Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1378 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы  11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      «ҚазАгро холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
      үшінші бөлікте:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:

«Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі»,

«Джеймс Пенни            - Darwin Strategy Consulting Ltd, басқарушы
                           директоры, Лондон, тәуелсіз директор»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Бишімбаев               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қуандық Уәлиханұлы         даму және сауда вице-министрі»,

«Джорджо Понци           - «Agrotehnica S.r.l.» компаниясының
                           президенті, Италия Республикасы, тәуелсіз
                           директор».

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов