Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-8-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 1249 қаулысымен    
бекітілген       

Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) декларация - импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация;
      2) өтініш - тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
      3) міндеттеме - қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметтер, тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы бойынша декларацияда корсету және оларды нысаналы пайдалану туралы міндеттеме, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама;
      4) бірдей (ұқсас) тауарлар - өздеріне тән бірдей негізгі белгілері бар тауарлар: физикалық сипаттамалары, санасы және нарықтағы репутациясы, шығарылған елі және өндірушісі;
      5) біртекті тауарлар - бірдей (ұқсас) болмаса да жақын сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын тауарлар, бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді;
      6) 7-хабарлама - Салық кодексінің 607-бабы 2 тармағының 7) тармақшасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама.
      3. Егер тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импорт мөлшерін Салық кодексінің 276-8-бабына сәйкес айқындауға болмайтын жағдайда, сондай-ақ егер өтініште және (немесе) декларацияда, міндеттемелерде көрсетілген тауарлардың құны және (немесе) салық салынатын импорт мөлшеріне ықпал ететін салық төлеуші шеккен шығыстар ақпарат көздеріндегі тауарлардың құнына, шығыстарға сәйкес келмесе, салық қызметі органы осындай ақпарат көздерін ескере отырып, салық салынатын импорт мөлшерін түзетуге құқылы.
      4. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету кезіндегі ақпарат көздері алдыңғы мәліметтер болмаған жағдайда мынадай кезектілікпен пайдаланылатын төменде аталған мәліметтер болып табылады:
      1) Беларусь Республикасының және (немесе) Ресей Федерациясының аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың бұрын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін тоқсан күннен ерте емес айқындалған құнына негізделген, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның билігінде бар бірдей (ұқсас) тауарлардың (ал олар болмаған жағдайда - біртекті тауарлар) бағалары туралы мәліметтер және (немесе) салық есептілігін талдау жолымен алынған салық қызметі органдарында бар бірдей (ұқсас) тауарлардың (ал олар болмаған жағдайда - біртекті тауарлар) бағалары туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ресми танылған нарықтық бағалар туралы ақпарат көздері;
      3) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың тауарлардың бағалары, шығыстар туралы мәліметтері;
      4) басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, ұйымдарының тауарлардың бағалары, шығыстар туралы мәліметтері;
      5. Салық төлеуші қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) сомасын кеміткен жағдайда, оның ішінде егер:
      1) тауарлар құны Салық кодексінің 276-8-бабында көзделген бағаларды айқындау қағидатын есепке алмай айқындалса;
      2) өтініште, міндеттемелерде көрсетілген тауарлар құны табыс етілген растайтын құжаттарға сәйкес келмесе;
      3) өтініште, міндеттемелерде көрсетілген тауарлар құнын айқындаған кезде тауар бірлігіне мәміле бағасының ауытқуы, тауар бағасының алынған ең аз мәнінен ауытқу фактісі анықталса. Бағаның ауытқу есебі осы Қағидаға қосымшада келтірілген;
      4) Салық кодексінің 276-8-бабы 2-тармағының 1) -  3)тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төмендету фактісі анықталса;
      5) өтініште валюта бағамы дұрыс көрсетілмесе, салық қызметі органдары кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзетуге құқылы.
      6. Тауардың орташа бағасының есебі ол бойынша салық салынатын импорт түзетілуге жататын тауарларды әкелу күніне дейін күнтізбелік бір тоқсаннан аспайтын уақыт аралығында қалыптасқан осы Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат көздерінен мынадай формула бойынша айқындалады:

Цорт = Цақыақы

      мұнда:
      Цорт - тауардың орташа бағасы;
       Цақы- осы Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат көздерінен алынған тауарлар құнының жиынтық мәні;
      ВаҚы - осы Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат көздеріне сәйкес күнтізбелік тоқсан үшін тауарлардың жалпы саны (салмағы).
      7. Осы Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат көздерінде осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген уақыт аралығы үшін қалыптасқан тауар бағасы болмаған жағдайда тауардың орташа бағасының есебі алдыңғы күнтізбелік тоқсандар үшін қалыптасқан, осы Қағиданың 4-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат көздерінен айқындалады.
      Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшері осы Қағиданың 5-тармағы 4) тармақшасының негізінде түзетілген жағдайда тауар бірлігіне мәміле бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімпұл қолданыла отырып, орташа баға негізге алып айқындалатындай есептелген импортталған тауарлар бойынша ҚҚС есептеу жүргізіледі.
      8. Мәліметтер осы Қағиданың 4-тармағы 2)4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көздерінен, сондай-ақ тәуелсіз сараптама қорытындысы (актісі) негізінде алынған жағдайда салық органдары осы Қағиданың 10-тармағын ескере отырып, салық салынатын импорт мөлшерін дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпарат негізінде түзетеді.
      9. Салық кодексінің 276-8-бабы 2-тармағының 1) -  3)тармақшаларында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттар болмаған жағдайда мұндай шығыстар тәуелсіз сараптама қорытындысы (актісі) негізінде айқындалады.
      Осы тармақтың ережелері тәуелсіз сараптама ұсынған мәліметтермен салыстырғанда көрсетілген шығыстар төмендетілген жағдайда да қолданылады.
      10. Салық салынатын импорт мөлшерін түзетуді салық қызметі органы, егер мұндай түзету қосылған құн салығын ұлғайтуға әкеп соқтыратын болса немесе алдағы уақытта әкеп соқтыруы мүмкін болса, салық төлеуші жүргізеді.
      11. Өтініш пен декларацияны қарайтын салық қызметі органы салық салынатын импорт мөлшерін түзетуді декларациямен бір мезгілде Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көзделген қағаз тасығыштағы өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні өткенге дейін де, өткеннен кейін де жүзеге асырады.
      Міндеттемелер бойынша салық міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды салық қызметі органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      12. Өтінішті және декларацияны, салық салынатын импорт мөлшерін түзету бөлігінде міндеттемелерді қарайтын салық қызметі органы өз бастамасы бойынша, салық төлеушінің тапсырмасымен немесе өтінішімен тауарлардың құны туралы қандай да бір деректерді кіргізуге, ұсынылған құжаттарға толықтырулар мен түзетулер енгізуге құқығы жоқ.
      13. Салық қызметі органдары осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салынатын импорт мөлшерін түзеткен жағдайда салық қызметі органы салық төлеушіге 7-хабарламаны жібереді.
      7-хабарламаны салық қызметі органдары сонымен қатар осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған күннен бастап, атап айтқанда Салық кодексінің 46-бабында белгіленген нормалар ескеріле отырып, жанама салықтардың төленгені туралы белгі қойылғаннан кейін он жұмыс күні өткен соң салық салынатын импорт мөлшері түзетілген жағдайда да жіберуге құқылы.
      Бұл ретте кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде салық міндеттемесінің орындалуы бойынша салықтық бақылауды және салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандарын салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      14. Салық салынатын импорт мөлшерін айқындауға негіз болған мәліметтерді растау үшін салық төлеуші мынадай құжаттарды табыс етеді:
      1) шарттар (келісімшарттар) және олардағы мәліметтер салық салынатын импорт мөлшерін айқындауға ықпал етуі мүмкін оған қосымша келісімдер;
      2) шот-фактура (инвойс) немесе шот-проформа (сатып алу-сату  мәмілелерінен ерекше мәмілелер үшін);
      3) Салық кодексінің 276-8-бабы 2-тармағында көрсетілген салық төлеуші шеккен шығыстарды растайтын құжаттар;
      4) тасымалдау үшін шот немесе көлік шығыстары шот-фактураға енгізілмеген, бірақ сатып алушы жүргізген жағдайларда көлік шығыстары туралы салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) қолдарымен, сондай-ақ мөрімен куәландырылған анықтама;
      5) сатып алушы пайдасына үшінші тұлғаларға төлемдер үшін шоттар;
      6) лицензиялық немесе авторлық шарттар (егер осы шарттарды жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе);
      7) шығарушы фирмалар бағаларының каталогтары, ерекшеліктері, прейскуранттары (прайс-парақтар);
      8) әкелінген тауарға шығарушы фирманың калькуляциясы.
      15. Осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары олардың көшірмелерімен тиісінше салыстырып тексерілгеннен кейін салық органы оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде түпнұсқаларды салық төлеушіге қайтаруға тиіс.
      Бұл ретте салық салынатын импорт мөлшерін түзету мақсатында аталған құжаттардың түпнұсқаларымен қатар, салық төлеушінің (егер салық төлеуші заңды тұлға болған жағдайда - басшының және бас бухгалтерінің (болған жағдайда) қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмаған жағдайды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған олардың көшірмелері табыс етілген болуға тиіс.
      16. Салық төлеуші осы Қағидаға сәйкес кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін дербес түзетеді.
      Бұл ретте:
      1) салық тексеруін жүргізуге нұсқамада көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қалпына келтірілген шағым беру мерзімі ескеріле отырып, салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған салық қызметі органының шешіміне шағымды беру және қарау мерзімінде - шағымдалатын салық кезеңінің тиісті салық есептілігіндегі салық салынатын импорт мөлшерін түзетуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 1249 қаулысымен  
бекітілген

