Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 632-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесінде:
3 және 7-тармақтарды қоспағанда, барлық мәтін бойынша, «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе әкімдік», «немесе әкімдікке», «немесе әкімдіктің», «немесе әкімдік» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «не оның аумақтық органына» деген сөздерден кейін «не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдік)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының орталық және жергілікті атқарушы органдарын» деген сөздер «орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органның қорытындысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлік тиістілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттерін ескере отырып, көрсетілген мүлікті бекітіп беру болжанатын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - мемлекеттік заңды тұлға), сондай-ақ қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржы шығындары көрсетілуі тиіс»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесінің аталған мүлікті беру үшін нақты мемлекеттік заңды тұлғаны айқындауы Уәкілетті органның немесе әкімдіктің орындауы үшін міндетті болып табылмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Орынды болған жағдайда республикалық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді:
1) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен астам болған кезде - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен кем болған кезде - уәкілетті орган қабылдайды;
Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді әкімдік қабылдайды.»;
14-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов