Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекеме» деген бөлім алынып тасталсын;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 9-жолда:
3-бағандағы «22 793» деген сандар «22 808» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «75» деген сандар «90» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Байқоңырбаланс |
15 |
»;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
21. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
85 |
»;
3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі».
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов