Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 133 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
      7-тармақта:
      4) тармақшадағы «орталық және өңірлік» деген сөздер алынып тасталсын;
      6) тармақшадағы «орталық, өңірлік» деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақшадағы «құқығы бар» деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) жергілікті үйлестіру кеңестеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Айтаев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия
Ренат Құрметжанұлы           және сауда министрлігі
                             Индустриялық-инновациялық дамуды
                             салааралық үйлестіру
                             департаментінің директоры, хатшы

Аббас                      - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Бауыржан Аббасұлы            холдингі» акционерлік қоғамы төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Смирнов                    - «Ресей жинақ банкі» акционерлік қоғамы
Олег Евгеньевич              еншілес банкінің басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша)

Тен                        - «Сaspian Group» акционерлік қоғамының
Александр Эрикович           басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Құлсейітов                 - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік
Айдын Жеңісұлы               қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                             бойынша)

      мына:

«Жақыпов                   - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Айдар Бексұлтанұлы           холдингі» акционерлік қоғамының
                             басқарушы директоры (келісім бойынша)» 

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жақыпов                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Айдар Бексұлтанұлы           ғылым вице-министрі»;

      көрсетілген құрамнан Игорь Владимирович Цой, Әуелбек Тұрсынұлы Тоқжанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов