Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1189 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Алматы қаласында халықаралық (өңірлік) қаржы орталығын құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1364 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 649-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 243-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 433-құжат).
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов