Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ережеде:
19-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады;»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттар мәтіндерін дәйектейді, қол қояды және қабылдайды;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов