Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1235 қаулысымен   
бекітілген      

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесі

      1. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген әуе көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.
      2. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген темір жол көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.
      3. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген ішкі су көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.
      4. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген теңіз көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.