Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 534 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1250 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 534 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесінде:
      «Құпия» деген реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын;
      «Барлығы» деген жолдағы «149451» деген сандар «157417» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов