Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1513 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1513 қаулысымен  
бекітілген    

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін
арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке
келтіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада ретке келтіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары мынадай:
      1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің одан әрі жүргізетін қызметінің орындылығы;
      2) мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құрылатын мемлекеттік мекемелерге бере отырып, оларды тарату;
      3) кейіннен акциялардың бақылау пакетін жекешелендіре отырып, мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар етіп қайта құру;
      4) «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарды немесе олардың мүлкінің бір бөлігін жекешелендіру, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың акцияларын (үлестерін) сату;
      5) мемлекеттік органдарды, мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың мемлекетке тиесілі акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысуы үлестерін жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбелеріне қосу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктеріне осы Ереженің 4-тармағында көзделген мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардан, оның ішінде меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік басқару органдарынан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
      4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6 Комиссияны оның төрағасы басқарады.
      Комиссия төрағасы:
      1) оның қызметін басқарады;
      2) күн тәртібін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орын мен уақытты белгілейді.
      Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
      7. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары отырысқа дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне хабарланады.
      8. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) жүктеледі.
      9  Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
      11. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы Шешуші болып табылады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға коса берілуі тиіс.
      Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
      12. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша міндетті түрде Комиссияның қатысып отырған мүшелерінің барлығы қол қоятын хаттама жасалады.
      Хаттаманың көшірмелері Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде Комиссия мүшелеріне жіберіледі.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1513 қаулысына  
қосымша       

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін
арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке
келтіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.04  № 911, 2012.01.13 N 41 Қаулыларымен.

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы              Министрінің орынбасары, төраға

Есенбаев                     - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы              қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                               агенттік) төрағасы, төрағаның
                               орынбасары

Әбсаттарова                  - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Маржан Несіпбекқызы            қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                               агенттік) Тауар нарықтарының
                               мониторингі және талдау
                               департаментінің директоры, хатшы

Жолдасбаева                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлығайым Шалданқызы          Сенатының депутаты, Қазақстан
                               Республикасы Парламентінің Сенаты
                               Экономикалық реформа және өңірлік даму
                               комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

Имашев                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Берік Мәжитұлы                 Сенатының депутаты, Қазақстан
                               Республикасы Парламентінің Сенаты
                               Заңнама және құқықтық мәселелер
                               комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Мұқаев                       - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ерболат Рахметұлы              Сенатының депутаты, Қазақстан
                               Республикасы Парламентінің Сенаты
                               Аграрлық мәселелер және қоршаған
                               ортаны қорғау комитетінің мүшесі
                               (келісім бойынша)

Қосжанов                     - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Төрехан Бекболұлы              бақылау жөніндегі есеп комитетінің
                               мүшесі (келісім бойынша)

Квятковский                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Эдуард Олегович                жаңа технологиялар министрлігінің
                               жауапты хатшысы

Ескендіров                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                  даму және сауда вице-министрі

Толыбаев                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы                 шаруашылығы вице-министрі

Шоқпытов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Андар Мәулешұлы                вице-министрі

Кадюков                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович             министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                               жекешелендіру комитеті төрағасының
                               орынбасары

Жұманқұлова                  - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Ләззат Оралтайқызы             бақылау жөніндегі есеп комитеті талдау
                               және ақпараттандыру секторының
                               меңгерушісі (келісім бойынша)

Тоқбергенов                  - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Ардақ Айдарқұлұлы              бақылау жөніндегі есеп комитеті
                               бақылау жұмысын құқықтық қамтамасыз
                               ету секторының меңгерушісі (келісім
                               бойынша)

Мусина                       - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Лилия Сәкенқызы                акционерлік қоғамының басқарма
                               төрағасының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Питер                        - «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының
Брайан Хауз                    басқарушы директоры (келісім бойынша)

Дворецкий                    - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Владимир Яковлевич             партиясының ресми өкілі (келісім
                               бойынша)

Никитинская                  - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық
Екатерина Сергеевна            экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігі төрағасының бірінші
                               орынбасары (келісім бойынша)