"Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 1402 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1402 қаулысымен   
бекітілген      

«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Байланыс және
ақпарат министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс комитеті
(бұдан әрі - Комитет), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй,
«Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А 739 кабинет
мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-құқықтық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт)  www.mci.gov. kz, www.reginfo. kz интернет-ресурстарында орналастырылған, телефон: (87172) 51-81-08.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы Депозитке берілген бағдарламалық өнімдердің тізіліміне (бұдан әрі — Тізілім) Депозитке беру және ұсынылған депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлерін меншіктеп беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, тұтынушы Тізілімге енгізу үшін осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма алты жұмыс күнін құрайды;
      Депозитке беруге өтінім тиісінше ресімделмеген жағдайда тұтынушы Тізілімге енгізу үшін осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма бір жұмыс күйін құрайды;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күту үшін (рұқсат етілген ең көп уақыт) - отыз минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсету (рұқсат етілген ең көп уақыт) он бес минуттай аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау Комитеттін үй-жайында жүзеге асырылады. Үй-жай пандустармен, күту залымен жабдықталған, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар мыналарды:
      1) ақпараттық  жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған өтінімді;
      2) авторлық құқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтарын;
      3) мыналарды:
      депозитке берілетін бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерін, депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің құрастырылған модульдерін (құрауыштарын) қамтитын ақпараттық жүйелердің инсталляциялық пакетін;
      4) қажет болған жағдайда тұтынушы айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді;
      5) ақпараттық жүйенің аннотациялық немесе жарнамалық сипаттамасын;
      6) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенің ерекшелігін, сипаттамасын, сынақ бағдарламасы мен әдістемесін, мыналарды:
      депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің ерекшелігін;
      техникалық тапсырманы (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезеңдерін);
      формулярды (негізі сипаттамалары, жинақтылық және депозитке берілетін бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер);
      бағдарламалық өнімнің сипаттамасы (жұмыстың және өзара іс-қимылдың схемасы мен диаграммасын қоса алғанда, бағдарламалық өнімнің қисынды құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер);
      түсіндірме жазбаны (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнімнің алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі);
      қолданылу сипаттамасын (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі конфигурациясы туралы мәліметтер);
      орнату жөніндегі нұсқаулықты;
      әкімшінің нұсқаулығын;
      пайдаланушының нұсқаулығын;
      техникалық тапсырма бойынша талап етілетін басқа құжаттарды қамтитын пайдалану құжаттамасын;
      7) тұтынушының қалауы бойынша баска да бағдарламалық құралдар мен құжаттарды ұсынады.
      Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер және бағдарламалық кодтар екі данада (нұсқасы мен көшірмесі) компакт-дискілерде ұсынылады. нормативтік-техникалық құжаттама қағаз түрінде екі нұсқада (түпнұсқасы мен көшірмесі), сондай-ақ электронды түрде компакт-дискілерде (түпнұсқасы мен көшірмесі) екі нұсқада ұсынылады.
      Депозитарийге депозитке беру үшін ұсынылатын нормативтік-техникалық құжаттама тығыз қағаздан жасалған конверттерде (пакеттерде) алдын ала түптелген және оралған болуы тиіс. Электрондық тасығыштағы материалдар (компакт-дискілерде) ілеспе құжаттардан бөлек оралады және бір конвертке (пакетке) салынады.
      Депозитарийге депозитке беру үшін ұсынылаған нормативтік-техникалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      12. Қызметі алу үшін депозитке салуға арналған өтінімнің нысаны  www.mci.gov.kz, www.reginfo. kz интернет-ресурстарында орналастырылады.
      13. Құжаттарды қабылдауды: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс № А 781 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64, мекенжайы бойынша Комитеттің кеңсесі жүзеге асырады.
      14. Комитет кеңсесінде тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген ілеспе хатты тіркеу тұтынушының мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырғанын растайды.
      15. Депозитке салу туралы хабарлама электрондық пошта немесе курьер қызметі арқылы ресми хатпен жүзеге асырылады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын бермеу Комитеттің тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, жүктелген функциялардың орындалу заңдылығының сақталуына негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсетуінің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты № А 787 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттің лауазымды адамынан алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А 739 кабинет, телефон (87172) 74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.
      Жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-га дейін, оның ішінде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс бар.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А 739 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.
      Жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, оның ішінде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс бар.
      22-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
      23. Шағым ерікті түрде, екі данада ресімделеді, оның біреуі жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетіліп, тұтынушыға беріледі.
      24. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
      Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның екінші данасы не көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді.
      25. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mci.gov.  kz немесе www.reginfo. kz иитернет-ресурстарынан және (87172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.

«Ақпараттық жүйелерді,
бағдарламалык өнімдерді,
бағдарламалық кодтарды және
нормативтік-техникалық құжаттаманы
депозитарийге депозитке салу»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)