"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанованы «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                               К. Мәсімов