«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылордасушаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке мүліктік кешен ретінде қабылданып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің қарамағына берілсін.
2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қызылордасушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
«28. «Қызылордасушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қызылорда қаласы.»,
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов