"Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1369 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне берсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1369 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 222-33-6-жол алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-1-жолмен толықтырылсын:
      «222-39-1 «Түркі академиясы» КЕАҚ.
      2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-жолмен толықтырылсын:
      «22. Түркі академиясы».
      4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімдегі реттік немірі 40-1-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 59-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті
      59. «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 100 %».
      5. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламеиттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:

«

22-1.

«Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

».