Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Бағдарлама Паспорты» деген 1-бөлімде:
«Бағдарламаның міндеттері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның міндеттері 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Кәсіпкерлердің валюталық
тәуекелдерін төмендету
4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту»;
«Кіріспе» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарлама шеңберінде ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған кредиттер субсидияланбайды.»;
он бірінші бөліктегі «экспорттаушы - өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер» деген абзац алынып тасталсын;
он екінші бөліктің екінші абзацындағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
бірінші бөлікте:
«үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.».
«Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:
екінші бөліктің бесінші және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін, 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер субсидиялауға жатады.»;
Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында:
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.»;
алтыншы бөлік алынып тасталсын;
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттарында:
тоғызыншы бөлік алынып тасталсын;
«Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары» және «Кадрлар даярлау, жастар саясаты мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру» деген кіші бөлімдер алынып тасталсын;
«Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Сауда жүйелерін салуға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған, мыналарды қамтыған қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы, қолданыстағы кредиттері бар кәсіпкерлер:
кемінде 2 жыл мерзімге тауарлар жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілермен шарттар жасасу;
қазақстандық өндірушілердің тауарларын сату - тауар ассортименті кемінде 30%;
қазақстандық тауарлардың тауар айналымы - есепті жылдың алдындағы жылғы жалпы тауар айналымының кемінде 60%;
азық-түлік, оның ішінде азық-түлік себетіне кіретін тауарлармен бөлшек сауданы жүзеге асыру;
сауда объектісінің аумағында қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлерге жалпы ауданның кемінде 60% сауда алаңын беру;
өндірушілер аффилиирлеген қазақстандық өндірушілердің тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілер немесе кәсіпкерлер алдында тауарларға ақы төлеуді жүзеге асыру - қабылданған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей;
сауда сөрелерінде қазақстандық тауарларды орналастыру бойынша ең пайдалы жағдай жасау;
қазақстандық өндірушілер үшін кіру бонустарын жою;
сауда желілері есебінен сауда желілері жүргізетін қазақстандық өндірушілердің жарнамалық акцияларын жүзеге асыру;
негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен сауда кәсіпорындары арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу.
Банктердің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау үшін сауда желілерін іріктеу өлшемдері;
қызметтің негізгі түрі бойынша жұмыспен қамтылған, штаттық саны кемінде 100 адамнан тұратын бөлшек сауданы жүзеге асыру;
дүкендердің жалпы жиынтық ауданы - кемінде 2 000 шаршы м;
акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) Қазақстан Республикасының резидентіне (резиденттеріне) немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке кәсіпкерлерге тиесілі заңды тұлғаның меншік құқығында болуы;
кәсіпорынның саладағы жұмыс кезеңі - кемінде 2 жыл;
2 және одан көп сауда объектісінің болуы.
7. Бағдарлама шеңберінде қазақстандық өндірушілерді қолдаудың жоғарыда көрсетілген шарттарының сақталу мониторингін Қаржы агенті жүзеге асыратын болады.»;
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында:
сегізінші бөлік «және/немесе кредитті қайта қаржыландыруға» деген сөздермен толықтырылысын;
сегізінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда желілерін алуға және оның жұмыс істеуіне бағытталған, айналым қаражатын толықтыру үшін алынған кредиттер/кредиттердің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды (егер осы шарттарда өзгеше көздемесе).»;
тоғызыншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аударған күнге белгілеген бағам бойынша теңгемен төленеді.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.»;
«Үшінші бағыт: «Экспортқа бағдарланған өндірісті қолдау» деген кіші бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиттік міндеттемелер мөлшерінің ұлттық валютаның ауытқуына тәуелділігін және тиісінше валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін азайту үшін қолда бар ұлттық және/немесе шетелдік валютадағы кредиттер бойынша проценттік ставканың бір бөлігін субсидиялау түрінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлерге Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.».
Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдерінде:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы «үмітсіз» немесе «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, тиісті қаржы жылында ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер қатыса алады:»;
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында:
үшінші бөліктегі «экспорттаушы» деген сөз «кәсіпкер» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады»;
жетінші бөліктегі «7 %-ын борышкер төлейді, ал 5%» деген сөздер «5 %-ын борышкер төлейді, ал 7%» деген сөздермен ауыстырылсын;
Үшінші бағытты іске асыру тетігінде:
1-тармақта:
«экспорттаушы» деген сөз «кәсіпкер» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Экспорттаушы жекелеген тауарлар бөлінісінде экспорттық жеткізілімнің көлемдері және бағыттары бойынша ақпаратты» деген сөздер «Кәсіпкер тиісті қаржы жылындағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде валюталық пайдасы барына растайтын ақпарат пен құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы «экспорттаушылардың» деген сөздер «кәсіпкерлердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «экспорттаушы» деген сөз «кәсіпкер» деген сөзбен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Төртінші бағыт: Кәсіпкердің әлеуетін күшейту:
Төртінші бағыт өндірістерді жаңғырту және бизнесті басқарудың қазіргі заманғы моделдерін енгізу мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету:
ісін жаңа бастаған кәсіпкерліктерді қолдау (старт-ап жобалары);
жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау;
шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;
шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату жолымен өндірістерді жаңғырту және кеңейту (бұдан әрі - «Іскерлік байланыстар» жобасы);
еңбек нарығы талап ететін мамандықтар бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау болып табылады.
Экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнестің әлеуетті және жұмыс істейтін кәсіпкерлері Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
Еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды және «жастар практикасын» ұйымдастыруды қоспағанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы осы бағыт бойынша Бағдарламаның Операторы (бұдан әрі - Оператор) болып табылады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) Оператордың стандартталған қызметтер пакетін ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:
кәсіпкерлерді және халықты кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне («Бизнес кеңесші» жобасы) қысқа мерзімді оқыту;
кәсіпкерге қажетті құжаттардың стандартын пакетін ұсыну;
ақпараттық-талдамалық қолдау және кәсіпкерлердің кәсіпорындардың бірыңғай базасына геоақпараттық жүйе арқылы еркін қол жеткізуін ұйымдастыру;
экономиканың басым салаларында маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін беру.
«Бизнес кеңесші» жобасын Оператор іске асыратын болады және ол меншікті бизнес құру, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңды негіздері, қаржы және салық салу бойынша оқытуды қамтиды.
Қысқа мерзімді оқу үдерісінде кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқу материалдары, құрылтай құжаттарын, үлгі бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді, кредит алуға арналған құжаттарды, сондай-ақ сала бойынша маркетингтік зерттеулердің есептерін қамтитын құжаттардың стандартты пакеті берілетін болады.
Құжаттардың стандартты пакеттері кәсіпкерлерге «Бизнес кеңесші» жобасы шеңберінде оқу барысында да және кәсіпкерлердің сұрауы бойынша жеке негізде де қағаз және электронды тасығыштарда берілетін болады.
Инновациялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы қолдау көрсетеді.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшада көзделген экономиканың басым секторларында қызметін жоспарлаған және жүзеге асыратын әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге басым түрде қолдау көрсетілетін болады.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) тетігі
1) Оператор жергілікті атқарушы органдарды, әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді ұсынылатын қызметтердің тізбесі туралы хабар етеді.
2) Өтінім беруші Операторға қажетті қызметтер алу үшін қағаз және/немесе электронды түрде өтінім береді.
3) Оператор оқу курстарының мазмұнын және қатысушылардың құрамын және/немесе қажетті құжаттардың стандартты пакетін қалыптастырады және Өтінім берушіге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
4) Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде оқу өткізу үшін қажетті үй-жайлар береді, сондай-ақ кәсіпкерлердің және халықтың тұрғылықты жері бойынша сұраулары бойынша қажетті құжаттардың стандартты пакетін беруде жәрдемдеседі.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау оның тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді ұсынуды қамтиды:
бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және есептілікті құру;
статистикалық есептілікті құру;
кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша консультация беру;
заң консультациясы;
маркетинг мәселелері бойынша консультация беру;
ақпараттық технология саласында қызмет көрсету.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары.
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілетін болады. Қызметтерді қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлер үшін мамандандырылған қызметтер тегін көрсетілетін болады.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі.
1. Өтінім беруші мамандандырылған сервистік қызмет көрсету өтінімімен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш жасайды.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін берілген өтінімдерді ескере отырып, қызметтер тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сервистік компанияны айқындайды.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Сервистік компаниямен мамандандырылған сервистік қызметтер көрсету шартын жасайды.
4. Сервистік компания Өтініш берушімен мамандандырылған сервистік қызмет көрсету шартын жасайды.
5. Шартта бекітілген қызмет құнына сәйкес Сервистік компания Өтінім берушіге қызметтер көрсетеді. Бұл ретте кәсіпкер алатын белгілі бір қызмет саны шарттың қолданысы мерзімі ішінде шектеулі. Кәсіпкер алған әр қызмет құжатпен расталуы тиіс. Айыппұлды, өсімпұлды және өзгелерді қоса алғанда, толық және сапалы қызмет көрсету жауапкершілігі Сервистік компанияға жүктеледі. Сервистік компанияның қызметтеріне ақы төлеу тиісті сапамен кәсіпкер қызметтерді толық көлемде алғаны расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мамандандырылған қызметтерді алатын кәсіпкерлердің базасын қалыптастырады және Операторға тізімін береді.
7. Опертор көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізуге, кәсіпорындарды тиімді басқарудың дағдыларын дамытуға және «Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Назарбаев Университеті» АҚ) бизнес-мектебі базасында шетелдік оқыту орталықтарын тарта отырып, тактикалық және стратегиялық бизнес-міндеттерді шешуге бағытталған.
Оқу процесі бизнесті құрудың жаңа моделін зерделеуге, бизнесті жүргізуде туындайтын мәселелерді дербес шешу дағдыларын қалыптастыру мақсатында нақты бизнес-ахуалдарды моделдеуге негізделеді.
Оқыту бағдарламасы бизнесті жүргізудің қазақстандық практикасына бейімделген, Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары толтырған талдау анкетасы негізінде әзірленетін, бизнес-кейстерді қамтитын болады. Бизнес-курстар бағдарламасын Оператордан және тәуелсіз сарапшылардан тұратын «Назарбаев Университеті» АҚ жанындағы Сараптама кеңесі бекітетін болады.
Оқу аяқталған соң жергілікті жерлерде кәсіпкерлер бизнес-жоспарлар әзірлейді. Одан әрі кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша тағылымдамаға қатысу үшін бизнес-жоспарларын бере алады.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Бағдарламаның қатысушысы бола алады.
Бағдарламаға қатысушылар оқуға барып-келуін және тұратын орнын дербес төлейді.
Қатысушылардың оқу шығыстарын төлеу республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту тетігі
1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларға конкурстық іріктеудің басталғаны туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
2. Өтінім беруші жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге немесе уәкілетті органға белгіленген нысанда оқуға арналған өтінім береді. Уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жиынтық өтінімдер қалыптастырады және оларды ӨҮК қарауына шығарады.
3. ӨҮК кандидатураларды талқылау нәтижелері бойынша іріктеу өткізеді және Өтінім берушінің Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Уәкілетті органға ӨҮК мақұлдаған жиынтық өтінімді келісуге жібереді.
5. Уәкілетті орган Жұмыс тобының қарауына жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден және тікелей Өтінім берушіден түскен жиынтық өтінімдерді енгізеді.
6. Жұмыс тобы Өтінім берушілердің Бағдарламаға қатысуын тиісті Хаттамамен мақұлдайды.
7. Уәкілетті орган «Назарбаев Университеті» АҚ-ға мақұлданған Бағдарлама қатысушыларының тізбесін жібереді.
Оператор «Назарбаев Университеті» АҚ-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорындарды дамыту жөніндегі қызметіне кейіннен мониторинг жүргізеді.
«Іскерлік байланыстар» жобасы (бұдан әрі - Жоба) халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен өндірістерді жаңғыртуға қолдау көрсетуге бағытталған.
Жоба екі кезеңнен тұратын болады:
Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады.
Осы кезеңде бизнес жүргізудің осы заманғы әдістерін, маркетингті үйретуге, бизнес-серіктестіктермен және т.б. іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған бизнес-тренингтер өткізіледі. Оқу процесінде Жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаға қатысушылар алынған консультацияларға сәйкес бизнес-жоспарларын дербес пысықтайды және кейіннен Жобаның екінші кезеңінде конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Екінші кезең Жобаға қатысушылар үшін шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, оның ішінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату үшін көздейді және мыналарды қамтиды:
ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдама;
мына мәселелер бойынша іскерлік байланыстар орнату:
технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзара жеткізу;
франшиз сатып алу;
халықаралық және шетелдік ұйымдардан гранттар алу;
бірлескен кәсіпорындар құру.
Жобаны Қазақстан аумағында іске асыруды Оператор сүйемелдейтін болады. Қазақстанның кәсіпкерлік секторының қажеттілігін және қабылдаушы елдің салаларының даму деңгейін ескере отырып, Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға халықаралық және шетелдік ұйымдар (Еуропада - Еуропалық Одақ ұйымы, Америка Құрама Штаттарында - ЮСАИД, Кореяда - КОІСА, Японияда - ЛСА, Германияда - Германия халықаралық ынтымақтастық орталығы) жәрдемдесетін болады.
Халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық және шетелдік ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберіне негізделеді.
Кәсіпкерлерді даярлау және оларды одан әрі шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу өңірдің қажеттілігіне сол немесе басқа да мамандықтар бойынша, сондай-ақ өңірдің даму басымдықтарына сәйкес болуы қажет.
Жоба шеңберінде «Жергілікті жеткізуші» құрамдауышы іске асырылады, оның шеңберінде ірі инвесторларға (ұлттық компаниялар, мұнай өндіру және кен металлургия кешені және басқа да жүйе құраушы кәсіпорындар) өз тапсырыстарын жергілікті жеткізушілер арасында орналастыру бойынша ынтымақтастықтық тетігі ұсынылады. Ірі инвесторлар сатып алынатын тауарлар (жұмыстар мен қызметтер), осы тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) сапасына қойылатын талаптар бойынша ақпарат береді.
«Аға Сеньорлар» құрамдауышын іске асыру Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және жабдықты тікелей енгізу жөнінде, сондай-ақ Жобаның бірінші кезеңінде бизнес-тренинг өткізу үдерісінде де консультациялар беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар, зейнетке шыққан, жоғары білікті шетел маманын тартуға бағдарланған.
Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесіп Қазақстан аумағында «Аға Сеньорлар» құрамдауышына ұйымдық сүйемелдеуді жүргізетін болады.
«Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру шарттары.
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Жобаның қатысушысы бола алады.
Жобаның іс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты халықаралық және шетелдік ұйымдардың байланысты және байланысты емес гранттарының, сондай-ақ Жобаға қатысушылардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-тренинг бойынша шығыстарын төлеу, сондай-ақ «Аға Сеньорлар» құрамдауышы бойынша шетел сарапшыларын тарту республикалық бюджет қаражаты және байланысты және байланысты емес гранттар есебінен жүзеге асырылады.
Екінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыру:
Жобаға қатысушылардың шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамасын қаржыландыру республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады, оның ішінде көлік шығыстарын, тұруды қамтиды.
Жобаға қатысушылардың шетелдегі тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша қызметтер байланысты және байланысты гранттардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Жобаға қатысушылар Қазақстан аумағында тұру, оқу орнына баратын және қайтатын жолын өздері төлейді.
«Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру тетігі.
«Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезеңін іске асыру тетігі.
1. Өтінім беруші жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне белгіленген нысанда қатысуға өтінім береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі өтінімдерді қарайды және экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің өтінімдеріне іріктеу жүргізеді және Операторға іріктеуден өткен қатысушылар тізімін жібереді.
3. Оператор жиынтық өтінім қалыптастырады, оны салалар (кіші салалар) бойынша топтайды және тиісті салалар бойынша бизнес-тренингтер және кейіннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды халықаралық және шетелдік ұйымдарға қарауға жібереді.
4. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесіп, Оператор ұсынған салалар тізбесінен қабылдайтын елдің мамандануына байланысты салаларды (кіші салаларды) іріктейді және Бағдарламаға қатысушыларға іріктеу жүргізеді.
5. Оператор салаларды халықаралық және шетелдік ұйымдар бойынша бөлуді және Жобаға қатысушыларының мақұлданған тізімін Уәкілетті органға келісуге енгізеді.
6. Уәкілетті орган халықаралық және шетелдік ұйымдармен және Оператормен бірлесіп, Жобаға қатысушылар үшін оқу бағдарламасын әзірлейді және бизнес-тренингтер ұйымдастырады, оның шеңберінде Жобаға қатысушылар өз кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
7. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Уәкілетті органмен және Оператормен бірлесіп, саланың (кіші саланың) іріктелген тізбесіне сәйкес бизнес-тренингтер өткізу үшін осы салаларда (кіші салаларда) тиісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтік компанияларды, бизнес-жаттықтырушыларды және сарапшыларды тартады.
8. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаға қатысуды жалғастырғысы келетін Жобаға қатысушылар Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін өз бизнес-жоспарларын тікелей кәсіпорында пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларын халықаралық және шетелдік ұйымдарға және Операторға ұсынады.
Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін «Назарбаев Университеті» АҚ-ның бизнес-мектебі базасында Бағдарлама шеңберінде оқудан өткен кәсіпкерлер де өтінім бере алады.
«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңін іске асыру тетігі.
1. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесіп, Жобаның бірінші кезеңінде әзірленіп, ұсынылған үздік бизнес-жоспарларға іріктеу жүргізеді және Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін қатысушылардың тізбесін Уәкілетті органға енгізеді.
2. Уәкілетті орган Жұмыс тобының қарауына қатысушылардың тізбесін енгізеді.
3. Халықаралық және шетелдік ұйымдар Оператормен бірлесіп, топтық бағдарламалардың күнтізбесін жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін серіктес-кәсіпорындар іздестіруді жүзеге асырады және Бағдарламаға қатысушыларды тағылымдамаға жібереді.
4. Қатысушылар тағылымдама нәтижелері бойынша алынған білім, тәжірибе және технологияны есепке ала отырып егжей-тегжейлі Даму жоспарын дайындайды.
5. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесіп Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың Даму жоспарларының іске асырылуына мониторингі жүргізеді.
«Жергілікті жеткізуші» құрамдауышының шеңберінде Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ) бірлесіп, кәсіпкерлерге әлеуетті тапсырыс берушілер сапалы сипаттамасын көрсете отырып, талап етілетін номенклатура және талап етілетін тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) көлемі, оның ішінде өңірде қызметін жүзеге асыратын ірі инвесторлардың шетелдік жеткізушілердің тауарларымен (жұмыстарымен және қызметтерімен) ұқсас тауарлар туралы, оның ішінде Оператордың және «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның веб-порталдарында орналастыра отырып, ақпарат береді.
«Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жобаға қатысушылардың әлеуетті тапсырыс берушілермен іскерлік байланыстар орнатуына ықпал етеді.
2011 жылдан бастап Бағдарламалардың жобаларын және Өңірлерді индустрияландыру картасын іске асыру үшін:
еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және қайта даярлау;
кіші және орта бизнес үшін кадрлардың біліктілігін арттыру;
жастар практикасын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар көзделген.
Кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын базаларында, сондай-ақ оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады.
еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша Кадрларды даярлау жағдайлары
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау шарттары Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау кәсіпорындардың өтінімдері негізінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қажеттілігіне көңіл бөле отырып даярлау Жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың контингенті жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптарын бітірушілер арасынан қалыптастырылады.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру тетігі
1. Кәсіпорындар жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге мамандықтарды және орын санын көрсете отырып, кадрлар даярлауға өтінім береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі кәсіпорындардың өтінімдері негізінде кадрлар даярлау жоспарын әзірлеп, ӨҮК қарауға және бекітуге ұсынады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі Мамандар даярлаудың бекітілген жоспарын білім саласындағы жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі - Білім басқармасы) жібереді.
4. Мамандар даярлаудың бекітілген жоспары негізінде Білім басқармасы базасында даярлау жүзеге асырылатын оқу орындарының тізбесін белгілейді, бұл оқу орындарымен екі жақты шарттар жасап, оларға кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
5. Оқу орындары алынған мемлекеттік тапсырысқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырылатын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес қабылдауды жүзеге асырады.
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі, кәсіпорындар және базаларында даярлау жүзеге асырылатын оқу орындары арасында кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кадрлар даярлау туралы үш жақты шарттар жасалады.
7. Оқу орындары кадрлар даярлау жөніндегі оқу жоспарларын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және тапсырыс беруші кәсіпорындармен келіседі.
8. Оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізгеннен кейін он күн мерзімде Білім басқармасына оқуға қабылдау және ұйымдастыру жөніндегі есепті белгіленген нысандарда ұсынады.
9. Оқу орындары есептер бергеннен кейін Білім басқармасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - БҒМ) және Уәкілетті органға оқуға қабылдау және ұйымдастыру жөніндегі қорытынды есепті белгіленген нысандарда ұсынады.
10. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кадрлар даярлауды іске асыру мен бітірушілерді жұмысқа орналастырудың тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізіп, Уәкілетті орган мен БҒМ-ға ақпарат береді.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау шарттары
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау кәсіпорындардың өтінімдері негізінде шағын және орта бизнес қажеттілігіне көңіл бөле отырып, кадрларды қайта даярлау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың контингенті кәсіпорындар қайта даярлауға жіберетін қызметкерлердің арасынан, сондай-ақ жұмыстан босаған қызметкерлердің, жұмыссыздардың, оралмандардың және жұмыспен қамту органы жіберетін мақсатты топқа жатқызылған басқа да адамдардың арасынан қалыптастырылады.
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау тетігі
1. Кәсіпорындар мен өңірлік деңгейдегі халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - Жұмыспен қамту органы) мамандықтар тізбесі мен орын санын көрсете отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге мамандарды қайта даярлауға өтінім береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпорындардың өтінімдері негізінде Кадрларды қайта даярлау жоспарын әзірлеп, Жұмыспен қамту органымен келіседі және ӨҮК-ге қарауға және бекітуге ұсынады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Кадрларды қайта даярлаудың бекітілген жоспарын Білім басқармасына және Жұмыспен қамту органына жібереді.
4. Кадрларды қайта даярлаудың бекітілген жоспары негізінде Білім басқармасы базасында кадрларды қайта даярлау жүзеге асыратын оқу орындарының тізбесін анықтайды, осы оқу орындарымен екі жақты шарттар жасап, оларға кадрларды қайта даярлауға мемлекеттік тапсырыс орналастырады.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, кадрларды қайта даярлауға өтінім берген кәсіпорындар немесе Жұмыспен қамту органы, базасында қайта даярлау жүзеге асырылатын оқу орындары арасында кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кадрларды қайта даярлау туралы үш жақты шарттар жасалады.
6. Оқу орындары Кадрларды қайта даярлау жоспарына сәйкес жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушінің және/немесе Жұмыспен қамту органының жолдамалары негізінде оқу топтарын құрады.
7. Оқу орындары Кадрларды қайта даярлау жөніндегі оқу жоспарларын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісімен және тапсырыс беруші кәсіпорындармен келіседі.
8. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, Білім басқармасы және Жұмыспен қамту органы ай сайын тиісті мемлекеттік органдарға мамандарды қайта даярлаудың іске асырылу барысы туралы есепті оларды жұмысқа орналастыру туралы ақпаратпен бірге береді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру шарттары
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін іске асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері қатыса алады.
Мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тетігі
1. Кәсіпорындар жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге біліктілік арттыру тақырыптарын және орын санын белгілей отырып, өтінімдер береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі ұсынылған өтінімдер негізінде Кадрлардың біліктілігін арттыру жоспарын келіседі және ӨҮК-ге қарауға және бекітуге ұсынады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Кадрлардың біліктілігін арттырудың бекітілген жоспарын Білім басқармасына жібереді.
4. Кадрлардың біліктілігін арттырудың бекітілген жоспары негізінде Білім басқармасы базасында біліктілікті арттыру жүзеге асырылатын оқу орындарының тізбесін анықтайды, осы оқу орындарымен екі жақты шарттар жасасып, кадрлардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты орналастырады.
5. Оқу орындары біліктілікті арттыру жөніндегі оқу жоспарларын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және тапсырыс беруші кәсіпорындармен келіседі.
6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, Білім басқармасы БҒМ-ға және Уәкілетті органға кадрлардың біліктілігін арттыру туралы есеп береді (ай сайын).
7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кадрлардың біліктілігін арттыруды іске асырудың тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізеді және ақпаратты Уәкілетті органға және БҒМ-ға ұсынады.
«Жастар практикасын» ұйымдастыру
«Жастар практикасын» ұйымдастыру шарттары
Түлек Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорынға жастар практикасына жіберілуі мүмкін.
«Жастар практикасын» ұйымдастыру тетігі
1. Түлек белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркеледі.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпорындардың уақытша жұмыс күшіне қажеттілігін анықтайды және оны Жұмыспен қамту органына жібереді.
3. Жұмыспен қамту органы Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ұсынған қажеттілікке сәйкес талап етілетін біліктілігі бар түлектерді ұсынылған жұмыс орындарына жібереді.
4. Жұмыспен қамту органы және жастар практикасына жіберілетін түлек жастар практикасынан өту туралы екі жақты шарт жасасады.
5. Жастар практикасының қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама қолданады.
Осылайша, осы бағыт шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына сервистік қолдау көрсету, кәсіпорындардың топ-менеджментін оқыту, шетелдік тағылымдама ұйымдастыру, кадрларды еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау арқылы кешенді мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсетіледі.
Осы бағыттың іс-шараларын іске асыру елдегі шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа жүйелі деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бойынша міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді.»;
«7. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлім алынып тасталсын.
3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
1-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшадағы «бекітілсін.» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы қаулы 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасы» бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
18-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Егер Банк және Борышкер арасындағы Субсидиялау шарты жасалған күнге Банк пен Кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарып отырса, онда айырбастау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.»;
28-тармақтың бірінші абзацындағы «рәсімделгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде» деген сөздер «рәсімделген сәттен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
33-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Субсидиялау шарты Ережеде белгіленген нысанға сәйкес:
1) Банкпен:
үлгі жобалар бойынша жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіден хат алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
ерекше шарттары бар жобалар бойынша жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіден хат алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде;
2) Қаржы агентімен:
үлгі жобалар бойынша Банктен Субсидиялау шартта алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
ерекше шарттары бар жобалар бойынша Банктен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасалады.
Белгіленген нысанға, Бағдарламаның және ӨҮК шешімінің талаптарына сай келген жағдайда ғана Қаржы агентінің қол қою күніне қарамастан, Субсидиялау шарты Банк және Кәсіпкер қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте Субсидиялау шартының күшіне ену күнін Қаржы агенті тарапынан түзетуге болмайды.
Банк Субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Субсидиялау шартының 1-қосымшасын (Excel форматында) электронды түрде Қаржы агентінің жауапты қызметкеріне жібереді.
Субсидиялау кезеңі Субсидиялау шартына Банк және Кәсіпкер қол қойған сәттен басталады. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Банк пен Кәсіпкер дербес айқындайды.
Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидияларды төлеу күні басталған жағдайда Банк пен Кәсіпкер Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап өткен кезең үшін Кәсіпкер төлеген/төлемеген субсидия сомасын Қаржы агенті өтейді.
Кәсіпкер субсидиялар сомасын өз бетінше төлеген жағдайда, Кәсіпкердің ағымдағы шотына аудару үшін Қаржы агентінің Банкте ашқан ағымдағы шотынан өтеу шотына тиісті субсидия сомасын кейіннен Банк есептен шығаруға құқылы.
Сондай-ақ Кредит бойынша субсидиялар төлеу күні басталған және Субсидиялау шартын Банк пен Кәсіпкер жасағанымен, осы Ереженің 33-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімде Қаржы агентімен жасалмаған жағдайда, онда Банк Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат бар болған әрі жеткілікті жағдайда осы Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидияланатын өтеу есебіне қаражатты есептен шығысқа шығаруға құқылы.»;
35, 36, 38 және 39-тармақтардағы «жаңа» деген сөздер алынып тасталсын;
42-тармақтағы «Борышкерлерді» деген сөз «Кәсіпкерлерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесінде:
19-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алынатын тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Егер Кәсіпкер Субсидиялау шарты жасалған күнге Банк пен Кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарып отырса, онда айырбастау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.»;
48-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік комиссияның (Жұмыс тобының) хаттамасында көрсетілген Борышкер кредитінің субсидиялауға жататын сомасын Банк Борышкердің негізгі борышының сомасына мерзімі өткен және/немесе жинақталған сыйақыны капиталдандыруды/валюталық кредитті теңгеге айырбастауды/Борышкердің кредитін қайта қаржыландыруды/қайта құрылымдауды ескере отырып, Банктік қарыз шартын/Субсидиялау шартын жасасқан кезде ұлғайту/азайту жағына өзгерте алады.»;
«Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
55-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Субсидиялау шарты:
1) Банкпен:
үлгілік жобалар бойынша Жұмыс тобының шешімін алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
ерекше шарттары бар жобалар бойынша Жұмыс тобының шешімін алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде;
2) Қаржы агентімен:
үлгілік жобалар бойынша Банктен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күн ішінде;
ерекше талаптары бар жобалар бойынша Банктен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Ережеде белгіленген нысанға сәйкес жасалады.
Белгіленген нысанға, Бағдарламаның және Жұмыс тобы шешімінің талаптарына сай келген жағдайда ғана Қаржы агентінің қол қою күніне қарамастан, Субсидиялау шарты Банк және Борышкер қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте Субсидиялау шартының күшіне ену күнін Қаржы агенті тарапынан түзетуге болмайды.
Банк Субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Субсидиялау шартының 1-қосымшасын (Excel форматында) электронды түрде Қаржы агентінің жауапты қызметкеріне жібереді.
Субсидиялау кезеңі Субсидиялау шартына Банк және Борышкер қол қойған сәттен басталады. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Банк пен Борышкер дербес айқындайды.
Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидияларды төлеу күні басталған жағдайда Банк пен Борышкер Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап өткен кезең үшін Борышкер төлеген/төлемеген субсидия сомасын Қаржы агенті өтейді.
Борышкер субсидиялар сомасын өз бетінше төлеген жағдайда, Борышкердің ағымдағы шотына аудару үшін Қаржы агентінің Банкте ашқан ағымдағы шотынан өтеу шотына тиісті субсидия сомасын кейіннен Банк есептен шығаруға құқылы.
Сондай-ақ Кредит бойынша субсидиялар төлеу күні басталған және Субсидиялау шартын Банк пен Борышкер жасағанымен, осы ережесінің 55-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімде Қаржы агентімен жасалмаған жағдайда, онда Банк Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат бар болған әрі жеткілікті болған жағдайда осы Борышкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидияланатын өтеу есебіне қаражатты есептен шығаруға құқылы.»;
56-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Субсидиялар сомасына субсидиялау сомасын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша Қаржы агенті теңгемен төлейді.»;
56, 57, 58 және 59-тармақтардағы «жаңа» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесінде:
28-тармақ «алғаннан кейін» деген сөздерден кейін «5 (бес) жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші, екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қаржы агенті Банктен құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны Қаржы агентінің уәкілетті органның қарауына шығарады.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер және/немесе қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда орын алған ескертулерді және/немесе ақпарат ұсыну туралы сұрауды 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Қаржы агенті Банкке жібереді. Бұл ретте Қаржы агенті үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылатын болады.
Қаржы агенті жоба туралы ақпаратты (бірлестіктер, одақтар) талдау жүргізу және салалық қорытынды жасау үшін тиісті салалық ұйымдарға жібереді.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағытының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесімен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жанынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысында:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жанынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамында:
тақырыбындағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мыналар:
«Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім
Махаметғали Нұрғалиұлы және ғылым вице-министрі;
Оразғұлов - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
Расул Қабдолұлы партиясы Орталық аппаратының
басшысы (келісім бойынша)»
енгізілсін.
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.
2. Кәсіпкерлерді субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылатын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Субсидиялау Кәсіпкерлер кредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган, Жергілікті атқарушы орган, Қаржы агенті және Банктер арасындағы өзара қарым-қатынастарды ретке келтіру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.
5. Қаржы агентінің қызметтеріне Уәкілетті орган 016 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде көрсететін Қаржы агентінің қызметтерін төлеу» республикалық бағдарламасының қаражаты есебінен төленеді.
6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның Үйлестірушісі Қаржы агентіне өздерінің арасында жасалатын жеке шарт негізінде жергілікті бюджетке республикалық бюджеттен бағытталған нысаналы трансферттің қаражаты есебінен аударады.
7. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру 013 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға берілетін нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Банк Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан
екінші деңгейдегі банк;
Субсидиялау шарты Қаржы агенті, Банк және Кәсіпкер арасында
жасалатын үш жақты жазбаша келісімнің
Шарттары бойынша Қаржы агенті Кәсіпкердің
Банк берген кредиті бойынша сыйақы
ставкасын ішінара субсидиялайды;
Кәсіпкер тиісті қаржы жылы үшін ақшалай табыстың
жалпы көлемінен кемінде 10 % мөлшерде
валюталық табысы бар жеке кәсіпкерлік
субъектісі;
Жергілікті Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» ережесі
деңгейдегі бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны
Бағдарламаның іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы
Үйлестірушісі органның облыстар, Астана және Алматы
қалалары әкімдерінің шешімімен
айқындалатын құрылымдық бөлімшесі;
Уәкілетті орган «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрлігі» мемлекеттік
мекемесі;
Өңірлік үйлестіру Жергілікті атқарушы органдар, Банктер,
кеңесі бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және
(бұдан әрі - ӨҮК) тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен
облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері басқаратын
консультативтік-кеңесші орган;
Субсидиялау Кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық
қолдаудың Кәсіпкердің Банкке кредиттер
бойынша сыйақы ретінде, болашақта
Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын
белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа
төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін
пайдаланылатын нысан;
Субсидиялар өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы
агенті Субсидиялау шарттарының негізінде
Кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде
Банкке төлейтін кезеңді төлемдер;
Қаржы агенті Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік қаржылық
қолдау көрсету үшін тартылатын «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік
қоғамы;
Банктік қарыз шарты Шарттары бойынша Банк Кәсіпкерге кредит
беретін Банк пен Кәсіпкер арасында
жасалған жазбаша келісім. Банктік қарыз
шартына Кредит желісін ашу туралы келісім
де жатады;
Жоба Кәсіпкер бизнестің әр түрлі бағыттарында
кіріс алуға бағытталған және Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін бастамашылық қызмет ретінде
жүзеге асыратын іс-қимылдар мен
іс-шаралардың жиынтығы;
Банк кредиті Банк Банктік қарыз шарты негізінде
(бұдан әрі кредит) жеделдік, ақылы, қайтарымдылық,
қамтамасыз етілгендік және мақсатты
пайдалану шарттары негізінде Кәсіпкерге
беретін ақша қаражатының сомасы;
Мемлекеттік даму Экономиканың әр түрлі секторларында
институттары мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін
ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг,
акцияларының бақылау пакеттері ұлттық
басқарушы холдингке немесе ұлттық
холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
Тұрақтандырушы Мыналар:
немесе дағдарысқа «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
қарсы шаралар экономикалық дамуының тұрақтылығын
қамтамасыз ету жөніндегі бірінші
кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту
туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің Экономиканы және қаржы
жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010
жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл
жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы
№ 1085 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулыларын орындау шеңберінде іске
асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен
іс-шаралар; және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де
нормативтік құқықтық актілер.
3. Субсидияларды беру шарттары
8. Субсидиялауға жатпайтын кредиттер:
акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды көздейтін Жобаларға берілген кредиттер;
Мемлекеттік даму институттары тікелей кредиторы болып табылатын кредиттер;
Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген Кәсіпкерлер;
қаржы ұйымдары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге беретін, ол бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттер;
тау-кен өндірісінде өз қызметін жүзеге асыратын Кәсіпкерлер.
9. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
Субсидиялау айналым қаражаттарын толықтыруға және/немесе өндірісті ұлғайту және/немесе негізгі қаражаттарды модернизациялау және/немесе алуға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
10. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар
шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
11. Субсидиялау жүзеге асырылып жатқан кредиттің (тердің) сомасы Кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 3 млрд. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (тердің) сомасы Кәсіпкердің онымен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешекті есепке алмай әрбір жобасына жеке есептеледі. Егер кредиттің (тердің)/Кәсіпкердің жеке жобасына берілген кредит бойынша негізгі борыштың қалдығы жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асқан жағдайда, Кәсіпкер бір Жоба бойынша субсидиялау нысанында 3 млрд. теңге шегінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы.
12. Субсидиялау - 10 жылға дейін одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды.
13. 2010 жылы Субсидиялау сыйақының номиналды ставкасымен жылдық 14 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның кемінде 6 %-ын Кәсіпкер төлейді, ал 8 %-ын - мемлекет өтейді. Бұл ретте, Банк:
Кәсіпкер бастамашы болатын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелердің тәртібін бұзу салдарынан алынатын комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 % дейін, оның 7 % борышкер, ал 5 % мемлекет өтейтін (Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) жіктелуге жатпайтын валюталық стандарттық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Оңтайлы бағамдық айырма болған жағдайда оны болашақ субсидиялар есебінен есептеу, ал бағамдық айырма теріс болғанда - өтем қарыз алушыға жатқызылсын.
14. 2011 жылдан бастап Субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін Банктің кредиті бойынша сыйақының номиналды ставкасының мөлшері 70 %-ды құрайды, кейіннен Уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарына реттеу мен қадағалау агенттігінің бірлескен ұсынысы негізінде жылына 1 (бір) рет өзгертілуі мүмкін.
15. Егер кредит (-тер) бойынша жылдық номиналдық сыйақы ставкасы 14% төмен емес, онда 8 % мемлекет өтейді, ал айырмасына Кәсіпкер төлейді, валюталық кредиттер бойынша жылдық номиналды сыйақы ставкасы 12 % төмен емес, онда 7 % мемлекет өтейді, ал айырмасына Кәсіпкер төлейді.
16. Банк және Кәсіпкер валюталық кредитті теңгеде конвертация жасау көзделсе, онда осы конвертация Банк және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен бағам бойынша өткізіледі.
4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі
17. Кәсіпкер Банкке өтінім ұсынады, оған сәйкес Субсидиялар алу ниеті туралы Банкті хабардар ететін өтінішпен және субсидиялауды алған жағдайда жылдық 14 %-ға дейінгі кредит бойынша сыйақының номиналды ставкасын төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.
18. Банк кредит бойынша Кәсіпкер субсидиялау алған жағдайда сыйақының номиналды ставкасын жылдық 14 %-ға дейін төмендету/төмендетпеу мүмкіндігі мәселесін қарайды. Қабылданған шешімді Банк Кәсіпкерге беретін жазбаша жауабында көрсетеді.
19. Банк оң шешім қабылдаған жағдайда Кәсіпкер Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтінішпен жүгінеді:
1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;
4) өтініш берілетін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей берілген салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
5) Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі қоса, қаржы есептері және/немесе Web-сайттарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
экспорт режиміндегі тауардың/өнімнің өндірісін жасайтын кедендік органның белгілері бар жүк кедендік декларациялар;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кедендік органның белгісі бар тауар растаушы құжаттар;
соңғы есепті кезең үшін статистика органдарына ұсынылғандарды қоса алғанда тауарлардың/өнімдердің жалпы өндіріс көлемін растаушы құжаттар.
20. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі Кәсіпкерден өтініш алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексеру, құжаттар пакеті толық тапсырылмаса не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі Үйлестірушісі тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Кәсіпкерге қайтарып беруге құқылы;
2) Кәсіпкердің жобасын алдын ала қарау және жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлеу;
3) ӨҮК отырыстарының ұсыныстарын, күн тәртібін қалыптастыру, оларды өткізу күнін, уақытын және орнын айқындау, бұл туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар етеді. ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі;
4) Кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаға қатысуын, Мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру;
5) Кәсіпкерлер Жобаларының тізімін құжаттардың толық пакетін қоса, ӨҮК-ге қарау үшін енгізу.
21. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің материалдарын ӨҮК-нің қарауына шығарады.
22. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексеру;
2) Кәсіпкерлердің экономиканың өңір үшін басым секторларында іске асырылатын жобаларын, сондай-ақ Кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарау;
3) Кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау;
4) Кәсіпкердің жобасын қарау кезінде ӨҮК одан жобаны толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұрауға құқылы, бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
5) талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерлер Жобаларына іріктеу жүргізеді және Кәсіпкерді Субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада жекелеген Кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
23. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
Уәкілетті органға келісу үшін ӨҮК хаттамасы мен (мақұлданған/бас тартылған) Кәсіпкерлер бойынша құжаттардың барлық пакетін;
Кәсіпкермен Субсидиялау шартын жасасу үшін дайындық іс-шараларын жүргізу үшін Банк пен Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын жібереді.
24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Уәкілетті органға одан Субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін ұсынады.
25. Уәкілетті орган ӨҮК хаттамасын және құжаттар пакетін алғаннан кейін Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес оларды қарастырады және келісім жасайды.
26. Уәкілетті органмен келісілмеген жобалардан бас тартылады және Субсидиялау шарты жасалмайды.
27. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі Уәкілетті органнан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентін, Банкті және Кәсіпкерлерді қабылданған шешімдер туралы хабардар етеді.
5. Субсидиялау тетігі
28. Банк Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінен хат алғаннан кейін Банк, Кәсіпкер және Қаржы агенті арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Кәсіпкер Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін Банкке төлеуді жүзеге асырады, ал Қаржы агенті Банкке Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлейді.
Субсидиялау шартын:
1) Банк:
үлгі жобалар бойынша Жұмыс тобының шешімін алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
айрықша шарттары бар жобалар бойынша Жұмыс тобының шешімін алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде Ережеде белгіленген нысанға сәйкес жасайды.
2) Қаржы агенті:
үлгі жобалар бойынша Банктен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
айрықша шарттары бар жобалар бойынша Банктен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
Субсидиялау шарты Бағдарлама талаптары және ӨҮК шешімін сәйкес бекітілген нысанда оған Қаржы агенті қол қойған күнге тәуелсіз банк және Кәсіпкер қол қойған күннен бастап қолданысқа енеді. Бұл ретте, Субсидиялау шартының күнін Қаржы агенті түзетуіне жатпайды.
Банк Субсидиялау шартын жасағаннан бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Субсидиялау шартына № 1-қосымшаны (Excel форматында) электронды түрінде Қаржы агентінің жауапты қызметкеріне жолдайды.
Субсидиялау кезеңі Банк және Кәсіпкер Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап басталады. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігінің төлем күнін Банк және Кәсіпкер жеке анықтайды.
Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидиялардың төлем күні келген жағдайда Қаржы агенті Кәсіпкердің Банк және Кәсіпкермен Субсидиялау шартына қол қойған сәттен кейін өткен кезең үшін төленген/төленбеген субсидия сомасын төлейді.
Кәсіпкер Субсидия сомасын дербес төлеген жағдайда кейіннен Банк қайтарым есебінде Кәсіпкердің ағымдағы шотына аудару үшін Банктегі Қаржы агентінің ашқан ағымдағы шотына тиісті субсидия сомасын шығысқа шығаруға құқылы.
Сондай-ақ кредит бойынша субсидияны төлеу күні келгенде және Субсидиялау шарты Банк және Кәсіпкер арасында жасалғанда, бірақ осы Ереженің 28-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімде Қаржы агентімен жасалмаса, онда Банк Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат жеткілікті болған жағдайда осы Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігінің өтеу есебіне қаражаттарды шығысқа шығаруға құқылы.
29. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі Уәкілетті органнан келісім туралы хатты алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне 2010 жылы Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 30 %-ы мөлшеріндегі қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер келісілген төлем кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
30. Банк Қаржы агентіне Субсидиялау шарттары бойынша жасалған субсидиялау сомаларын аудару үшін жаңа ағымдағы шотты ашады. Банк Қаржы агентінің субсидиялау сомаларын осы Ережеде белгіленген тәртіппен жаңа ағымдағы шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.
31. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенті Банктегі жаңа ағымдағы шотқа тоқсан сайын, алдындағы тоқсанның бірінші айының 15-күніне дейінгі мерзімде аванстық төлемдермен жүзеге асырады.
32. Кәсіпкер Банкке Банктік қарыз шартына сәйкес өтеу кестесіне бойынша сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне сыйақы төлеуді жүргізеді.
33. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу шотына Қаржы агентінің жаңа ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
34. Кәсіпкер кредит бойынша төлемді, оның ішінде, сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша, уақтылы өтемеген
жағдайда Банк Кәсіпкердің сыйақы ставкасының берешегін өтегенге дейін
субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агентінің жаңа ағымдағы
шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы Қаржы
агентін хабардар етеді.
35. Банк ай сайын Қаржы агентіне Кәсіпкерлерді субсидиялау туралы есеп береді.
36. Кәсіпкер кредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Банк:
1) Қаржы агентін кредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді;
2) Кәсіпкер кредит бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк:
Кәсіпкерге Банктік қарыз шартына өтеудің жаңа кестесін есептейді және береді;
есептелген сыйақылар туралы және Кәсіпкер жүргізген төлемдер туралы жаңа деректерді ақпаратта көрсетеді.
37. Қаржы агенті Банктен Борышкерлерді субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін оны қарауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда Субсидияның мөлшерін өзгертеді (ішінара мерзімінен бұрын өтеген кезде).
38. Кәсіпкердің Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес Қаржы агенті ол бойынша Банк сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне субсидиялар аударуды жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте, жеңілдікті кезеңнің мерзімі ӨҮК-нің шешімінде және Уәкілетті органның Кәсіпкердің жобасы бойынша келісімінде көрсетілуі тиіс.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі
39. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді ӨҮК қабылдайды, ол Қаржы агентінің және/немесе жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің өтінімі (хабарламасы) негізінде Уәкілетті органмен келісіледі.
40. Қаржы агентінің мынадай фактілер белгіленген кезде:
Кәсіпкердің 3 (үш) ай қатарынан Банктік қарыз шартына сәйкес өтеу кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу бойынша міндеттемелерін орындамағанда Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар.
41. Субсидияларды төлеуді тоқтата тұрған жағдайда Қаржы агенті осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті, Кәсіпкерді, Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіні және Уәкілетті органды субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.
42. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Қаржы агентінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ұсыныстар әзірлейді және ӨҮК отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады, өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.
43. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
Қаржы агенті ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің ұсынысын және Кәсіпкердің іске асырылатын Жобасының өңір үшін басымдығын қарайды;
Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда шешімде Субсидиялауды қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
ӨҮК отырысының хаттамасы ол өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
44. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру мүмкіндігін қарау үшін Уәкілетті органға;
мәлімет үшін Банк пен Қаржы агентіне жібереді.
45. Уәкілетті орган ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде:
Қаржы агенті ұсынған тоқтата тұрудың негіздемелері туралы ақпарат қамтылған хатты қарайды;
ӨҮК хаттамасын және Субсидиялау бойынша қабылданған шешімді қарайды;
Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру келісімі туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім келісілген жағдайда шешімде Субсидиялауды қалпына келтіру үшін негіздеме көрсетіледі.
46. Келісім жасау нәтижелері бойынша Уәкілетті орган Қаржы агенті:
1) Кәсіпкерді субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім келісілген жағдайда:
Субсидиялау төлемін жандандыру туралы Банкті және Кәсіпкерді хабардар етеді;
оның тоқтатылған кезеңде төленбеген Субсидия төлемін жүргізеді.
2) Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтату туралы шешім келісілген жағдайда:
Субсидиялау шартын біржақты тоқтату жөнінде Кәсіпкерге және Банкке хабарлама жібереді, онда Субсидиялау шартын тоқтату күнін және себебін көрсетеді.
47. Қаржы агенті Банкке және Кәсіпкерге жіберген хабарламада көрсетілген күннен бастап Субсидия төлемдері тоқтатылады, ал Субсидия шарты мынадай жағдайларда бұзылды деп танылады:
Кәсіпкердің Банк алдындағы банктік қарыз Шарты бойынша кредитті мерзімнен бұрын толық өтеуі. Кәсіпкердің Банкке кредит бойынша ақша қаражатын толық өтеген күні субсидиялаудың аяқталу күні болып танылады;
Уәкілетті органның Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатуы туралы шешім қабылдауы.
48. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Субсидиялау шартын жасағанға дейін Банк Кәсіпкерге қолданыстағы кредит бойынша алғашқы қолданған қаржыландыру шарттарын (сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдер және басқа шарттар) белгілеуге құқылы.