Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 44,45 гектар жер учаскелері елді мекен, орман қоры және босалқы жер санаттарынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Осы қаулыға 1-тармақта көрсетілген жер учаскелері қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Қызылорда облысының аумағында бөлімшелер салуға (жайластыруға) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі - Шекара қызметі) берілсін.
3. Шекара қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі осы қаулыға қосымшада көрсетілген тиісті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазарту жөнінде шаралар қабылдансын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республиканың
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1447 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара
қызметіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің
экспликациясы
гектар
Р/с |
Объектілердің атауы |
Жер учаскелерінің орналасқан жері |
Жалпы ауданы |
Оның ішінде |
|||||||||
Елді мекен дердің жері |
оның ішінде |
Орман қоры жерлері |
оның ішінде |
Босалқы жерлер |
оның ішінде |
||||||||
жайылым |
басқа да алқаптар |
орман көмкерген |
жайылым |
басқа да алқаптар |
жайылым |
басқа да алқаптар |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
1. |
«Қызылқұм» шекара заставасы |
Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, «Шеңгелді» елді мекені |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
- |
- |
- |
- |
||||
2. |
«Қарбай» шекара бекеті |
Қазалы ауданы |
1,0 |
- |
- |
- |
- |
1,0 |
1,0 |
||||
3. |
«Қуандария» шекара заставасы |
Қармақшы ауданы, Қуандария ауылдық округі, «Шалғасқат» елді мекені |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
- |
- |
- |
- |
||||
4. |
«Кекірелі» шекара бекеті |
Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылдық округі «Кекірелі» елді мекені |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
- |
- |
- |
- |
||||
7. |
«Тұщықұдық» шекара бекеті |
Сырдария ауданы |
3,5 |
- |
- |
- |
- |
3,5 |
2,89 |
0,61 |
|||
10. |
Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесіндегі (нөмерсіз) әскери бөлім |
Қызылорда қаласы |
9,7 |
9,7 |
9,7 |
- |
- |
- |
- |
||||
11. |
Бұрынғы «Строитель» пионер лагеріндегі далалық оку-жаттығу орталығы |
Қызылорда қаласы |
17,95 |
17,95 |
17,95 |
- |
- |
- |
- |
||||
«Қаратерең» шекара заставасы |
Арал ауданы, Қаратерең ауылдық округі |
2,5 |
2,5 |
1,825 |
0,675 |
- |
- |
- |
- |
- |
|||
«Жаңадария» шекара заставасы |
Қармақшы ауданы |
2,5 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
2,5 |
1,88 |
0,62 |
||
«Қосмаман» шекара бекеті |
Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
2,5 |
- |
- |
2,5 |
- |
1,97 |
0,53 |
- |
- |
|||
«Ұзынқұдық» шекара бекеті |
Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі |
2,5 |
- |
- |
2,5 |
1,97 |
0,53 |
- |
- |
||||
Жиыны: |
48,45 |
32,45 |
5 |
7 |