Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1232 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 147 (2010.11.23 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 147 (2010.11.23 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 5-жолда:
      «997» деген сандар «999» деген сандармен ауыстырылсын;
      «шет елдердегі мекемелер» деген жолдағы «685» деген сандар «687» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов