Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1198 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы) мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
      «29-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заң жобаларының мәтінінде ол жасалған күнді және қаланы (елді мекенді) көрсете отырып, Қазақстан Республикасы үшін оның міндеттілігіне келісім білдіру тәсілдеріне қарамастан, «жасалған» деген сөз қолданылады.»;
      2) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесі мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Ереже халықаралық шарттарды жасасу, орындау және денонсациялау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына таралмайды. Көрсетілген мәселелер бойынша ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізіледі.»;
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
      37-тармақта:
      екінші бөлігіндегі «Жобаны» деген сөз «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобаларын қоспағанда, жобаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.
      Әділет министрлігіне енгізілгенге дейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісіледі.
      Осы жобаларға:
      1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы алдын ала қол қойған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттардың жобалары бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттар бойынша ғылыми сараптама қорытындысы;
      3) халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары енгізілген жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар;
      4) оларды жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;
      5) оларға сілтеме болған жағдайда - халықаралық ұйымдар шешімдерінің және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған көшірмелері қоса беріледі.
      Жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен тиісті ұсыныстар жобаға түсіндірме жазбада көрсетіледі.
      Қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың түпнұсқа мәтіндерінің біріне сәйкестігін қаулы жобасын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.»;
      39-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне халықаралық шарттарға қол қою туралы Үкімет қаулыларының жобаларын:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей;
      2) Қазақстан Республикасының атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсынады.»;
      45-тармақта:
      3-1) тармақша алып тасталсын;
      50-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жобаға қоса беріледі;»;
      8) тармақша «келісу» деген сөздің алдынан қаулы жобасымен «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Президентінің қарауына заң жобалары мен Жарлықтардың жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      79-тармақта:
      4) тармақша «болжамы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарт жасасу мәселелері бойынша Президент актісінің жобасын әзірлеген кезде акт жобасына түсіндірме жазбада жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;»;
      89-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 114-1-тармақпен толықтырылсын:
      «114-1. Оған қатысты бұрын Үкіметке Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілген халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акт қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заңның жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Қағиданың 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолымен тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов