Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «I. Индустриялық-инновациялық даму» деген бөлімнің «1.6. Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін жедел дамыту» деген шағын бөлімінде:
      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

22

2011 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын технологиялық жаңғырту және қару-жарақ пен әскери техниканы шығаруды дамыту бағдарламасын бекіту

Үкімет қаулысы

Үкімет

2010 жылғы желтоқсан

».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев