сарқылған, өте тұтқыр көмірсутек шикізаты кен орнын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкалары
1. Өте тұтқыр кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с |
Жылдық өндіру көлемі |
Тұтқырлығы 200-ден 300 мПа х сек болғандағы ставкалар, %-бен |
Тұтқырлығы 300 мПа х сек және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
1,5 |
0,25 |
2. |
қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін |
2,1 |
0,35 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
3,0 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
5,4 |
0,9 |
2. Су басқан кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с |
Жылдық өндіру көлемі |
Су алғыштығы 90-нан 95 %-ке дейінгі ставкалар, %-бен |
Су алғыштығы 95% және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
1,5 |
0,25 |
2. |
қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін |
2,1 |
0,35 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
3 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
5,4 |
0,9 |
3. Сарқылған кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с |
Жылдық өндіру көлемі |
Сарқылғыштығы 80-нен 95 %-ке дейінгі ставкалар, %-бен |
Сарқылғыштығы 95% және одан жоғары болғандағы ставкалар, %-бен |
1 |
2 |
4 |
5 |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
1,5 |
0,25 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
3 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
5,4 |
0,9 |
4. Дебиті аз кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық ставкалары:
Р/с № |
Жылдық өндіру көлемі |
Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 2 т-дан 3 т-ға дейінгі ставкалар, %-бен |
Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 1 т-дан 2 т-ға дейінгі ставкалар, %-бен |
Ұңғымалардың шығымсыздығы тәулігіне 1 т-дан аз болғандағы ставкалар, %-бен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
қоса алғанда 250 000 тоннаға дейін |
2,5 |
1,5 |
0,25 |
2. |
қоса алғанда 500 000 тоннаға дейін |
3,5 |
2,1 |
0,35 |
3. |
қоса алғанда 1 000 000 тоннаға дейін |
4 |
2,4 |
0,4 |
4. |
қоса алғанда 2 000 000 тоннаға дейін |
4,5 |
2,7 |
0,45 |
5. |
қоса алғанда 3 000 000 тоннаға дейін |
5 |
3 |
0,5 |
6. |
қоса алғанда 4 000 000 тоннаға дейін |
5,5 |
3,3 |
0,55 |
7. |
қоса алғанда 5 000 000 тоннаға дейін |
6 |
3,6 |
0,6 |
8. |
қоса алғанда 7 000 000 тоннаға дейін |
6,5 |
3,9 |
0,65 |
9. |
қоса алғанда 10 000 000 тоннаға дейін |
7,5 |
4,5 |
0,75 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
9 |
5,4 |
0,9 |