"Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1484 Қаулысы

Қолданыстағы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 N 334 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақ Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы
арасындағы Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық
күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы
келісімді ратификациялау туралы

      Брюссельде 2010 жылғы 13 шілдеде, 12 қазанда және Астанада 21 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

      2010 жылғы 21 қазан Астана

      Солтүстік Атлантика Шарты
      Ұйымының (НАТО)
      Бас Хатшысы
      Мәртебелі Андерс Фог Расмуссен мырзаға

      Жоғары мәртебелі,
      Бүгін, 2010 жылғы 21 қазанда мыналар жазылған Сіздің нотаңызды алғанымды хабарлауды құрмет санаймын:
      «1. Мен Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің (бұдан әрі ҚЖХК деп аталатын) мандатын кейіннен ұзарта отырып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2002 жылғы 23 мамырдағы № 1413 қарарымен, 2002 жылғы 27 қарашадағы № 1444 қарарымен және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2003 жылғы 13 қазандағы № 1510 қарарымен ұзартылған Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерін құру үшін негіз болып табылатын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 1386 қарарына және ҚЖХК миссиясының өкілеттігін ұзартатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да қарарларына сілтеу жасауды құрмет санаймын.
      2. Осы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы (бұдан әрі НАТО деп аталатын) 2003 жылғы 11 тамызда ҚЖХК-ға басшылық жасауды өзіне алды. Кейіннен Солтүстік Атлант кеңесі (бұдан әрі САК деп аталатын) ҚЖХК-ны одан әрі кеңейту бойынша келісімін білдірді.
      3. Осыған байланысты бұрын болып өткен талқылаулар мен мәлімдемелерді негізге ала отырып, мен НАТО мақұлдаған және куәландырған жағдайда Қазақстан Республикасының ҚЖХК-ға контингент беру туралы ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Менің түсінігімше, Қазақстан Республикасының ниеті өзара келісу бойынша ұзартылуы мүмкін кем дегенде алты ай мерзімге ҚЖХК-ға қатысу болып табылады. Сонымен қатар, мен ҚЖХК-дағы әскери бөлімшелердің үздіксіз қызметінің маңыздылығын атап өткім келеді және егер өзге тәртіп келісілмесе, қазақстандық контингент, оларды шығару жоспарланған күнге дейін кем дегенде 3 ай бұрын ҚЖХК қолбасшылығын (бұдан әрі COMISAF деп аталатын) алдын ала хабардар етпей шығарылмайтын болады дегенге Сіздің келісіміңізді сұрағым келеді.
      4. ҚЖХК-ны құру қағидаттары, міндеттері мен жауапкершілігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларында және НАТО жедел жоспарлау құжаттарында жазылған. Менің түсінуімше, қатысуға қатысты Сіздің түпкілікті шешіміңіз Сіздің осы құжаттардың талаптарын қабылдауыңызға байланысты болады. Мен қазақстандық контингенттің операция жүргізу кезеңінде осы құжаттардың талаптарына және оларға енгізілген кез келген өзгерістерге сәйкес әрекет ететін болады дегенге Сіздің келісуіңізді сұраймын.
      5. Сіздің назарыңызды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 1386 қарарына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің оған қатысы бар кейінгі басқа да қарарларына, енгізілген өзгерістерімен Тұрақты жұмыс істейтін үкіметтік институттарды қалпына келтіргенге дейінгі Ауғанстандағы уақытша тетіктер туралы келісімге (Бонн келісімі деп аталатын), 2002 жылғы 4 қаңтардағы Әскери-техникалық келісімге және Ауғанстан аумағында болған уақыттағы ҚЖХК-ның және олардың құрамдас бөлімдерінің құқықтарына, міндеттемелеріне, басымдықтары мен иммунитеттеріне қатысты жасасылуы мүмкін басқа да келісімдерге аударамын. Мен Сіздің ұлттық контингенттің құзыретті органдарының Сіздің жеке құрамыңыз тиісті тәртіпті сақтауға кепілдік беретініне және Сіздің жеке құрамыңыз жасауы мүмкін қандай да қылмыс немесе тәртіптік бұзушылыққа қатысты сот төрелігіне жолдайтынына қажетті шараларды қабылдайтынын Сіз растайсыз деп ойлаймын.
      6. САК-пен келісілген ҚЖХК жедел жоспарларына және ҚЖХК мандатымен байланысты басқа да кейінгі жедел жоспарларға сілтеу жасай отырып, мен ҚЖХК үшін берілген ұлттық контингенттердің операция аймағына келгеннен және оларға ҚЖХК қойған міндетті орындауға дайын ретінде бағалағаннан кейін, кем дегенде, Еуропадағы НАТО Біріккен Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының (бұдан әрі SACEUR деп аталатын) жедел басқаруына берілетініне және НАТО бекіткен Қаруды қолдану ережелерінің субъектілері болатынына қатысты Сіздің келісуіңізді сұраймын. COMISAF ұлттық контингенттерді контингент қолбасшылығының ұсынымдарын ескере отырып, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес пайдаланатын болады.
      7. Осы операция үшін өзіне жалпы жауапкершілікті алатын SACEUR бұдан кейін өз кезегінде COMISAF-қа нұсқау беретін Біріккен күштер қолбасшысы ретінде «Брунссум» НАТО күштері Біріккен қолбасшылығының Қолбасшысын (бұдан әрі JFC деп аталатын) тағайындайды. SACEUR JFC қолбасшылығына күштерді жедел басқаруды береді, ол өз кезегінде бұдан әрі осы өкілеттіктерді COMISAF-қа береді. COMISAF ұлттық контингенттерге оларға белгіленген бағыныстылық тәртібі бойынша бұйрықтар береді. НАТО-ға мүше емес елдер ұлттық қолбасшылықты өз контингенттерімен сақтайды.
      8. Қазақстан Республикасы мен НАТО арасында құпия мәліметтер алмасу 1996 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы арасындағы Қауіпсіздік туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Қазақстан Республикасы операцияға қатысты саяси сипаттағы сұрақтарды НАТО Бас хатшысына жолдауы мүмкін.
      10. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Сіздің елдің ҚЖХК-ға қатысуы үшін қаржылық жауапкершілік мынадай түрде айқындалатын болады.
      10.1. Қазақстан Республикасы қазақстандық контингенттің жеке құрамын, олардың қарулары мен жабдықтарын, НATO тарапынан шығыстарсыз, өзара келісілген ротациялау кестесіне сәйкес белгіленген кету пунктінен операция аймағындағы оларды орналастыру орнына дейін және кері тасымалдау үшін жауапкершілікті көтереді.
      10.2. Қазақстан Республикасы, НАТО тарапынан шығыстарсыз, операция аймағында өз жеке құрамын тамақтандырумен, тұрумен, жанар-жағар май материалдарымен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларға негізгі қолдау көрсетуге жауапкершілікті көтереді. Осылайша, қазақстандық контингенттің өз міндеттерін орындау кезінде қолданатын жабдықтарын ұсынбайды және оған қызмет көрсетпейді.
      10.3. Қазақстан Республикасы НАТО тарапынан шығыстарсыз, өз жеке құрамына ақшалай жабдықталымды, қосымша төлемдерді, жәрдемақыларды, күнделікті шығыстарды, іссапар төлемдерін және әскери іс-қимылдар театрында орналастыру кезінде, әдетте, осындай тектегі жеке құрамға төленетін басқа да төлемдерді төлеуге жауапкершілікті көтереді.
      10.4. Қазақстан Республикасы өз жеке құрамын, НАТО тарапынан
шығыстарсыз, оның міндеттерін орындау үшін қажетті қарумен және басқа
да керек-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
      10.5. НАТО Қазақстан Республикасына ҚЖХК үшін бөлінген контингентті қамтамасыз ету бойынша шығыстарды төлемейді және өтемейді.
      10.6. НАТО-ның қандай да бір штабындағы ұлттық өкілдікке Қазақстан Республикасының есебінен төленеді.
      10.7. Контингент бөлетін НАТО елдері мен басқа да елдер бір-біріне және НАТО-ға мүше емес және контингент бөлген басқа да елдерге өздеріне жататын немесе пайдаланатын мүлікке келтірілген зиян, ҚЖХК-дағы олардың контингенттерінің жеке құрамына жасалған дене зақымданулары үшін шағымданудан бас тартады. Осы Келісімге қол қоя отырып, Қазақстан Республикасы осы міндеттемелерді қабылдайды.
      10.8. Қазақстан Республикасын қоса алғанда, контингент бөлген елдер және ҚЖХК-ның басқа да құрамдас бөліктері олардың әрекеттері және/немесе әрекетсіздіктері нәтижесінде туындаған зиян туралы зардап шеккен үшінші Тараптар ұсынған талаптар бойынша жауапты болады. Үшінші Тараптардың барлық талаптары COMISAF белгілеген рәсімдерге сәйкес қаралатын болады және зиян үшін жауапты елге шешім қабылдау үшін беріледі.
      11. Осы нотада көзделмеген кез келген мәселелер Қазақстан Республикасының жауапкершілігінде болады және НАТО-ның немесе ҚЖХК-ның кез келген басқа да ұлттық құрамдас бөліктерінің қандай да бір қаржылық міндеттемелеріне әкеп соқтырмайды.
      12. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін жазбаша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл хаттамалар Қазақстан Республикасының оларды ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын НАТО алған күнінен бастап күшіне енеді.
      13. Осы Келісім ҚЖХК мандаты кезеңіне жасалады және Тараптардың біреуі оның қолданылуын тоқтатуға өзінің ниеті туралы, тоқтату күшіне енген күніне дейін туындаған талаптарды шешуді қоспағанда, басқа Тараптың дипломатиялық каналдар арқылы тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап үш ай өткенге дейін күшінде қалады.
      14. Осы хат пен Сіздің мемлекетіңіздің жоғарыда көрсетілген шарттарға келісімін растайтын Сіздің жауабыңыз НАТО Қазақстан Республикасының осы Келісімді ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы келісімді құрайтынын ұсынуды құрмет тұтамын».
      Әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
      Қазақстан Республикасының атынан бұдан бұрынғы уағдаластықтарды, сондай-ақ Жоғары Мәртебелінің нотасы мен осы нота Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымының арасындағы Ауғанстандағы Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің қызметіне қатысу туралы келісімді құрайтынын растауды құрмет тұтамын, ол Қазақстан Республикасының осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы НАТО жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Жағдайды пайдалана отырып, Сізге деген жоғары құрметімді білдіремін.

                                              Қанат Саудабаев

      2010 жылғы 12 қазан     

      Жоғары мәртебелім
      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрі
      Қанат Саудабаевқа

      Жоғары Мәртебелі,
      1. Мен Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің (бұдан әрі ҚЖХК деп аталатын) мандатын кейіннен ұзарта отырып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2002 жылғы 23 мамырдағы № 1413 қарарымен, 2002 жылғы 27 қарашадағы № 1444 қарарымен және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2003 жылғы 13 қазандағы № 1510 қарарымен ұзартылған Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерін құру үшін негіз болып табылатын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 1386 қарарына және ҚЖХК миссиясының өкілеттігін ұзартатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да қарарларына сілтеу жасауды құрмет санаймын.
      2. Осы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы (бұдан әрі НАТО деп аталатын) 2003 жылғы 11 тамызда ҚЖХК-ға басшылық жасауды өзіне алды. Кейіннен Солтүстік Атлант кеңесі (бұдан әрі САК деп аталатын) ҚЖХК-ны одан әрі кеңейту бойынша келісімін білдірді.
      3. Осыған байланысты бұрын болып өткен талқылаулар мен мәлімдемелерді негізге ала отырып, мен НАТО мақұлдаған және куәландырған жағдайда Қазақстан Республикасының ҚЖХК-ға контингент беру туралы ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Менің түсінігімше, Қазақстан Республикасының ниеті өзара келісу бойынша ұзартылуы мүмкін кем дегенде алты ай мерзімге ҚЖХК-ға қатысу болып табылады. Сонымен қатар, мен ҚЖХК-дағы әскери бөлімшелердің үздіксіз қызметінің маңыздылығын атап өткім келеді және егер өзге тәртіп келісілмесе, қазақстандық контингент, оларды шығару жоспарланған күнге дейін кем дегенде 3 ай бұрын ҚЖХК қолбасшылығын (бұдан әрі COMІSAF деп аталатын) алдын ала хабардар етпей шығарылмайтын болады дегенге Сіздің келісіміңізді сұрағым келеді.
      4. ҚЖХК-ны құру қағидаттары, міндеттері мен жауапкершілігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларында және НАТО жедел жоспарлау құжаттарында жазылған. Менің түсінуімше, қатысуға қатысты Сіздің түпкілікті шешіміңіз Сіздің осы құжаттардың талаптарын қабылдауыңызға байланысты болады. Мен қазақстандық контингенттің операция жүргізу кезеңінде осы құжаттардың талаптарына және оларға енгізілген кез келген өзгерістерге сәйкес әрекет ететін болады дегенге Сіздің келісуіңізді сұраймын.
      5. Сіздің назарыңызды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 1386 қарарына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің оған қатысы бар кейінгі басқа да қарарларына, енгізілген өзгерістерімен Тұрақты жұмыс істейтін үкіметтік институттарды қалпына келтіргенге дейінгі Ауғанстандағы уақытша тетіктер туралы келісімге (Бонн келісімі деп аталатын), 2002 жылғы 4 қаңтардағы Әскери-техникалық келісімге және Ауғанстан аумағында болған уақыттағы ҚЖХК-ның және олардың құрамдас бөлімдерінің құқықтарына, міндеттемелеріне, басымдықтары мен иммунитеттеріне қатысты жасасылуы мүмкін басқа да келісімдерге аударамын. Мен Сіздің ұлттық контингенттің құзыретті органдарының Сіздің жеке құрамыңыз тиісті тәртіпті сақтауға кепілдік беретініне және Сіздің жеке құрамыңыз жасауы мүмкін қандай да қылмыс немесе тәртіптік бұзушылыққа қатысты сот төрелігіне жолдайтынына қажетті шараларды қабылдайтынын Сіз растайсыз деп ойлаймын.
      6. САК-пен келісілген ҚЖХК жедел жоспарларына және ҚЖХК мандатымен байланысты басқа да кейінгі жедел жоспарларға сілтеу жасай отырып, мен ҚЖХК үшін берілген ұлттық контингенттердің операция аймағына келгеннен және оларға ҚЖХК қойған міндетті орындауға дайын ретінде бағалағаннан кейін, кем дегенде, Еуропадағы НАТО Біріккен Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының (бұдан әрі SACEUR деп аталатын) жедел басқаруына берілетініне және НАТО бекіткен Қаруды қолдану ережелерінің субъектілері болатынына қатысты Сіздің келісуіңізді сұраймын. COMISAF ұлттық контингенттерді контингент қолбасшылығының ұсынымдарын ескере отырып, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес пайдаланатын болады.
      7. Осы операция үшін өзіне жалпы жауапкершілікті алатын SACEUR бұдан кейін өз кезегінде COMISAF-қа нұсқау беретін Біріккен күштер қолбасшысы ретінде «Брунссум» НАТО күштері Біріккен қолбасшылығының Қолбасшысын (бұдан әрі JFC деп аталатын) тағайындайды. SACEUR JFC қолбасшылығына күштерді жедел басқаруды береді, ол өз кезегінде бұдан әрі осы өкілеттіктерді COMISAF-қа береді. COMISAF ұлттық контингенттерге оларға белгіленген бағыныстылық тәртібі бойынша бұйрықтар береді. НАТО-ға мүше емес елдер ұлттық қолбасшылықты өз контингенттерімен сақтайды.
      8. Қазақстан Республикасы мен НАТО арасында құпия мәліметтер алмасу 1996 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы арасындағы Қауіпсіздік туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Қазақстан Республикасы операцияға қатысты саяси сипаттағы сұрақтарды НАТО Бас хатшысына жолдауы мүмкін.
      10. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Сіздің елдің ҚЖХК-ға қатысуы үшін қаржылық жауапкершілік мынадай түрде айқындалатын болады.
      10.1. Қазақстан Республикасы қазақстандық контингенттің жеке құрамын, олардың қарулары мен жабдықтарын, НАТО тарапынан шығыстарсыз, өзара келісілген ротациялау кестесіне сәйкес белгіленген кету пунктінен операция аймағындағы оларды орналастыру орнына дейін және кері тасымалдау үшін жауапкершілікті көтереді.
      10.2. Қазақстан Республикасы, НАТО тарапынан шығыстарсыз, операция аймағында өз жеке құрамын тамақтандырумен, тұрумен, жанар-жағар май материалдарымен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларға негізгі қолдау көрсетуге жауапкершілікті көтереді. Осылайша, қазақстандық контингенттің өз міндеттерін орындау кезінде қолданатын жабдықтарын ұсынбайды және оған қызмет көрсетпейді.
      10.3. Қазақстан Республикасы НАТО тарапынан шығыстарсыз, өз жеке құрамына ақшалай жабдықталымды, қосымша төлемдерді, жәрдемақыларды, күнделікті шығыстарды, іссапар төлемдерін және әскери іс-қимылдар театрында орналастыру кезінде, әдетте, осындай тектегі жеке құрамға төленетін басқа да төлемдерді төлеуге жауапкершілікті көтереді.
      10.4. Қазақстан Республикасы өз жеке құрамын, НАТО тарапынан шығыстарсыз, оның міндеттерін орындау үшін қажетті қарумен және басқа да керек-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
      10.5. НАТО Қазақстан Республикасына ҚЖХК үшін бөлінген контингентті қамтамасыз ету бойынша шығыстарды төлемейді және өтемейді.
      10.6. НАТО-ның қандай да бір штабындағы ұлттық өкілдікке Қазақстан Республикасының есебінен төленеді.
      10.7. Контингент бөлетін НАТО елдері мен басқа да елдер бір-біріне және НАТО-ға мүше емес және контингент бөлген басқа да елдерге өздеріне жататын немесе пайдаланатын мүлікке келтірілген зиян, ҚЖХК-дағы олардың контингенттерінің жеке құрамына жасалған дене зақымданулары үшін шағымданудан бас тартады. Осы Келісімге қол қоя отырып, Қазақстан Республикасы осы міндеттемелерді қабылдайды.
      10.8. Қазақстан Республикасын қоса алғанда, контингент бөлген елдер және ҚЖХК-ның басқа да құрамдас бөліктері олардың әрекеттері және/немесе әрекетсіздіктері нәтижесінде туындаған зиян туралы зардап шеккен үшінші Тараптар ұсынған талаптар бойынша жауапты болады. Үшінші Тараптардың барлық талаптары COMISAF белгілеген рәсімдерге сәйкес қаралатын болады және зиян үшін жауапты елге шешім қабылдау үшін беріледі.
      11. Осы нотада көзделмеген кез келген мәселелер Қазақстан Республикасының жауапкершілігінде болады және НАТО-ның немесе ҚЖХК-ның кез келген басқа да ұлттық құрамдас бөліктерінің қандай да бір қаржылық міндеттемелеріне әкеп соқтырмайды.
      12. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін жазбаша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл хаттамалар Қазақстан Республикасының оларды ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын НАТО алған күнінен бастап күшіне енеді.
      13. Осы Келісім ҚЖХК мандаты кезеңіне жасалады және Тараптардың біреуі оның қолданылуын тоқтатуға өзінің ниеті туралы, тоқтату күшіне енген күніне дейін туындаған талаптарды шешуді қоспағанда, басқа Тараптың дипломатиялық каналдар арқылы тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап үш ай өткенге дейін күшінде қалады.
      14. Осы хат пен Сіздің мемлекетініздің жоғарыда көрсетілген шарттарға келісімін растайтын Сіздің жауабыңыз НАТО Қазақстан Республикасының осы Келісімді ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы келісімді құрайтынын ұсынуды құрмет тұтамын.

      Құрметпен
      Андерс Фог Расмуссен