Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
      14-тармақтың үшінші абзацындағы «қаңтардан» деген сөз «шілдеден» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген Техникалық регламентке 5-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

Ресей

2008 жылдан бастап және одан кейінгі

Украина

2010 жылғы 1 шілдеден бастап және одан кейінгі

Беларусь

2008 жылдан бастап және одан кейінгі

Өзбекстан

2010 жылдан бастап және одан кейінгі

»;

      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулысында:
      2-тармақтағы «қаңтардан» деген сөз «шілдеден» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов