Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы бекітілсін.
      2. «Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1344 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен  
бекітілген       

Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиамаршруттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау тәртібін белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын тұрақты тасымалдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
      Субсидиялауға авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, поштаны  және багажды тасымалдаудан түскен кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы алынған айырма жатады. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесінің экономика сыныбы есебінен қолданылады.

2. Субсидиялануға жататын авиамаршруттарды іріктеу тәртібі

      3. Субсидиялануға жататын авиамаршруттарды іріктеуді уәкілетті орган құратын Комиссия жүзеге асырады.
      4. Авиамаршруттардың тізбесі әлеуметтік экономикалық орындылық  және Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделетін Комиссияның шешімі негізінде қалыптастырылады.
      5. Авиамаршруттардың тізбесіне мыналар енгізіледі:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының тапсырмасы бойынша белгіленген авиамаршруттар;
      2) егер маршруттың өңірдің дамуы үшін әлеуметтік-маңызды сипаты болса, жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша авиамаршруттар.
      6. Жергілікті атқарушы органдар әрбір авиамаршрут бойынша Комиссияға талап етілген субсидия мөлшерін көрсете отырып, қажетті есептеулер ұсынады.
      7. Комиссия қалыптастырған авиамаршруттардың тізбесі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттілік органға заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылатын бюджеттік өтінімге енгізіледі.

3. Бюджеттік субсидияларды есептеу және төлеу тәртібі

      8. Бюджеттік субсидиялар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе маслихаттардың жергілікті бюджеттер туралы шешімімен, айқындалған сомма шегінде беріледі.
      9. Бюджеттік субсидияларды төлеу тасымалдардың нақты орындалған көлемі бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Тасымалдардың орындалған көлемі жөніндегі ақпарат авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес есеп түрінде беріледі.
      10. Бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен авиамаршруттарды жүзеге асыратын авиакомпания арасында осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шарты жасалады (бұдан әрі - Шарт).
      11. Шарт жасалғаннан кейін авиакомпания ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес аваикомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша уәкілетті органға ұйым басшысы, бас бухгалтері қол қойған және оның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттар қоса берілген есепті береді:
      1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша жолаушылардың, жүктің, багаждың және поштаның тасымалдануы туралы есеп;
      2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша шығыстар тізілімі.
      12. Уәкілетті орган қоса берілген құжаттары бар субсидияланатын авиамаршруттар бойынша ай сайынғы есепті қабылдағаннан кейін осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтер актісін жасайды.
      13. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялар төлеу кейіннен келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша 20 желтоқсаннан кешіктірмей берілген, болжамдық деректер бойынша жасалған есеп негізінде жүзеге асырылады.
      14. Авиамаршрутты пайдалану процесінде Шарт талаптарын орындамаған авиакомпанияларға, сондай-ақ авиамаршрутқа арналған куәлі (жолаушыларды, багажды, жүкті және поштаны тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін) кері қайтарып алынған жағдайда және тұрақты ұшулар жойылған кезде уәкілетті орган субсидиялар төлеуді жүргізбейді.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 1-қосымша

Авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары жөніндегі есеп

_______________________________________________________________
(авиакомпанияның атауы)
20___жылғы___________

      Мерзімділігі: ай сайын
      Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс күні

Рейс №

Маршруты

Ұшу сағаты

ӘК типі

ӘК бойынша ұшу сағатының өзіндік құны

Әуежай қызметі

ЖЖМ

АНҚ

Метеоқамтамасыз ету

Өзге де шығыстар

Барлық пайдалану шығыстары

Тасымалданған жолаушылар саны

Кіріс

Субсидиялауға жататын сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

      Басшы____________________________________________
                     (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер ______________________________________
                       (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялаудың
№_______ шарты

      Орналасқан жері                         20__жылғы «____»______

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын
___________________________________________________________атынан
            (Тапсырыс берушінің толық атауы)

__________________________________________________________________
      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      Бір тараптан және Жарғының, Ереженің және т.б негізінде іс-әрекет ететін, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын
___________________________________________________________атынан
            (Орындаушының толық атауы)
_______________________________________________________________
      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      бұдан әрі «Тараптар» аталатындар, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі — осы Шарт) жасасты:

1. Шарттың нысанасы

      1.1. Орындаушы авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды осы шартта айқындалған шарт сомасы шегінде, оның қолданыс мерзімі ішінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 1.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1.2. Тапсырыс беруші республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен авиатасымалдарды субсидиялауды жүзеге асырады. Жолаушыларды, жүкті, поштаны және багажды тасымалдаудан түскен кіріс пен авиатасымал кезінде қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы алынған айырма субсидиялауға жатады.
      1.3. Кіріс деңгейі қамтамасыз етілмейтін авиамаршруттардың тізбесі және әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген сома осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында берілген.
      Ескерту. 1.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1 Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың Стратегиялық жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Тапсырыс беруші орындаушының келісімімен субсидияланатын авиамаршруттар бойынша ұшу тарифі мен жиілігін өзгертуге құқылы.
      2.2. Тапсырыс беруші заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Шартта көзделген мерзімде авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      2.3. Орындаушы авиамаршруттарға арналған куәліктерге, лицензияға, азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес авиатасымалдарды уақтылы және сапалы орындауға міндеттенеді.
      2.4. Тараптар алынған ақпаратқа, сондай-ақ құпиялылық сипаты бар деп арнайы көрсетілген білімге, тәжірибеге қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді.

3. Өзара есеп айырысу тәртібі

      3.1. Тапсырыс беруші Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеуді жүзеге асырады.
      3.2. Орындаушы осы Шарт жасалғаннан кейін ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын рейстер бойынша ұйымның басшысы, бас бухгалтері куәландырған және мөрі мен бекітілген қойылған мынадай құжаттар қоса берілген есепті ұсынады:
      1) Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, жүкті, багажды және поштаны тасымалдау туралы есеп;
      2) Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиамаршруттар бойынша шығыстар тізілімі;
      3) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын рейстің орындалуы туралы есеп.
      3.3. Ұсынылған шоттармен келіспеген жағдайда Тараптар орындалған рейстердің шоттары мен тізілімдерін нақтылауды жүргізеді. Шоттарды қарау мен нақтылау мерзімі шоттар ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс. Шоттар мен тізілімдерді нақтылау осы шоттар бойынша төлеу мерзімін тоқтатпайды. Шоттар бойынша нақтыланған сома Тапсырыс берушіге келесі кезеңнің қаржылық есебін ұсыну кезінде ескеріледі.
      3.4. Тапсырыс беруші қоса берілген құжаттармен бірге айлық есепті қабылдағаннан кейін Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтер актісін жасайды.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісті түрде орындамағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікте болады.
      4.2. Авиатасымалдарға уақтылы төлем жүргізілмеген жағдайда Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
      4.3. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған Тарап бұл туралы күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде екінші Тарапқа хабардар етуге және бұзушылықтарды жою үшін қолынан келген барлық әрекетті жасауға міндеттенеді. Бұзушылықтарды жоймаған жағдайда осы Шарттың 4.1-тармағына сәйкес кінәлі Тарап жауапкершілікте болады.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      5.1. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда әрбір Тарап бұл туралы екінші Тарапқа күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде дереу хабардар етуі тиіс.
      5.2. «Форс-мажорлық» жағдайлар деп Шарттың орындалуына кедергі келтіретін табиғи апаттар, мемлекеттік органдардың, соның ішінде қаржылық іс-әрекеттері, Тараптарға тәуелсіз, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру іс-шараларын жариялау, ауа райы мен табиғи және кез келген басқа да жағдайлар түсініледі.
      5.3. Егер форс-мажорлық жағдайлар күнтізбелік отыз күн бойы болса және тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша өздерінің одан әрі іс-әрекеттерін жазбаша түрде келіседі.

6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту мен бұзу шарттары, дауларды қарау тәртібі

      6.1. Осы Шарт 20__жылғы «___»_____________ бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «___»____________ дейін қолданылады.
      6.2. Осы Шарттың қолданылу мерзімін екі Тараптың келісімімен авиамаршрутқа берілген куәлікте көзделген мерзімге тиісті Қосымша келісім жасай отырып ұзартуға болады.
      6.3. Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:
      1) авиамаршрутқа арналған куәлікті кері қайтару жағдайында (жолаушыларды, багажды, жүкті және поштаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер үшін) және тұрақты ұшуларды жою кезінде;
      2) авиакомпаниялардың 15 күн ішінде ұшуларды орындау бойынша міндеттемелерді орындамауының анықталуы;
      3) Тараптардың өзара келісімі бойынша;
      4) екінші Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талап етуі бойынша.
      6.4. Осы Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе осы Шартты бір жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6.5. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешеді, келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда азаматтық авиация қызметін реттейтін заңнамаға сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.
      6.6. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ________________ тілінде (тілдерінде), екі данада, әрбір Тарапқа бірдей заңдық күші бар бір-бір данадан жасалады және екі Тарапта қол қояды.
      6.7. Осы Шарт 20__жылғы «___»_____________ қаласында бірдей заңдық күші бар әрбір Тарапқа бір-бір данадан ______________ тілінде екі данада жасалды.

7. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Тапсырыс беруші                            Орындаушы
___________________________            _____________________________
      (толық атауы)                             (толық атауы)
___________________________            _____________________________
      (мекен-жайы)                               (мекен-жайы)
___________________________            _____________________________
      (басшының Т.А.Ә.)                       (басшының Т.А.Ә.)
___________________________            _____________________________
      (қолы)                                        (қолы)

20__жылғы «___»_____________           20__жылғы «___»_____________

      М.О.                                    М.О.

Тұрақты         
авиамаршруттарды    
бюджеттік субсидиялаудың
20 жылғы « » №    
шартына қосымша   

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2013 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиамаршруттар тізбесі

      Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Р/с

Авиамаршрут

Авиамаршрутқа бөлінген сома

Жиілік саны (аптасына)

Тариф (әуежай және сақтандыру алымдарын есепке алғанда)

1 кг жүктің және багаждың тарифі

Өзге де шығыстар

1

2

3

4

5

6

7















      Осы қосымша Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялаудың 20 __ жылғы «____» ______ № шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Тапсырыс беруші                                   Орындаушы
_____________________________             __________________________
       (Т.А.Ә., қолы)                                (Т.А.Ә., қолы)
20 __ жылғы «___»___________             20 __ жылғы «___» __________

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 3-қосымша

Авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша
жолаушыларды, жүкті, багажды және поштаны
тасымалдау туралы есеп

      ____________________ авиакомпаниясының 20__жылғы «___»________
    (авиакомпанияның атауы)

      Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Ұшатын рейс

Рейс №

Авиамаршрут

Жолаушы купонының №

Ересек/Бала/Сәби

Жолаушылар саны

Тариф

Төлемдік багаж түбіртегінің №

Мөлшері, кг

Тариф

Пошта жүк құжатының берілген күн

Пошта мен жүктің мөлшері, кг

Тариф

Кіріс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      Басшы ________________________________________________
                        (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер_________________________________________
                       (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 4-қосымша

Авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша шығыстар тізілімі

      ____________________ авиакомпаниясының 20__жылғы____________
    (авиакомпанияның атауы)

      Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс күні

Рейс

Авиамаршрут

Қызмет көрсетушінің атауы

Шығыс құжаты

Сомасы

1

2

3

4

5

6













Жиыны

      Басшы ________________________________________________
                        (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      Бас бухгалтер_________________________________________
                       (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 5-қосымша

Көрсетілген қызметтер актісі

      20__жылғы «___»__________
      Біз, төменде қол қойған _________________________________
      бір тараптан және _____________________________________
      екінші тараптан, 200__жылғы «____» ____________жағдай бойынша
      көрсетілген қызметтердің осы актісін жасадық

Авиамаршруттың атауы

Рейстердің бір айдағы жиілігі

Субсидиялау сомасы




      Нәтижесінде субсидиялау сомасы_________________________құрайды.
                             (сомасы санмен және теңгемен жазбаша)

      Осы акті бойынша
____________________________________________________________________
                        сомасы төленуге қабылданбайды

      Себебі ______________________________________________________

                      Тараптардың заңды мекен-жайлары:

      Тапсырыс беруші                            Авиакомпания
_____________________________            ____________________________
  (басшының немесе өкілеттік                (басшының қолы, Т.А.Ә.)
берген тұлғаның қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.                               М.О.