      Кеден одағы шеңберінде
салық салынатын импорт
мөлшерін түзету   
қағидасына қосымша  

Баға ауытқуының есебі
(орташа квадраттық ауытқу әдісі)

      Баға ауытқуы былайша есептеледі:
      1) бағаның әрбір мәнінің тауардың орташа бағасынан ауытқуы есептеледі,

1орт)

      мұнда:
      Ц1 - бағалардың әрбір мәні;
      Цорт- тауардың орташа бағасы;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген ауытқулардың мәнінен арылу үшін квадратқа алынады

1орт)2;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген ауытқулардың квадраттары әкелінген тауарлар санына көбейтіледі

К х (Ц1орт)2

      мұнда:
      К - әкелінген тауарлар саны;
      4) әкелінген тауарлар санына көбейтілген ауытқулардың барлық
квадраттары жинақталады және - үлкен сигма белгісімен белгіленеді

= К х(Ц1орт)2;

      5) ауытқулардың орташа квадраты есептеледі

2 = /N

      мұнда:
      N - барлық әкелінген тауарлардың жалпы саны;
      2 - ауытқулардың орташа квадраты (кіші сигма);
      6) ауытқулардың орташа квадратынан квадраттық түбір шығару
жолымен бағаның ауытқуы есептеледі

      Бұл ретте 2 баға ауытқуының ең аз мәні болып табылады.

Бағалардың ауытқуларын табудың мысалы ретінде төменде келтірілген бірдей (ұқсас) тауарларға бағалар туралы мәліметтерді қарастырамыз.

Баға ауытқуы есебінің мысалы

Әкелу күні

Бастапқы деректері

Есептелген деректері

Тауар бірлігіне баға (теңге) Ц1

Тауар саны (кг)

Тауардың жалпы құны теңге

Орташадан ауытқуы
Ц1-Цорт

Ауытқу квадраты
1 - Цорт)2

Ауытқу квадраттарының жалпы мөлшері/
К х (Ц1орт)2

01.04.2010

100

10

1000

100-118=-18

324

324x10=3240

03.04.2010

115

20

2300

115-118=-3

9

9x20=180

05.05.2010

125

30

3750

125-118=7

49

49x30=1470

12.05.2010

150

12

1800

150-118=32

1024

1024x12=12288

17.05.2010

138

17

2346

138-118=20

400

400x17=6800

25.06.2010

115

25

2875

115-118=-3

9

9x25=225

27.06.2010

100

35

3500

100-118=-18

324

324x35=11340

Жиыны:

X

149

17571

X

X

35543

Цср

118






      Баға ауытқуын есептеу былайша жүргізіледі:
      1) тауардың орташа бағасы есептеледі:

Цорт= 17571/149 = 118 теңге

      2) ауытқудың орташа квадратын шығару мақсатында:
      бағаның әрбір мәнінің тауардың орташа бағасынан ауытқуын есептеу;
      ауытқудың квадратын шығару;
      ауытқу квадратын әкелінген тауарлар санына көбейту;
      ауытқудың барлық квадраттарын мынадай жиынтықтау қажет:

2 = 35543/149-238

      3) бағаның ауытқуы есептеледі:

= 238 = 15 теңге

      Алынған шама (15 теңге) тауарлардың орташа бағасы ауқымынан ауытқуды білдіреді, яғни бұл тауарлардың орташа бағасы 15 теңге шегінде ауытқиды: 103 теңгеден (баға ауытқуының ең аз мәні) 133 теңгеге (баға ауытқуының ең жоғарғы мәні) дейін. Салық қызметі органы салық салынатын импорт мөлшерін тек салық төлеуші ҚҚС сомасын төмендеткен жағдайда түзететіндіктен, төмен бағадан алынған баға ауытқуының ең аз мәні (103 теңге) осындай түзету мәні болып табылады.