2009 жылғы егіннің астығын экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1255 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы егіннің астығын экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 1255 қаулысымен  
бекітілген     

2009 жылғы егіннің астығын экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы 2009 жылғы егіннің астығын экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Агроөнекәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 6 қазандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес әзірленген және 2009 жылғы егіннің астығын экспорттау кезінде экспорттаушыларға көліктік шығыстардың құнын арзандатуға 2010 жылғы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 024 «2009 жылғы егіннің
астығын экспорттағанда көлік шығындарының құнын арзандату» бюджеттік
бағдарламасы бойынша бөлінген ақша қаражатын (бұдан әрі - бюджеттік
субсидиялар) төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру тәртібін
анықтайды.
      2. Бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыруды жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
      3. Бірыңғай оператор - ұлттық темір жол компаниясы белгілеген астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастыру бойынша экспорттаушыларға қызмет көрсететін заңды тұлға.
      4. Экспорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағынан астықты экспортқа сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
      5. Бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негізінде және Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен анықталған астық экспортының бағыттарын және көліктік шығыстарды арзандату көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
      6. Экспорттаушылар бюджеттік субсидияларды соңғы алушылар болып табылады.

2. Бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру тәртібі

      7. Бірыңғай оператор экспорттаушыларға көліктік экспедиция шартының негізінде көліктік экспедиция қызметтерін көрсету арқылы астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастырады.
      8. Астықты шекаралық өту станциясына және/немесе межелі станцияға (айлаққа) дейін тасымалдағаннан кейін экспорттаушы Бірыңғай операторға экспорттаушының қолымен және мөрімен куәландырылған шекаралық өту станциясының және/немесе межелі станцияның (айлақтың) күнтізбелік мөртабаны бар темір жол жүкқұжаттарының көшірмесін береді.
      9. Бірыңғай оператор осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес экспорттаушылардың құжаттарды беру фактісі бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің актілерін (бұдан әрі - Актілер) жасайды.
      10. Бірыңғай оператор Актілердің негізінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің тізілімін қалыптастырады және Актілерді қосып, оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне береді.
      11. Бірыңғай оператор бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне шот-фактураны ұсынады және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қаражатын аударуға өтінім береді.
      12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағиданың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген Бірыңғай оператор берген құжаттарды тексереді, осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастырады.
      13. Бірыңғай оператор Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне Бірыңғай оператордың бастығы мен экспорттаушының қолы қойылған осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты экспортқа тасымалдау кезінде шығындар құнының бір бөлігін өтеуді экспорттаушының растау актілерін береді.
      14. Бірыңғай оператор бюджеттік субсидияларды алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне берілген құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Қағидаға
1-қосымша

__________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау бойынша 20 ж.« » № көрсетілген қызметтер актісі

Р/с №

Жөнелту №

Вагон №

Жөнелту станциясы

Кіретін станциясы

Шығатын станциясы

Жеткізу (шекарадан өту) станциясы (айлақ)

Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы бекет мөртабаны)

Тасымалдау көлемі, тонна

Өтеу құны, теңге

1










2










3










4










5










6










7











жиыны









Экспорттаушының атауы           Бірыңғай оператордың атауы
__________________________      ______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)        (басшының қолы, Т.А.Ә.)

Қағидаға
2-қосымша

_____________________________________________
экспорттың бағыты
темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізілімі

Р/с

Экспорттаушының атауы

Тиеп жөнелту кезеңі (айлар бойынша)

Тасымалдау көлемі, тонна

1 тоннаға өтеу құны, теңге

Жалпы өтеу коды, теңге

1






2






3






4






5






6






7






8






Бірыңғай оператордың атауы   _____________________________
                                  (басшының колы, Т.А.Ә.)

Қағидаға
3-қосымша

_____________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын өтеуге өтінім

Күні 20_ жылғы________________

      Осымен Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 2009 жылға егіннің астығын экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын өтеу туралы 20__жылғы «___»_________ № ____ шартқа сәйкес республикалық бюджеттен ____ «__________________» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша _______(________________) теңге сомасындағы қаражатты субсидия алушының цифрмен және жазумен

____________________ № _____ есеп шотына аударуды сұрайды.
    банктің атауы

____________________________   __________________________________
Бірыңғай оператордың атауы   (бірінші басшының қолы және Т.А.Ә.)

      М.О.

Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
нөмірі көрсетілген банк шотының бар болуы туралы банктің анықтамасы.

Қағидаға
4-қосымша

«Бекітемін»     
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы  
министрлігінің    
жауапты хатшысы   
________________________
20__жылғы «___»_________

Нысан

Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 20__ж.«__» №_______ хаттамасына сәйкес 20_ж. «___»_______ №____ шартқа сәйкес___ «______» бюджеттік бағдарламасы бойынша_________________________________ темір жол көлігімен экспорттың бағыты астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытынды

Экспорттаушының атауы

Бірыңғай оператормен жасалған көліктік экспедиция шартының нөмірі мен күні

____________ кезеңде
___________________ экспорттың бағыты тасымалданған барлық астық, тонна, кезеңі

1 тоннаға өтеу сомасы, теңге

______
бюджеттен аударуға жататын өтеу сомасы, теңге, кезеңі

1

2

4

5

6

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
құрылымдық бөлімшесінің басшысы                 ____________________

Қағидаға
5-қосымша

экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір бөлігін өтеуді_______________ 20__ж.«__»_____№___растау актісі
экспорттаушының атауы

Р/с №

Жөнелту №

Вагон №

Жөнелту станциясы

Кіретін станциясы

Шығатын станциясы

Жеткізу (шекарадан өту) станциясы (айлақ)

Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы станцияның мөртабаны)

Тасымалдау көлемі, тонна

Тоннасына өтеу сомасы, теңге

Жалпы өтеу сомасы, теңге

1











2











3











4











5











6











7












жиыны










Экспорттаушының атауы          Бірыңғай оператордың атауы
_______________________        _____________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)         (басшының қолы, Т.А.Ә.)