Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1298 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы           ақпарат министрі, төрағаның орынбасары,

Нұршабеков              - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Ризат Рахатбекұлы         ақпарат министрлігі Байланыс және
                          ақпараттандыру комитетінің төрағасы,
                          хатшы,

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы

Әбіқаев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай                    комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

      мына:

«Исекешев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы           сауда министрі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Исекешев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы           Министрінің орынбасары - Қазақстан
                          Республикасының Индустрия және жаңа
                          технологиялар министрі»;

       көрсетілген құрамнан Қ.Б. Есекеев, Ә.Е. Баймұратов, А.С. Шабдарбаев, М.А. Құл-Мұхаммед, С.М. Мыңбаев, Б.Т. Сұлтанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов