Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 151 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарын, биологиялық және биотехнологиялық ғылымын басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» және «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
      4. Осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорындар) қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым  комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорындардың
жарғыларын бекітуге ұсынсын;
      2) Кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 470-196-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «470-196 «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы»;
      реттік нөмірі 470-200-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 470-209, 470-210, 470-211, 470-212, 470-213, 470-214, 470-215, 470-216, 470-217, 470-218, 470-219, 470-220-жолдармен толықтырылсын:
      «470-209 «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қала үлгісіндегі кенті
      470-210 «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-211 «Микробиология және вирусология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-212 «Жалпы генетика және цитология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-213 «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-214 «Алтай ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Риддер қаласы, Шығыс Қазақстан облысы
      470-215 «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Ақтау қаласы
      470-216 «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-217 «Адам және жануарлар физиологиясы институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-218 «М А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-219 «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
      470-220 «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы»;
      2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ұлттық биотехнология орталығы»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-6, 16-7, 16-8, 16-9, 16-10, 16-11, 16-12, 16-13, 16-14, 16-15, 16-16, 16-17-жолдармен толықтырылсын:
      «16-6. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты
      16-7. Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
      16-8. Микробиология және вирусология институты
      16-9. Жалпы генетика және цитология институты
      16-10. Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы
      16-11. Алтай ботаникалық бағы
      16-12. Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы
      16-13. Зоология институты
      16-14. Адам және жануарлар физиологиясы институты
      16-15. М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты
      16-16. Ботаника және фитоинтродукция институты
      16-17. Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы»;
      3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 120-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 169-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «169 «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 186-5, 186-6, 186-7, 186-8, 186-9, 186-10, 186-11, 186-12, 186-13, 186-14, 186-15, 186-16-жолдармен толықтырылсын:
      «186-5 «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-6 «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-7 «Микробиология және вирусология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-8 «Жалпы генетика және цитология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-9 «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-10 «Алтай ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-11 «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-12 «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-13 «Адам және жануарлар физиологиясы институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-14 «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-15 «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      186-16 «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 151 қаулысына      
қосымша       

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары болып қайта
ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының
еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі

Р/с

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының атауы

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атауы

1

2

3

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Микробиология және вирусология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жалпы генетика және цитология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

7

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Алтай ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Зоология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

10

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Адам және жануарлар физиологиясы институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Адам және жануарлар физиологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

11

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына

12

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ботаника және фитоинтродукция институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны