Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:
1-тармақтағы «заңды мүдделерін» деген сөздер «құқықтарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы 42-1), 42-2), 42-3), 42-4) және 42-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«42-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
42-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
42-3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
42-4) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
42-5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтармен (одақтармен) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасады;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов