Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1508 қаулысымен
бекітілген
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік
тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көрсетеді.
Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көш., 8-үй, 14-кіреберіс.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 651-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.
5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі компьютер жүйесін Салық кодексінде көзделген бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды не бас тарту себептері туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап беру болып табылады.
Компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша қағаз тасығышта беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
2. құжаттарды тапсырғанға дейін барынша рұқсат етілген күту уақыты - 15 минут;
3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Министрліктің жұмыс кестесі демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін. Қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимі көзделмеген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған стенділер болады, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген, сондай-ақ отыратын орындар бар.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін:
1) осы стандарттың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтінішті;
2) компьютер жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының толық сипатын және еркін нысанда «Салық инспекторының жұмыс орны» режимін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;
3) компьютер жүйесінің функцоналдық көшірмесін қамтитын компакт дискіні;
4) компьютер жүйесін орнату және қосу жөніндегі нұсқаулықты;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
7) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
8) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін (өтініш беруші лицензияланатын қызмет түрімен айналысқан жағдайда ұсынылады);
9) компьютер жүйесінің құрамына кіретін және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес сәйкестігін растауға жататын техникалық және бағдарламалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды ілеспе хатпен ұсынуы қажет.
Құжаттар қағаз тасығышта не өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат арқылы ұсынылады.
12. Осы стандарттың 11 тармағының 1) тармақшасында көзделген өтініш-сауалнама бланкілерін Министрліктен немесе Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі пошта бойынша жіберіледі не 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс мекенжайында орналасқан Министрліктің кеңсесіне беріледі.
14. Құжаттар кеңсеге лауазымды тұлғамен қолма-қол тапсырылған жағдайда, Министрлік тұтынушының ілеспе хатының көшірмесіне құжаттарды қабылдағандығы туралы мөр, қабылдаған күнді және тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күнін қояды. Құжаттар пошта арқылы тапсырылған жағдайда, өтініш беруші Министрліктің кеңсесінде құжаттардың қарауға қабылданғандығы туралы 8 (7172) 74-10-03 телефоны бойынша біле алады.
15. Компьютер жүйесін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды тұтынушыға пошта бойынша немесе өтініш берушіге қолма-қол жіберіледі.
16. Ұсынылған құжаттарда қателердің анықталуы, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың дұрыс ресімделмеуі және құжаттар пакетінің толық берілмеуі және (немесе) компьютер жүйесінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болмауы Министрліктің өтініш берушіге мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуына негіз болады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Министрліктің жұмыс істеу қағидаттары:
1) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі туралы толық ақпарат беру;
2) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын сақтау;
3) мемлекеттік қызметті тегін көрсету;
4) Министрлік қызметкерлері тарапынан сыпайы қарым-қатынас;
5) тұтынушы ұсынатын ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша арыздар болған жағдайда Министрліктің уәкілетті лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы толық ақпаратты Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан не: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көш., 8-үй, 14-кіреберіс, 739-кабинет мекенжайында алуға болады, телефондары: 8 (7172) 74-03-24, факс: 8 (7172) 74-03-24.
21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағын Қазақстан Республикасы байланыс және ақпараттың жетекші вице-министрінің атына беріледі. Вице-министрдің азаматтарды қабылдау кестесі туралы ақпаратты 8 (7172) 74-01-23 телефоны бойынша немесе Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым мына мекенжайда орналасқан Министрліктің уәкілетті лауазымды адамына беріледі: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көш., 8-үй, 14-кіреберіс, 739-каб., электрондық мекенжайы: shauhina r@mci.gov.kz.
Арыздарды қабылдаушы лауазымды адамның жұмыс кестесі: демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00 бастап 18.30 дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30 дейін.
Тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
23. Шағымдану рәсімі шағым жасау үшін ресми құжаттардың болуын көздемейді.
24. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
Қабылданған арыз Министрліктің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және арыз түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтініш беруші берілген шағымға жауапты өзі көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы алады.
25. Министрліктің интернет-ресурсында:
1) Министрлік, оның ережесі, құрылымы және басшылығы туралы ақпарат;
2) пресс-релиздер, баяндамалар, жарияланымдар, іс-шаралар жоспары туралы ақпарат;
3) байланыс, ақпарат саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ ақпараттық технологиялар туралы ақпарат;
4) Министрлік басшылығының байланыс деректері туралы ақпарат;
5) Министрліктің интернет-ресурсы арқылы министрдің, вице-министрлердің және Министрліктің жауапты хатшының қабылдауына жазылу мүмкіндігі;
6) өтіншпен, шағыммен немесе Министрліктің бірінші басшысы блогының көмегімен байланысу мүмкіндігі бар.
«Компьютер жүйелерін
бақылау-касса машиналарының
мемлекеттік тізіліміне енгізу
үшін қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша
Өтініш-сауалнама
Өтініш берушінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН _______________________
Өтініш берушінің орналасқан жері
Облысы ___________ қаласы ___________
ауданы ___________ көшесі ___________ үйі _____
КЖ атауы ______________________________________
_______________________________________________
КЖ әзірлеуші __________________________________
нұсқасы _________ КЖ жасау датасы _____________
КЖ әзірлеушінің орналасқан жері
___________ облысы ______________ қаласы
___________ ауданы __________________ көшесі ____үй
Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-ның мынадай талаптарға сәйкестігін растайды, атап айтқанда:
Нақты тіркелетін КЖ-де фискализация рәсімін сипаттау жүзеге асырылады
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________
____________________________________________________________
(Серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе деңгейінде жүзеге асырылады (ОЖ)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________
____________________________________________________________I Пайдаланушыны дерекқормен (ДК) сәйкестендіру дерекқорды басқару жүйесі (ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________
____________________________________________________________
Құпия сөзді таңдаған жағдайда, ДҚБЖ құралдарымен серверге қол жеткізу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) __________
____________________________________________________________
Құпия сөздің қолданылу мерзімі (күндер саны):
пайдаланушының (кемінде 8 белгі) ___________________________
жүйе әкімшісінің ___________________________________________
дерекқор әкімшісінің _______________________________________
Ең аз құпия сөз (символдар саны):
пайдаланушының _____________________________________________
жүйе әкімшісінің ___________________________________________
дерекқорлар әкімшісінің ____________________________________
КЖ-де құпия сөз күрделілігін тексеру (сандарды және арнайы символдарды міндетті түрде пайдалану)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
____________________________________________________________
КЖ құпия сөз ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________
КЖ бір жүйенің атымен қосымшаға екі не және одан да көп пайдаланушылардың қосылу мүмкіндігін болдырмайды
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
Қосымшаны пайдаланушылардың ДҚ-ға қосымшаның өзінен басқа құралдармен қосылуының мүмкін еместігі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына ДҚБЖ құралдарымен қол жеткізу құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына қосымша құралдарымен қол жеткізу құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
Әрбір операция пайдаланушы, датасы және уақыты бойынша сәйкестендіріледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
Әрбір операция мағыналы тізбекті бірегей нөмірмен белгіленеді
иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______________
_____________________________________________________________
КЖ: клиент-сервер, пост-терминал сәулетін білдіреді
(қажеттісінің астын сызу)
Кез келген ақпарат ДҚ-ға қосымшаның көмегімен ғана енгізіледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
Операция басталғаннан кейін ДҚ-ға енгізілген және клиенттік тараптағы ақпаратты әр түрлі құралдарымен түзетудің мүмкін еместігі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
Қате енгізілген операция «сторно» операциясын жүзеге асыру жолымен түзетіледі (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
_____________________________________________________________
Соңғы пайдаланушы өзінің орындайтын функцияларының шеңберінде ғана ДҚ иелік етуге құқылы
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________
_____________________________________________________________
Қосымша, ДҚБЖ және сервер әкімшілерінің арасында құқықтарды болу (әкімшілердің іс-қимылдарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді көрсету)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Аудиторлық журналдар әкімшілік құқықтары бар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________
_____________________________________________________________
Аудиторлық журналдар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
______________________________________________________________
Белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) тұрып қалған жағдайда, клиенттік қосымшаны ДҚ-дан ажырату (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыттық интервал)
_____________________________________________________________
ДҚ-мен жұмыс істегенде оператордың іс-қимылын уақыт бойынша шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыттық интервал)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Авторландырусыз қол жеткізуі бар есепке алу жазуларын ОЖ құралдарымен блоктау (guest, anonymosi және басқалар)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақытша интервал)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Компьютер жүйесі, электр қоректендіру және басқалары тоқтап қалған жағдайда, деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
Деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар |
Иә |
Жоқ |
Қайталаушы серверді пайдалану, «кластер» жүйесін пайдалану |
||
Серверлерде түрлі деңгейдегі (1-5) RAID кіші жүйесін қолдану |
||
Транзакциялар мен ДҚ журналдарының резервтік көшірмесін жасау |
Өзгесі (көрсетілсін) ___________________________________
________________________________________________________
ДҚ мен транзакциялар журналдарының резервтік көшірмесін жасау:
ДҚ үшін |
Транзакциялар журналы үшін |
|
резервтік көшірмелердің жасау мерзімділігі (айына/жылына/рет,) резервтік көшірмелердің саны (дана) |
||
резервтік көшірмелердің сақтау мерзімі (жыл) |
||
резервтік көшірмелерді сақтау орны (резервтік орталық/сейф ж. т. б.) |
Жүйені толық қалпына келтіру уақыты
___________________________________
Резервтік көшірмелердің ДҚ қалпына келтіру журналының болуы
(иә/жоқ) _________________
«Салық инспекторының жұмыс орны» болуы (иә/жоқ) ___________;
«Салық инспекторының жұмыс орнын» пайдалану бойынша құжаттардағы компьютерлік жүйесін фискалдау бойынша ұқсас рәсімдердің болуы (иә/жоқ)
____________________________________________________________;
«Салық инспекторының жұмыс орнында» компьютерлік жүйесінің фискалдау режимінде іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)
____________________________________________________;
Фискалдық деректерге қол жеткізу үшін криптографиялық кілттерді қалыптастырудың режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдері және стандарттары пайдалануда)__________________________________________;
Келесі фискалдық есептер үшін жұмысын аяқтаған уақытындағы деректерді сақтау кезінде ассиметриялық шифрлаудың криптографиялық функцияларын компьютерлік жүйеде іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдері және стандарттары пайдалануда)
_______________;
Фискалдық есептерді алудың режимінде іске асыру «Салық инспекторының жұмыс орны» (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________
______________________________________________ _________
өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә. қолы
М.О.
«Компьютер жүйелерін
бақылау-касса машиналарының
мемлекеттік тізіліміне енгізу
үшін қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет
стандартына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің
бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу
үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі
туралы қорытындысы
Астана қаласы 20__ж. «___» ______
1. Өтініш беруші ___________________________________________
2. Өтініш берушінің орналасқан жері:
__________________ облысы __________________________________ қаласы
__________________ ауданы ________________________ көшесі ________ үй
телефоны _____________________ факсы ________________________________
3. __________________________________________________________________
(КЖ атауы)
____________________________________________________________________,
нұсқасы _________________, жасалған күні
Әзірлеуші __________________________________________________________
Әзірлеушінің орналасқан жері:
_________________ елі ________________ облысы ______________ қаласы
__________________ ауданы ________________________ көшесі ________ үй
телефоны _____________________ факсы ________________________________
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында көзделген техникалық талаптарға сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрі ________________
(қолы)
М.О.
«Компьютер жүйелерін
бақылау-касса машиналарының
мемлекеттік тізіліміне енгізу
үшін қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет
стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткішінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні. |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.1. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |